Мотивация


Аралас әсерінің келесі түрлерін ажыратады



бет4/5
Дата24.03.2023
өлшемі158,99 Kb.
#75831
1   2   3   4   5
Аралас әсерінің келесі түрлерін ажыратады:
1. Аддитивті әсері – аралас әсерлерінен туындаған эффектілердің жинақталған феномені. Бұл кезде қоспалардың қосынды әсерлері әсер ететін құрамдастары әсерінің қосындысына тең болады.
2. Күшейтетін әсері (синергизм) – эффектісінің күшеюі, бұл әсері кезінде құрамдастары әсерінің жай қосындыларына қарағанда, қоспалардың қосынды әсері артық болады;
3. Антагонистік әсері - аралас әсерінің эффектісі құрамдастары әсерінің жай қосындылары кезінде күтілетін эффектісінен аздау болады.
4. Тәуелсіз әсері - аралас әсерінің эффектісі әрбір удың жеке әсерініңэффектісінен айырмашылығы болмайды. Ең уытты заттың әсері басым болады.
Токсиндік әркеттің күші мен сипатына әсер ететін шарттар.
  • Улардың әсер ету сипаты мен химиялық құрылымы органикалық қосылыстардың токсинділік әрекеті олардың құрылысы,қасиеттеріне тәуелді.
  • Көміртекті атомдардың тармақтық байланысының электролитті емес әсері белгілі. Қалыпты көміртекті қосылыстармен байланысу өзінің изомерлерімен салыстырғанда, анағұрлым жоғары токсинділік танытады. Осылайша, қалыпты пропил және бутил спирттері сәйкес изопропил және изобутилдармен салыстырғанда, күшті әсер еткіштер; сонымен қатар, пропилбензол - изопропилбензолдан, октан - изооктаннан күштірек.
  • Органикалық қосылыстардың молекуласына галогендерді енгізу әрқашан токсинділіктің жоғарлауымен, жаңа токсинді әсерлердің туындауы мен жүзеге асырылады.
  • Молекулаға нитро- (NO2), нитрозо- (N0) және амин топтарын (NH2) енгізу қосылыстардың токсинділік қасиетін бірден өзгертеді.
  • Азот және азотты қышқыл алкилэфирлерінің NO2 және N0 топтары оттегімен байланысады (этилнитрит, амилнитрит, этилнитрат, нитроглицерин). Майлы және ароматты қатардың нитрозо байланыстарындағы нитро- немесе нитрозотоптары көміртегімен байланысқан, әсіресе нитро- және аминоөндірістік ароматты көмірсутектердің токсинділігі жоғары (нитробензол, анилин, толуидиндер, ксилидиндер).

Уларға сезімталдылық пен оның түрлері.
  • Уларға деген сезімталдылықтың сан түрі бұрыннан белгілі. Сезімталдылықтың алуан түрлеріне Г. Н. Красовскийдің қан холинэстеразының активтілігі бойынша анықталған, адам мен жануарға арналған ацетофостың изотиімді мөлшері (ДЕ50) жайындағы мәліметтерге мысалдар келтіруге болады (16-кесте).

Қадағалау объектісі

Қадағалау уақыты

1 сағ

5 сағ

Адам

5

3,5

Қоян

2,7

4,4

Теңіз доңызы

6,4

6,0

Егеуқұйрық

10,0

12,5

Тышқан

24,0

28,5

Адам мен жануарға арналған ацетофостың (ДЕ50±m) изотиімді мөлшері, мг/кг 16-кесте
Кестеде адам және жануар үшін ацетофостың изитиімді мөлшері көрсетілген және олар әр жануарда әр түрлі болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет