Қылмыс құрамының түрлері Қылмыстардың түрлері



Дата03.12.2023
өлшемі320,88 Kb.
#134010
түріҚұрамы
Байланысты:
қылмыс құрамының түрлері

Қылмыс құрамының түрлері

Қылмыстардың түрлері

1 Қол сұғушылықтың топтық обьектісіне қарай қылмыстарды 16 топқа бөледі1


2 Қоғамға қауіптілік сипаты біртекті қылмыстарды қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай үш түрге бөледі:
Жай қылмыстар ( ҚК 96-бабының 1-бөлігі)
Сараланған немесе ауырлатылған қылмыстар(ҚК96-бабының 2-бөлігі)
Жеңілдетілген қылмыстар (ҚК 97-100- баптары)
Қылмыстың қоғамға қауіпті сипаты мен дәрежесіне қарай оларды төрт санатқа бөледі(ҚР ҚК 11 бап )
Ауырлығы онша емес қылмыстар
(ҚР ҚК 11 бап 2 тармағы )
Ауырлығыорташа қылмыстар
Ауыр қылмыстар
Аса ауыр қылмыстар

Жекелеген қылмыстық құкық бұзушылык құрамының мазмұнын терең ашу, олардың белгілерін анықтауды жеңілдету және накты істелген іс-әрекетті дұрыс саралау мақсатымен қылмыстык құкык бұзушылық құрамының түрлері нақты белгілер бойынша өзара бөлінеді.


Қылмыстық кұқық бұзушылық құрамының түрлері
іс-әрекеттің қоғамға кауіптілігінің дәрежесі
кылмыстық құқық бұзушылық
кұрамының сипатталу тәсілі
қылмыстық құқық бұзушылық құрамының құрылысы
негізгі құрам
Жауаптылықты ауырлататын құрам
Жауаптылықты жеңілдететін құрам

Негізгі қылмыстык кұкық бұзушылыктың кұрамы деп іс-әрекеттің белгілі түрі бойынша онда негізгі, тұракты белгілердің болуын айтамыз. Негізгі кылмыстық кұкық бұзушылықтың қүрамында қылмыстык кұкык бүзушылыкгы ауырлататын немесе жеңілдететін жагдайлар көрсетілмейді. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігіндегі кұрам негізгі кұрамга жатады. Онда кісі өлтірудің жай түрі гана корсетілген, ауыр немесе жеңіл түрлері айтылмаған

  • Негізгі қылмыстык кұкық бұзушылыктың кұрамы деп іс-әрекеттің белгілі түрі бойынша онда негізгі, тұракты белгілердің болуын айтамыз. Негізгі кылмыстық кұкық бұзушылықтың қүрамында қылмыстык кұкык бүзушылыкгы ауырлататын немесе жеңілдететін жагдайлар көрсетілмейді. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігіндегі кұрам негізгі кұрамга жатады. Онда кісі өлтірудің жай түрі гана корсетілген, ауыр немесе жеңіл түрлері айтылмаған
  • Егер кылмыстық құқық бұзушылықтың кұрамында осы іс-әрекеттің негізгі белгілерінен баска жауаптылықты жеңілдететін жағдайлар көрсетілсе, онда ондай қылмыс құрамын жауаптылықты жеңілдететін қылмыс күрамы деп айтамыз. Мұндай қылмыс құрамына Қылмыстык кодекстің 101-бабында көрсетілген кылмыс құрамы жатады (жан күйзелісі жагдайында болган кісі өлтіру).
  • Негізгі белгілермен бірге жауаптылыкты ауырлататын жағдайлар корсетілген қылмыс күрамы, сараланган қылмыс кұрамы (ягни, жауаптылыкты ауырлататын құрам) деп аталады. 188-баптың 2-бөлігіндегі ұрлыкты ауырлататын жагдайлар: адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, бірнеше рет т. б. жагдайлар жатады.

Қылмыстық кұкык бұзушылықтың құрамының сипатталу тәсіліне карай


Жай қылмыс құрамы
Күрделі қылмыс құрамы
Балама қылмыс құрамы
Жай құрам дегеніміз қылмыстық құкық бұзушылық кұрамының белгілерінің біркелкі
болуы, ягни оның бір ғана объектісі, бір гана объективтік жагы гана болуы. Бұған мысалы, 125-
баптың 1-бөлігінде көрсетілген адамды ұрлау жатады.
Күрделі қылмыстык құқық бұзушылық
құрамы деп қылмыстык кұкық бұзушылық кұрамы элементтерінің бірінің күрделенуін айтамыз
(объект, объективтік жагы, субъект, субъективтік жағы). Мысалы, екі объектіге бірдей кол сұғуын
(192-бап - каракшылық).
Қылмыстық кодекстің бабындагы диспозициясында көрсетілген әрекеттердің
біреуін істегендікті айтамыз. Мысалы, 297- бап есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды
заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату.

Қылмыстық кұқық бұзушылыктың кұрамының құрылысына карай


Материалдық қылмыс құрамы
Формальдық қылмыс құрамы
Келте қылмыс құрамы
Іс-әрекеттің нәтижесінен болатын зардап кылмыс кұрамында көрсетілсе, ондай кылмысты материалдық қылмыстык құкык бұзушылық құрамы деп атайды. Мұндай кылмыстық кұкык бұзушылыктың кұрамы әрекет немесе әрекетсіздік жасалған уакыттан бастап кана емес, заңда көрсетілген кылмыстың зардабы болган уакыттан бастап аякталған деп саналады. Мысалы, кызмет өкілеттігін теріс пайдаланып. киянат жасауды келтіруге
болады (361-бап).
Формалъдық қылмыстык құкық бұзушыл құрамы деп зардабы болмайтын қылмысты айтамыз. Формальдык кылмыска жататындар: пара беру (367-бап), кызмет жөніндегі жалғандык(369-бап).
Пара беру, параны кез келген нысанда берген уакыттан бастап, белгілі бір зардаптын
болуына қарамастан, аякталған қылмыстык құкық бұзушылық деп саналады. Кейде заң шығарушы қылмыстық кұкык бұзушылык аякталған уакытын алдын ала қылмысты әрекет сатысына көшіреді.Мұндай құралымда қылмыстық құкык бұзушылық құрамын келте құрам деп атаймыз. Келте қылмыстық кұқык бұзушылықтың кұрамына адамның иммун тапшылығы вирусын жұктыру қаупінде калдыру (118-бап, 1 -бөлігі) жатады. Бұл құрам бойынша заң шығарушы аяқтау уакытын оның зияндылығына байланысты оқталу сатысына көшірген. Яғни, бұл қылмыстык кұкык бұзушылық аталған адамдардың жәбірленушіге осы ауруды жұқтырған уақытынан емес, оларға осы ауруды жұқтыру қаупін туғызған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Келте кылмыстық құкық
бұзушылықтың кұрамына бандитизм де (268-бап) жатады. Бұл қылмыстық кұқык бұзушылық құрамы ұйымдастырылған уақыттан бастап-ақ біткен қылмыстық құқық бұзушылық деп есептелінеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет