М.Өтемісов атындағы Батыс



бет14/44
Дата14.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#82636
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44
Бақылау сұрақтары:
1. Алқалар тұқымдасының таралуы
2. Алқалар тұқымдасы жемістерінің ерекшелігі
3. Тұқымдас өкілдерінің шаруашылық маңызы

11,12 дәріс


Тақырыбы: Еріндігүлдер тұқымдасы. Раушангүлділер
Алаботалар тұқымдасы. Күрделігүлділер тұқымдасы Алқа, асқабақ тұқымдастары. Шатыргүлдер, немесе сельдерейлер
Ерінгүлділер (Labiatae немесе Lamiaceae) Басым көпшілігі шөптесін және жартылай бұталар, бұталы түрлері өте сирек кездеседі. Қосалқы жапырақшалары жоқ, жай жапырақтары қарама-қарсы, сирек жағдайларда шоқталып орналасады. Жапырақ тақталарының жиектері бүтін немесе тіс тәрізді,ара тіс тәрізді. Жапырақтары төрт қырлы сабақтарының қырларына емес, оның тегіс бүйір жақтауына бекиді. Гүлдері жұп орамдар немесе үш гүлді дихазийлер түріндегі цимоздық гүлшоғырларына топтасқан. Гүлшоғырлары түрі өзгерген гүл жапырақтарының немесе кәдімгі вегетативтік жапырақтарының қойнауларына орналасады, әртүрлі тирстен тұрады. Гүлсерігі 5 мүшелі, ерінгүлділердің гүлдері үнемі дерлік зигоморфты болып келеді. Көбінесе 5 мүшелі тостағаншаның қайырылған жиектері өзара тең немесе тең емес бес тісшелі болып келеді. Кейде тостағаншасы да екі ерінді болуы мүмкін: мұндай жағдайда жоғарғы еріні үш, төменгі еріні екі тісшелі түрде болады. Кейбір жағдайларда бір тісшенің толық жетілмеуіне байланысты,тостағанша төрт тісшелі келеді. Қос ерінді,бес мүшелі күлтесінің жоғарғы еріні екі,төменгі еріні үш күлтелерден құралады. Төменгі ерін күлтерінің ортаңғысы үлкенірек болып келеді. Күлтелерінің еріндерге ыдырауы 4/1,0/5 түрінде де кездеседі. Кейде жоғары ерінді құрайтын күлте жапырақшаларының толық кірігуі нәтижесінде күлтелері дұрыс және төрт мүшелі болып көрінуі мүмкін. Андроцей бесінші мүшесінің редукциялануына байланысты көбінесе төрт мүшелі. Әдетте, жоғарғы аталықтары төмендегілерінен қысқа болып келеді.Гинецейі екі мүшелі,синкарпті. Бастапқы әр ұясында екі тұқымбүршіктері дамитын екі ұялы жоғарғы жатыны, қосымша қабырғалардың пайда болуына байланысты төрт ұялы күйге кешеді,және әрбір ұяда жалғыз тұқымбүршігі болады. Жатын қабырғаларының тұқымбүршігін айнала өсуінің нәтижесінде жатыны төрт бөлікті болып келеді.Аналық мойны жатын бөлшектері арасындағы қуысқа батыңқы орналасады. Кейбір ерінгүлділерде аналық мойны жатынның жоғарғы бөлігінде орналасуы мүмкін.Аналық мойынының жоғарғы бөлігі сирек жағдайларда ған бүтін болып келеді,көбінесе ол екі айырылған.Тозаң қабылдағыш аналық мойын тармақтарының жоғарғы бөліктерінің тек бір-біріне қараған ішкі беттерінде ғана кездеседі. Жатынның төменгі жағында жатын асты шірнеліктері орналасады. Пісіп жетілген жемістері төрт жаңғақшаға ыдырайды. Жемістері жануарлар арқылы тарайтын эндозоохорлы түрлермен қатар,эпизоохорлы түрлері де кездеседі.Бұлардың арасында тұқымдары құмырсқалар арқылы тарайтын мирмекохорлы түрлері де кездеседі.Тұқымдарында эндосперм жоқ немесе ол нашар жетілген.
Ерінгүлділер ең ірі тұқымдастардың бірі болып табылады. Негізінен тропиктік және қоңыржай аймақтардың құрғақ бөліктерінде, әсіресе Жерорта теңізі мен Орталық Азия өңірінде кең таралған. Жер бетінде бұл тұқымдастың 200 туысқа жататын 3200-ге жуық түрлері кездеседі. Қазақстанның территориясында, әсіресе таулы аймақтарында бұл тұқымдасқа жататын 45 туыс және 235-тей түрлері өседі.Солардың арасында 9 түрі өте сирек кездесетін өсімдіктер ретінде Қазақстанның «Қызыл кітабына»енгізілген. Мысал ретінде,тек Қаратау тауында ғана кездесетін Қаратау томағашөбі, түбірлі томағашөп, бөгдешөлмасақ тәрізді жалғаншандра,таралу ареалдары өте шектеулі түрлер ретінде қарастырылады. Ерінгүлділер барлық аймақтарда таралған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет