Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет171/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Шашақ тамырлар сабақтың түбінен таралады. Астық тұқымдас
өсімдіктер (бидай, қара бидай) шашақ тамырлар болып келеді. 
Жапырақ - өсімдіктің ең маңызды өсімді мүшесі. Жапырақта тақта, 
сағақ және кейде тілше болады. Сағағы болатын жапырақтарды сағақты
жапырақтар деп атайды (тал, қайың, терек). Кейбір өсімдіктерде сағақ
болмайды да, жапырақ сабаққа жапырақ тақтасының негізінен
орналасады. Мұндай жапырақтарды опырмалы жемесе сағақсыз жапырақ 
деп атайды (бидай, жүгері, алоэ). 
Жапырақтар үш түрлі болып шығады. Олар кезекті, қарама-қарсы, 
шоқты. 
Жапырақтың алақандарының пішіндері әртүрлі болады: жүрек тәрізді 
(жөке ағашы), бүйрек тәрізді (тай-тұяқта), ромб тәрізді (қаратал, қайыңда), 
жебе тәрізді (шырмауықта), қылқанжапырақты (қарағай, шыршада). 
Жапырақтың үстінгі және астынғы беттерін өте мөлдір, жазық 
жасушалардан тұратын жабын қорғайды. Жапырақтың астынғы жағында
көптеген тесіктер –лептесік бар. Ауа лептесіктер арқылы ішке кіреді. Ылғал 


көп болғанда жасушалар пішіні өзгеріп, тептесік ашылады да, газ алмасу 
қарқыны күшейіп, жапырақтан буланған су атмосфераға бөлінеді. 
Жапырақ жарық жеткілікті жағдайда өссе, түсі қола жасыл болады.
Жарық жеткілікті болмаса, түсі сарғыш болады. 
Сабақ - өсімдіктердің жерасты мүшелері мен жерүсті мүшелерін бір-
бірімен жалғастырып тұрады. Жапырақтар, гүлдер, жемістер сабаққа
бекиді. Тамырдың топырақтан алған қоректік заттары жапыраққа, ал
жапырақта түзілген органикалық заттар тамырына сабақ арқылы
жеткізіледі. Сабақ арқылы өсімдіктер көбейеді. 
Шөптердің сабағы жіңішке, жасыл, шырынды болатындықтан, оларды
шөптекті сабақтар, ағаштардың сабақтары жуан, қатты, мықты
болғандықтан, сиректі сабақ немесе дің деп атайды. 
Сабақ пішіні цилиндр тәрізді (жауқазын), төрт қырлы (қалақай, 
егінгүлдері), үш қырлы (қияқ), жалпақ сабақты (дала өсімдіктері) болып
келеді. 
Гүл - өсімдіктің көбею мүшесі. Гүлден жеміс пен тұқым дамиды. 
Гүлдің сыртын жасыл түсті тостағанша жапырақтар мен түрлі-түсті
күлтежапырақтар қоршап тұрады. 
Күлтесінің ішінде аталықтар мен аналық болады.Аталықтар мен
аналық - гүлдің негізгі бөлігі, олардан жемістер мен тұқымдар 
түзіледі.Әрбір аталық жіпше мен тозаңқаптан құралады. Тозаңқаптың 
ішінде тозаң жетіледі. Піскен кезде тозаңқап жарылып, одан тозаңдар
төгіледі. 
Аналық гүлдің қақ ортасында болады. Аналықтың төменгі жуандау
бөлігін түйін, одан жоғарырақ жіңішкерген жерін мойын, ең ұшын ауыз 
деп атайды. 
Гүлдеп болғаннан кейін тостағанша, күлте мен аналықтар қурап түсіп 
қалады, тек аналық түйіні ғана сақталып, ол жеміске айналады. Жемістің 
ішінде тұқым болады. 
Тұқым - өсімдіктің ұрпағы, онда болашақ өсімдіктің бастамасы және 
қорек жиналады. Тұқымның құрамында су, минералды заттар, органикалық 
(крахмал, ақуыз, май) заттар бар. 
Мысалы, бидай тұқымында крахмал мен ақуыз көп, ал жаңғақ,
күнбағыс, асқабақ тұқымында май көп. 
Тұқымның өнуіне су, жылу, жарық керек. Осылар жеткілікті болған 
кезде тұқым өнеді. 
Қарабидай, сұлы, арпа тұқымдары 0-5 градуста өне бастайды, 5-10 
градуста қаулап өседі. Қияр, жүгері, қызанақ 10-14тградуста өнеді. Пияз, 
сәбіз, шырмауық сарғалдақ тұқымдарына өте көп жарық қажет. 
Жемістер құрғақ және шырынды болады. Құрғақ жемістерге жаңғақ, 
бидай, тары, бұршақ жатады. Шырынды жемістерге: қызанақ, қияр, 
бүлдірген, алма, қара жидек жатады. 
Жеміс тұқымы - ұрпақ жалғасы. Өсімдіктер тұқым, жемісі арқылы 
үнемі көбейіп отырғандықтан, жер бетін жасыл желек жауып, ондағы 
тіршілік жалғаса береді. 


Әрбір өсімдік айналадағы орта жағдайларымен байланысты тіршілік 
етеді. Жылдың әр маусымында өсімдіктер өзгереді. Күзде күн суыта 
бастайды, жаңбыр жиілеп, күн қысқарады, Гүлді өсімдіктердің жемістері мен
тұқымдары піседі, жапырақтарының түрі өзгеріп, түсе бастайды, көптеген 
шөптесін өсімдіктердің жер бетіндегі бөліктері қурайды. Қыста өсімдіктер
демалады. Көктемде жер жылынып, қар еріп, күн ұзарады да, өсімдіктерді 
оятады: ағаштардың шырындары қозғала бастайды, жапырақ шығып, 
өсімдіктер гүлдейді, жазда өсуі мен дамуын жалғастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет