Биомасса, негізінен, өсімдіктерден құралады. Өсімдіктер жартасты тауды,
құмды аймақтарды, жасыл шалғын орманды, даланы, батпақты, егістік
жерлерді және біздің ғаламшардағы құрлық атаулыны алып жатыр.
Өсімдіктер үш топқа бөлінеді. Олар. Ағаштар, бұталар, шөп тектес
өсімдіктер. Ағаштар, бұталар орманда, бақта, саябақта өседі.Ауыл мен қала
көшелеріне қарағаш, тал, жөке, қайың, емен ағаштары сән беріп тұрады.
Шөп тектес өсімдіктер барлық жерде өседі. Олардың көбі ашық түсті әдемі
гүл ашады.
Өсімдіктердің тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі болады. Өсімдіктердің
әрбір мүшесі белгілі бір қызмет атқарады. Оларды өсімді мүшелер және
көбею мүшелері деп екі топқа бөлуге болады.
Өсімдік мүшелеріне тамыр, сабақ, жапырақ, ал көбею мүшелеріне -
гүл және жеміс, тұқым жатады.
Тамыр - өсімдіктің жерасты мүшесі. Өсімдік тамыр арқылы
топырақтан су мен қорек алады. Тамыр тарамдалып, жан-жағына кең
жайылып жататындықтан, өсімдікті топыраққа мықтап бекітіп, қанша
дауыл соқса да, құлатпай ұстап тұрады. Тамырда өсімдік ағзасына қажетті
заттар түзіледі.
Тамыр ұрықта қалыптасады. Тұқым көктеген кезде ұрық тамыры
ұзарып, негізгі тамыр пайда болады, ал одан жанама тамырлар тарайды.
Жаңбырсыз ыстық климатта өсетін өсімдіктердің көпшілігінің тамыр
жүйесі күшті дамыған. Ылғалды жағдайларда (су, батпақ) өніп-өсетін
өсімдіктердің тамыр жүйесі нашар дамиды.
Тамыр жүйесінің екі түрі болады: кіндік тамыр және шашақ тамыр.
Кіндік тамыр - сабақтың топырақ ішіне кеңіген жалғасы. Жіп тәрізді
(беде,жусаған, зығыр), ұршық тәрізді (сәбіз, қант қызылшасы, ақ-желек)
шалқан тамырлы (асхана қызылшасы, шалқан), бұтақ тамырлы (ағаштар,
бұталар) түрлері болады.
Достарыңызбен бөлісу: