Мұрат Мадина пмно-35 11 тақырып: М.Әлімбаев және қазақ балалар әдебиеті



бет2/2
Дата06.01.2022
өлшемі25,67 Kb.
#16123
түріРеферат
1   2
ӘДЕБИЕТ СЫНШЫСЫ

Мәскеуде Әдебиет институтында оқып білім алу Т.Әлімқұловты әдеби сынға бастады. Әрине, оған дейін де ол мақала, әдеби сын очеркін жазған.

Ертеректе Тайыр Жароковты сынаған. «Күн тіл қатты» – деп дауылдатып жазатын Тайыр Жороков – көп сын естімеген, есесіне көбірек мадақталған ақын. Тәкен інісінен сын естігенде ыссылаған. Әділдік іздеп Мұхтар Әуезовке жүгінген. Мақала дәділдігіне ден қойған ұлы жүрек ұстаз, сынның ақын, жазушыға жәрдем беруі керектігін айта келіп: сын стилінде авторды кекетіп, мұқатып жеке басына тиісу болмауы керек. Тәкен, сенде сондай жарамсыз мінез бар, депті.

Расында, Тәкеңде ондай мінез болатын. Әдеби шығарма жайында айта отырып, авторына өтіп кеткенін білмей қалатын. Мұндай мінезді Мұзафар Әлімбаев жайында жазған бір сын мақаласынан аңғарғаным бар. Әдеттегідей әдеби сында өткір жазатын ол Мұзафар ақынға «тілің тұтқыр» – деп сын айтады. Сыны орынды-ау, бірақ Тәкең сол пікірдің айналасында замандасын астарлай, ишаралай мысқылдайтынын байқайсың.

Тәкен ұлы Абайды пір тұтқан адам. Ұлы ақын өлеңдерін түгел жатқа біледі-ау, шамасы. Ұдайы іштей сиынып, сырттай сүйеніп сөйлер еді. Абай айтқан ғой – дейді ол. Абай айтпаған мәселе бар ма, тәйірі?! Әрі қарай Әлімқұлов болып әңгіме сабақтайды.

Абай жайында ертеректе бір ойлы мақала жазған ол жетпісінші жылдары қайта оралып «Жұмбақ жан» – аталатын сұлу мүсін әдемі кітапқа айналдырды. Кейін сын мақалалар жинағына «Жұмбақ жан» атын берді.

Әрине, «Жұмбақ жан» кітабы жөнінде жетпісінші жылдары бірсыпыра сын пікірлер жазылды. Біреу табиғатын түсініп жазды, біреу табиғатын түсінбей жазды. Әркімнің арына жүктедік. Біздің пайымдауымызша, «Жұмбақ жан» жанрынан бастап анықталуға, жанрынан бастап талдануға тиісті еңбек еді. Олай ете алмадық. Ұлы Абайдың қара сөздерінің жанры жөнінде әртүрлі пікір айтылды. Әлі айтылып келеді. Жанры да жұмбақ. Сол секілді «Жұмбақ жанның» да жанры – жұмбақ. Абай жұмбақ, Тәкен жұмбақ. «Жұмбақ жан» проза ма, әдеби сын ба, эссе ме? Қайсысына жатқызсаң да жарасады. Жиһандық әдебиетте осындай «винегрет» жанрлы шығармалар кездеседі. Венгер жазушысы Дюла Йиештің «Шандор Петефиі» – осындай. Бұл – бір ғана нұсқа. Әралуан нұсқа бар әлем әдебиетінде. Қазақ халқына бүйрегі бұрыңқырайтын Леонид Мартыновтың «Жел керген желкендер», «Үйлесімдік сызығы» аталатын кітаптары да осы нұсқаға ұқсас. Өзге әдебиетшілер сүйсініспен қараған «Жұмбақ жан» жөнінде абайтанушылар жарытып ештеңе айтпады. Дұрысында, алдымен үн қатуға, шешіліп сөйлеп, шын бағасын беруге тиісті кісілеріңіз солар болуға керек қой. Әлде олар еңбектегі абайтанушылар адресіне айтылған сын, мысқылды кектесе қабылдады ма екен?

«Жұмбақ жанымен» Тәкен Әлімқұлов қазақ әдебиеттану ілімінде көп ілгерілеушілік туғызды. Өлеңді көркем проза биігіне көтере талдаудың тамаша үлгісі – «Жұмбақ жан».

Ұлы Абайдан кейін зор махаббатпен қарағаны – ақын Қасым Аманжолов. Өлең шіркінге деген махаббат Тәкенді жастай отты ақын айналасына топтаған. Қасекең ізінен ілескен Тәкеннің кейбір өлеңдерін мақтаған. Қасым ақын – албырт жас үшін ақындықтың эталоны! Қасым үшін Тәкең өзі жақсы көріп, құрмет тұтқан Сәбит Мұқановтың да бетіне келген. Егерде тау тұлғалы Тайырды, білімдар Мұзафарды кекете, мұқата сынаса – Аманжоловтай неге болмайсыңдар дегені ғой. Кейінгі буын өкілі Тұрсынзада Есімжановқа мысқылдай жазған жауап мақаласы осы жолдардың авторында асыл жәдігерліктей сақтаулы. Онда да кезінде сатиралық әңгіме жазған қаламгердің мінезі аңғарылады.

«Қазақ совет әдебиеті» тарихы зерттеу томдығына автор ретінде қатысқан Тәкен Әлімқұлов «Қасым Аманжолов» тарауын жазған. Қасым ақын айналасында пір тұтар нөкерлері көп-ті. С.Мәуленов (әрі досы, әрі құдасы), Т.Ахтанов, Ғ.Қайырбеков, М.Әлімбаев, Т.Әлімқұлов, Қ.Жармағамбетов дегендей. Осы «сен тұр, мен атайын» арасынан «Айға шағылған ақ найза» дерлік Қасым ақын жайында арнайы тарау жазу – Тәкең сыбағасына айналып жатса, оның сол кездің өзінде әдеби ортада үлкен абыройға ие болғанына дәлел. Әдебиет сыншысы райында Әлімқұловтың толғанып айтар, таратып айтар қырлары мол. Қайрап салсаң қара тасқа өтер қайталанбас ақын Қасым Аманжоловтың ақындық хас тағдырын қапысыз танып, төгілдіріп айтуы, шынайы талдауы бұған айқын айғақ. Ақынның Мәскеуде жарық көрген жыр жинағына білімдар алғысөз жазуын осыған мерей ретінде қосамыз.

Ол кезде Тәкең мақаланы эпикалық тыныспен созымды жазатын. Оған дәлел осы – «Қасым Аманжолов». Кейін мақаланы ой-толғанысқа толтырып, өрмек тоқығандай әрбір сәтіне назар аударып, өзі айтқандай «ішті» етіп жазатын болды. «Қасым Аманжоловты» қайта қарағанда естелікпен толықтырды. Шамасы, кексе Тәкен жас Тәкенге обал жасаудан сақтанды-ау.

Тәкен – танылған сыншы еді. Оны кезіндегі тілмен айтқанда, одақ мойындайтын. Өйткені, сыншы мақалаларын екі тілде бірдей жаза беретін. Ұмытпасам сол кезгі қазақ әдебиетінің тамыр соғысы, тынысы жайлы «Из истории казахской литературы» әдеби шолу мақаласына Мұхтар Әуезовтің қосавтор болуға ризашылық білдіруі – Тәкендей шәкіртке деген үлкен сенім.

Т.Әлімқұлов, негізінен, поэзия сыншысы ретінде көбірек мойындалды. Өзі өлең шіркінді ерекше сүйетін ол белгілі бір ақын, әйтпесе нақты бір шығарма жайында жазғанда шығармашылық психологиясына дейін еркін еніп, мәтінді майда бөлшектеріне дейін еркін барып, жете талдайтын. Жекелеген бөлшекті типтендіріп ақын, ия жеке жинақ жайында ортақ түйін түюге өте шебер. Объектісі жайында жалпы сөйлеу – әрбір сыншының қолынан келер шара. Ал, шығарманы бөлшектей талдау – сыншының сыншысының ғана қолынан келері хақ. Жалпы сөйлеу – сыншы үшін көзүйренді жадағайлық. Сыншыға абырой әпере қоймайтын мінез. Өзі қаламын қатты сыйлайтын классик жазушы ретінде танылған Тәкең ілтипатқа алған ақын, иә жазушы шығармасын бұтарлай талдауға ерекше ден қоятын. Жалпы сөйлегенді жақтырмайтын ол шығарманың ішіне енбеген соң қаламды қор қылмау керек қой дейтін томырықтана.

Сыншы райында Т.Әлімқұлов жалпақшешейлікті жек көретін, беделге бой ұсынбайтын. Бейнелеп айтқанда «мүйізі қарағайдай» – дейтін ірі ақындардың шығармаларын бетке ала сөйлеп, қатты сынға алатынын талай көрдік. Ондайда білімдар сыншы сөзі уәжімді, пікірі де діл! Әріптес ақындар шамырқанып шамданар еді, ерін бауырына алып тулар еді. Білімдар дәлелді пікір – мойындамасқа қоя ма?! Мойындап тынар еді ақыры. Өзі де ақындығымен бірге сыншы ретінде танылған Мұзафар Әлімбайұлы айтар еді: «Тәкен маған тілің тұтқыр деді. Мен шамдану орнына қазақ фольклорын оқып, тіл үйренумен болдым. Замандасым қандай оймен сынаса өзі біледі. Мен оны әріптестің арына тапсырдым да ізденіске көштім. Сынның маған пайдасы тиді!»

Тәкеннің сыншы ретінде айналасына тигізер шарапаты – осындай!

Т.Әлімқұлов Т.Жароков, Х.Ерғалиев, Қ.Бекхожин, С.Мәуленов, Ғ.Қайырбеков, Т.Рахимов, К.Бектұрсынов поэзиясы туралы жазды. Бір байқағаным: қанаттас, қатарластарын ащырақ сынайтын ол жас ақындар әдебиет сапына келгенде ерекше қолдар еді. Қазақстан Жазушылар одағында Әдеби жыл қорытындысында поэзия жөнінде арнайы баяндама жасаған Тәкең жылдың жас өркендері – Тынышпай мен Камардинге ерекше тоқталды. Жастарды қолдады. Тіпті Камардин туралы арнайы мақала жазып, пікірін ұштап ұзамай «Лениншіл жасқа» – бізге алып келді. Міне, ұстаздық бейіл!

БІР ӨЛЕҢ ТАЛДАУ

Потебня есімді кісі ХІХ ғасырда әдебиетке «бөлшектік талдау» тәсілін енгізгені белгілі. Осы жайдың әсері болды ма, Европада, әсіресе орыс әдебиеттану ғылымында бір өлең талдау тәжірибесі орнықты. Қазақ әдебиеттану ғылымында профессор Бейсембай Кенжебаевтың ақын Ә.Абайділдановтың бір өлеңін, Т.Бердияровтың екі өлеңін талдап, мақала жазуы осы үрдісті еске түсіреді. «Лениншіл жаста» қызмет атқарған жылдары біз осы тәжірибені қайта жаңғыртып, «тірілтіп» көру мақсатында ақын, сыншыларды бір өлең талдауға шақырдық. Талдауға ұсынған өлең – жайдың тасындай жайпар ақын – Жарасқан Әбдірашевтің «Қазақ әдебиеті» газетінің 1980 жылғы 4 қаңтар күнгі санында жарық көрген «Думан жыры» – аталатын өлеңі.

Өлеңді таңдауда екі-үш түрлі себеп билік етті.

Өлең – талантты ақын туындысы болуы шарт. Жарасқан поэзиясы тасты тесіп ағатын бұлақ суы секілді. Дұрыс.

Әдебиеттегі белең алған тенденцияға соққы беруге тиіспіз. Сексенінші жылдары жалаң патетикаға берілгіш өлеңдер етек алды. Дамыған социализм – коммунизм баламасына алынып, мадақталып жатқан тұс. Ақындарды жалғандыққа бұрып, жалаң сезіммен желпілдете жыр жазуға итермелейтін фактор – осы! Өлеңді көп ауыз – дуалы ауыз арқылы ортаға алып талдағанда мақсат – қазақ поэзиясындағы жалаң патетика жамылған жалаңдыққа тосқауыл қою. Басты себеп – осы!

Объективті жайларды алға тартқанда Жарасқан мен Аянның қырбайлау жүргенін субъективтік себеп ретінде айта кетсем ағайын өкпелей қоймас.

Тәкен әдеттегідей мақаланы өте тез жазып әкелді. Мақала «Лениншіл жас» газетінің 1980 жылғы 3 қыркүйек күнгі санында «Бір өлеңді талдасақ…» – деген атпен жарияланды.

«Поэзия сынының бір ерекшелігі бар. Бұл сын өлеңнің ұзын-ырғасының жарастылығын, бүкіл фактурасын поэзияның заңымен тексереді, талдайды, дәлелдейді» – деп бастап, әдеттегідей сынауға ойысады.

Мақаланы жазу себебін: «Соңғы жылдары әдеби сын Жарасқан Әбдірашевті атағанда екі пікір айтады… Біреулер мақтаса, біреулер даттайды. Сыншылар ақыннан идеялық қате іздеуге шейін барады. Осының сыры маған таңсық еді. Ойлана келсем, Жарасқанның табысы да, «қалысы» да тәжірибесінің әл-әзір аздығында екен. Осы пікірімді бір өлеңі арқылы дәлелдегім келеді» – деп түсіндіреді.

Талдауда сыншы ақынның жекелеген сөз қолданысынан өлеңнің тұтас фактурасына дейін барады. «…Өлең тым шашыраңқы, жалпылама, жадағай. Өлеңде өрмек, өрнек жоқ. Сурет некен-саяқ кездеседі» – секілді қатқыл жолдар да бар.

Өлеңді олай емес, былай құрса қайтер еді? – деген ықтимал нұсқа ұсынуға дейін барады. Әрине, бұл – ақындықтың пайдасы. Ақын-сыншы ғана бара алатын жай.

Мақалада білімдарлық, өре бар. Өлеңді өнерге айналдыру жайлы ойлар – уәжіпті. Кейбір уытты сөздерді осы уызды ойлар сабасына түсіргендей болады.

«Әдебиетте сын көтермейтін дүние болады. Ж.Әбдірашев оның қатарына жатса, бұл мақала жазылмас та еді. Мақаланың ниеті авторды ширату. Өзіміз де кезінде талай сынға ұшырап, қорытынды жасағанбыз. Мақала бүгінгі әдеби сынның тәсіліне келе ме, оған төреші – жұртшылық» – деп түйеді сыншы.

Талантты ақын өлеңін сынауда Тәкен ойында жамандық болды деп сәуегейлік жасаудан аулақпын. Негізі – қатқылдау. Бірақ, келтірер дәлелдері иланымды. Оқып отырып еш шүбаланбайсыз.

Ойласу мақсатында жарияланған мақалаға шапшаңдық танытып ақын Мұзафар Әлімбаев үн қосты. Сыйлы ақын мақаласы ақын өлеңі мен ол жөніндегі сын мақаланы салыстыра, өз пікірлерін жарыстыра талдаудың үздік үлгісі. Онда Жарасқан өлеңін Тәкен сынынан арашалап алар сәттер, сыншы мақаласында келтірілетін кейбір пікірдің жаңсақ кетіп, қате берілгеніне дейін айтылды. Газеттің келесі санында Мұзағаң мақаласын да жарияладық.

Қазақстан Жазушылар одағының «барында» кездескенде өкпелер-ау деген Жарасқан «– Тәкен ағамыздан сын есітудің өзі бақыт» – деп кірнесіз көңілмен қарсы алды… Жайсаңым-ай!

Т.Әлімқұловтың әдеби сын мақалалары жайында көп айтуға, көлемдірек жазуға болады. Арнайы шұғылдануды қалайтын іс – алғы күннің еншісі.

Әзірге айтарымыз – ол проза сыншысы райында да бірсыпыра көрінді. Ол қай жанрда жазса, сол жанр сынына да араласты. Оның сыны – көркем шығармашылық иесінің ой-толғанысына келеді. Ол – маман, майталман сыншы еді. Бірақ кейде замандастарына «менше неге жазбайсың» – дегендей талаптар қойған болуы мүмкін.



Әрине өмірінің ақырғы жылдарында Ә.Нұрпейісов, Т.Ахтанов шығармалары жөнінде мінберден қатқылдау сөйлеп қалып жүрді. Тақаң романы жөнінде жорнал бетінде артықтау (субъективті) жазып та жіберді. «Тәке-ау, мұныңыз не?» – деген сөзді сол тұста Ш.Мұртаза айта алып еді…

Сыншы білімдарлығы – ырыс.

Сыншының ақын, иә қарасөз шебері болып келуі – тіпті ғанибет. Т.Әлімқұлов сынын осы екі қасиет биіктете, маңғаздандыра түсер еді. Оның біреуді сынап қойдым-ау деп төменшіктегенін көрген пенде жоқ. Тәкең пікір айтады. Айтқан пікірін дәлелдеп жолында құрбан болуға даяр тұрады. Тәкең сын жанрында тәкаппар!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет