Мотивация


Өндірістік улардың жіктелуі



бет2/5
Дата24.03.2023
өлшемі158,99 Kb.
#75831
1   2   3   4   5
Өндірістік улардың жіктелуі.
  • Өндірісте қолданылатын химиялық қосылыстар атқаратын қызметіне байланысты әртүрлі жіктеулер бойынша бағаланады. Ең жиі өндірістік улар жіктеуі қолданылады:

  • - адам ағзасына әсер етуі бойынша (жалпы улылығы,
    - тітіркендіргіштігі,
    - сенсибилизирлеушілігі,
    - концерогенділігі,
    - мутогенді,
    - ұрық өрбіту қабілетіне әсер ету);
    - ағзаға кіру жолы бойынша (тыныс алу жолы арқылы,

- асқорыту жолы арқылы,
- тері жабындылары арқылы);
- қосылыстардың химиялық класы бойынша (органикалық,
- бейорганикалық,
- органоэлементарлық, т.б.);
- улылық дәрежесі бойынша (аса улы, жоғары улы,
- әлсіз улы,
- өте әлсіз улы);
- әсер ету дәрежесі бойынша (аса қауіпті заттар,
- жоғары қауіпті заттар,
- әлсіз қауіпті заттар,
- өте қауіпті заттар).
  • Өнеркәсіптік уларды токсикологиялық бағалаудың негізгі қағидалары. Өнеркәсіптік улардың жағымсыз әсерінің алдын алудағы негізгі шаралардың біріне жаңа заттар мен қосылыстарды токсикологиялық бағалау, жұмыс орындарында заттардың рұқсат етілген әсер деңгейлерін шектеу жатады.
  • Біздің елімізде өнеркәсіптерде қолданылатын барлық химиялық заттарды зертханалардазерттеп, жете бағалаудан бастап, химиялық өнімді жаппай өндіру және қолданумен аяқталатын көп сатылы токсикалогиялық бағалау жүргізіледі.

  • Егер гигиеналық стандарттар (нормативтер) дайындау мақсатында затты тереңірек токсикологиялық бағалау, оның ағзаға қауіптілігімен зиянды әсер ету сипаты туралы мәселе тұрса, онда ӘШҚД – әсер етудің шамамен алынған қауіпсіз деңгейін, содан соң шектік рұқсат етілген концентрацияларын (ШРЕК) дайындау жөнінде арнайы токсикологиялық зерттеулер жүргізіледі.
  • Жұмыс зонасы ауасындағы зиянды заттардың ШРЕК-і –бүкіл еңбек өтілі бойына, күнделікті (демалыс күндерінен басқа) 8 сағат шамасында және аптасына 40 сағаттан аспайтын уақыт жұмыс істеген кезде, жұмыс үрдісінде немесе біраз уақыт өткеннен кейінгі өміріндегі, қазіргі және келешектегі ұрпақтардың денсаулық жағдайында, бүгінгі таңдағы зерттеу әдістерімен анықталатын ауытқулар туғызбауы тиіс концентрациялары. Зиянды заттардың ШРЕК деңгейіндегі әсері сезімталдылығы жоғары адамдардың денсаулық жағдайында бұзылулар болуына кепілдік бере алмайды.
  • Биологиялық ШРЕК-і – зиянды заттардың тікелей әсер ету үрдісінде немесе әсер еткеннен біраз уақыт өткеннен кейінгі өміріндегі қазіргі және келешектегі ұрпақтардың денсаулық жағдайында бүгінгі таңдағы зерттеу әдістерімен анықталатын аурулар немесе ауытқулар тудырмайтын, жұмысшының ағзасындағы (қан, зәр, тыныс алғаннан шыққан ауа, шаш және т.б.) зиянды заттардың деңгейі немесе ағзаның ең зақымданғыш жүйесінің биологиялық жауабының деңгейі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет