Өзгерістік кезеңде осы айтылғандар үдей түседі. Қырылдаған дауыс күшейеді. Сәбилік үннің жұмыс диапазоны жіңішкереді. Балалар өте сақ және баяу түрде ән сала бастайды, тез шаршайды. Ұлдардың дауысы «сына» бастайды. Олар екі дауыста төменгі сәбилік үнмен және еркектін дауысқа жақын ән салғандай болады.
Ал қыз балалардағы өзгеріс жеңіл түрде өтеді. Қыздардың дауысы жуандап, орталық диапазонда дыбыс күшінің төмендеуімен сипатталады.
Өзгерістен кейінгі кезеңде дыбыстау аппараттарының жұмысы қалыпқа түсе бастайды. Бала өзінің жаңа дауысына үйреніп, соған бейімделе түседі. Зерттеушілердің айтуынша бұл кезде жасөспірімдер жеңіл дауыспен ән салғаны дұрыс.
Вокалды-хорлы жұмыстың енді бір маңызды бағыты – балаларды нотамен ән салуға үйрету. Осылай ән салу оқушылардың музыкалы-тыңдау (көріп отырмын – естіп отырмын - ән салып тұрмын) елестетуін қалыптастырады. Яғни көзбен көріп, құлақпен естіп, өзі ән сала отырып үш триадамен біріктіріп жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады.
Нотамен орындау екі түрлі тапсырма бар:
абсалюттік сольмизацияға негізделген нотамен ән салу;
абсалюттік сольмизацияға өту үшін релятивтік сольмизацияға
сүйеніп нотамен ән салу.
Хорлы әрекеттің психологиялық стресті, тұтықпалықты жоятын арттерапевтік әсері де бар.
Аспаптық әрекет
Жалпы білім беру мекемелерде балалардың аспаптық әрекеті қарапайым музыкалық аспаптарда ойнауы арқылы жүзеге асады. Баланың аспаптық орындаушылық әрекет – орындаушы, аспапта орындай алатынын сезуі. Алғаш рет оқушылар шулы аспаптарда орындайды да келесі кезеңі пернелі (клавишные), үрмелі аспаптарда (металлофон, ксилофон, блокфлейта,балалар күйсандығы т.б.) орындайды.
Аспапта ойнауда біреулері музыкамен шұғылданады, екіншілері – өздерінің шығармашылық қаблеттерін көрсетеді, үшіншілері – уақыт өткізу үшін келеді.
Аспаптық әрекетінің негізгі түрлері:
аспаптық үлгілерді жеке, топтасып, ұжымды түрде орындау;
үйренетін, орындалатын әндеріне, шығармаларға сүйемелдеу барысын орындау;
импровизациялау, аспаптық және вокалды-аспаптық копозицияларды орындау.
Аспаптық әрекет процесінде балалардың музыкалық есту қаблетін дамытады (дыбысбиіктілігінің, әуенділігінің, саздылығының, бояулығының, динамикалығының, үндестілігінің, полифониялығының және т.б.). Аспапта ойнау балаларды нотаны меңеруіне жағдай жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |