153 — сурет. Мұрын куысының кілегейлі қабығы (Элленбергер жəне Траутман
бойынша) А — тыныс алу аймағы; Б — иіс сезімі аймағы
а — бірқабатты көпқатарлы кірпікшелі эпителий, б — өзіндік тақташа, в — мұрын
куысының бездері, г — одардың шығару өзектері, д — артерия, е - вена, ж - жүйке.
Мұрын қуысы кілегейлі қабығының сарғыш түсті жоғарғы жəне артқы
аймақтарында иіс сезімі мүшесі орналасады. Бұл аймақтың құрылысы иіс
сезімі мүшесі тақырыбында толық баяндалады.
Мұрын қуысының кілегейлі қабығында қорғаныс қызметін атқаратын
лимфа түйіншелері орналасады.
Аңқа (носоглотка) — nasopharynx — жұтқыншақтың ауа өтетін бөлігі.
Ол мұрын қуысын көмекеймен жалғастырады. Аңқаның кілегейлі қабығы
тыныс жолдарына тəн бірқабатты көпқатарлы кірпікшелі эпителиймен
астарланған. Эпителий қабатының астында борпылдақ дəнекер ұлпасынан
тұратын өзіндік тақташа болады. Қалған қабаттары мен қабықтары
жұтқыншақта баяндалған.
Достарыңызбен бөлісу: |