Балшықтан үй салады. (Қарлығаш)
3-тапсырма. Жұптық форма. Диалог құру арқылы талдау.
Суретпен жұмыс. «Өз үйіріңді тап» ойыны.Үй және
жабайы жануарлардың
суреттерін араластырып қою. Үй жануарлары мен жабайы жануарларды екі
топқа бөлу. Біріккен жұптар қалаған
жануарды сатылай кешенді
талдайды.(Диалог. «Арқан тартыс» немесе «Телефон» ойындары арқылы
талдайды.)
Мысалы:
Үлгі:
Тақырыбы: Жылқы
1.Анықтама.
- Жылқы қандай мал?
- Жылқы – үй жануары.
- Неге?
- Себебі, жылқы – төрт түліктің бірі, адамның күтіп-баптауын
қажетсінетін жануар.
2. Тану.
- Жылқыны қалай тануға болады?
- Жылқы - малдың патшасы.
- Неге?
- Себебі, қазақ үшін
ең құнды,қасиетті мал – жылқы.
- Қандай түрлері бар?
- Оны жасына,түріне
қарай құлын,жабағы,тай,құнан,байтал,
сойтал,дөнен,қулық,бесті,бие,ат,сәурік,айғыр, деп ажыратады.
Бұрынғы ел қорғаған батырлар жылқы ішіндегі таңдаулыларын
жорға,сужорға,жүйрік,тұлпар,қазанат,сәйгүлік,наз бедеу,
дүлдүл,арғымақ
деп сипаттап,ерекше дәріппен ,бағалаған.
3.Ерекшелігі.
-Жылқының ерекшелігі қандай?
-Жылқының өті болмайды.
4.Пайдасы.
-Жылқының қандай пайдасы бар?
- Жылқы малының адам баласы үшін пайдасы өте зор.
-Неге?
- Себебі, жылқының еті жесек тағам, сүті, ішсек сусын. Терісі киім.
Мінсең көлік.
5.Қорытынды.
- Қандай қорытынды жасауға болады?
- Жылқы малын көбеюіне жағдай жасауымыз қажет.
- Өзің қалай үлес қосар едің?
- Болашақта жылқының асыл тұқымдарын көбейтуге
арналған жеке
фермамды соғамын.........
Достарыңызбен бөлісу: