М.Өтемісов атындағы Батыс


Аскабақтар тұқымдасы (тыквенные) — Cucurbitaceae



бет18/44
Дата14.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#82636
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44
Аскабақтар тұқымдасы (тыквенные) — Cucurbitaceae
Тұқымдасқа 1 мыңдай түр (120-туыс) жатады. Жер шарының екі бөлігінде тропикалық және субтропикалық аймақтарында кең таралған өсімдіктер, қоңыржай климатты облыстарға да өтеді. Түрлерінің пайда болған орталығы болып Гималайдьщ Шығыс бөлігі, Азияның Оңтүстік-Шығысы және Оңтүстік Америка табылады. Түрлерінің басым көпшілігі өрмелеп, сиректеу үзын сабақтары арқылы жерге төселіп өсетін біржылдық өсімдіктер. Көп жағдайда пальмалардың арасыңда өседі, сабақтарының сыртыңда қатгы түктері болады. Бұл тұқымдастың өкілдеріне биколлатеральды өткізгіш шоқтары тән. Жапырақтары үлкен, қосалқы жапырақшалары болмайды, жапырақ тақталары жүрек тәрізді, саусаққалақ- шалы (пальчатолопастной) немесе саусақсалалы (пальчаторас- сеченный) тілімделген болып келеді де, сабаққа кезектесіп орналасады. Қарапайым немесе бүтақталған (тармақталған) мұртшалары түрі өзгерген жапырақтың қолтығынан кететін бүтақ болып табылады. Гүлдері актиноморфты, аталықтары біріккен жағдайда зигоморфты болып келеді. Гүлдің бөліктері 4-шеңбер түзіп орналасады, 5 мүшелі (гинецейден басқасы) әдетте дара жынысты. Жалғыздан немесе жапырақтың қолтығында аз гүлден түратын гүлшоғырын түзіп орналасады. Бір үйлі немесе екі үйлі өсімдіктер. Гүл серігі қосарланған, түп жағынан трубкаға біріккен болып келеді. Тостағаншасы 5 тісті. Күлтежапырақшасы 5-жақтаулы, қоңырау немесе доңғалақ (колесовидный) тәрізді, сиректеу күлтежапырақ- шалары бос орналасады, олардың түсі сары немесе ак болып келеді. Аталық гүлдің 5 аталығы болады, олар көптеген түрлерінде үш ағайынды андроцей түзеді (4-аталығы екеу- екеуден қосарланып бірігеді де, біреуі бос қалады). Кейде андроцейі бірағайынды болады (асқабақ туысы — Cucurbita). Тозаң кабы екі үялы, S - әріпі тәрізді иілген болып келеді. Гинепейі ценокарпты, үш жемісжапырақшадан түрады. Гүл түйіні төменгі, үш үялы, етженді болып келетін бүйірлік жатындары болады. Олар үлкен болып өседі және бір-бірімен ортаңғы бөлігі арқылы түйіседі. Бүл жағдайда гүл түйіні алты үялы көрніс бсреді. Түкым бүрі көп. Аналықтың мойны қыска, ал оның жоғарғы жағында 3-етженді аузы болады. Жемісі жидек тәрізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет