Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет191/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. 


Бірінші кезең: Өткен материалдарды еске түсіру. Мақсаты: жаңа білімді 
бұрынғы біліммен байланыстыра отырып, өтілетін материалды жеңіл
ұғынықты меңгерту. Тірек тапсырма: Білім алушылардың үйге берілген 
жаңа сабаққа негіз болатын тапсырмалармен жұмыс. 
Мәтінді сатылай кешенді талдау. («Тірек сызба» ойыны арқылы ауызша 
талдатуға болады. Топтағы оқушылар тірек сызба болып тұрады, талдауды 
бірін-бірі жалғастырып айтады). 
Жұмыстары талқыланып, бір-біріне сұрақтар қояды. 
Ой қозғау 
Мақалды түсініп оқып, мағынасын түсіндіріңіздер. 
 Балапан ұяда не көрсе, 
Ұшқанда соны істейді. 
Әкең - асыл қазынаң
Аға-іні - асқар тауың. 
Ал, досың - әрі асқар тауың, 
Әрі асыл қазынаң. 
Атадан - өсиет
Анадан - қасиет. 
 Ата - балаға сыншы. 
Сұрақтар: 
1. Мақал-мәтелдерде не туралы айтылған? 
2. Қандай ой түйдіңіз? 
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ауыл - тәрбие көзі» деп аталады. 
Мақал-мәтелдердің бүгінгі тақырыбымызға қандай қатысы бар деп 
ойлайсыз? «Ауылдағы тәрбие көзі» дегенді қалай түсінесіздер? 
ІІІ. Жаңа сабақ 
Екінші кезең: Жаңа білімді меңгеру. Мақсаты: дербес тұрғыда әрекеттер 
іске асады. 
Қосымша әдебиетпен жұмыс. 
Мәтінді түсініп оқып, төменде берілген тірек сызба бойынша жұмыс жасау. 
(Мәтінді оқушылар жеке-жеке оқып шығады). 
 
Әңгіме 
Бесін кезі еді. Ас бөлмесіндегі дөңгелек үстелдің басында Асан ағай
Есен атаймен әңгіме-дүкен құрып отырған. Оқушы бала Оспан есіктен 
ентіге еніп, едіреңдеп сөйлейді: 
- Әке, Сіз маймылжың әңгіменің майын ішеді деп Есен атама күлуші 
едіңіз, енді өзіңіз ............ 
- Не айтайын деп едің балам? 
- Мен сабаққа дайындаламын, өгізді өзің суар. 


Кешінде, төргі бөлмеде оңашада ойға батып отырған Оспанға Асан ағай
күлімдеп сөзін айтты: 
- Балам, бағана кісінің көзінше кідіреңдеп мінез көрсеттің-ау! 
- Ой қойыңызшы, осы мен не істедім сонша. 
- Үлкен кісінің алдында әдеп сақта, балам. Әдептілік адам баласының 
абыройын арттырады. Адамға адыраңдамай ақырын сөйле. Әкеге
әкіреңдеп, шешеге шекіреңдеп сөйлеген бала жақсы бала емес. Кісіге 
сөйлегенде ілтипатпен, иман жүзіңді бұзбай сыйласым көрсет. 
- Құнды сөзіңіз құлағыма қонды, әке, әдепті болу - борышым. 
Сұрақтар: 
1.Әдеп сақтау деген сөзді қалай түсінесіздер? 
2.Үлкен адамның алдында әдеп сақтау дегеніміз не? 
3. Тәрбиеге байланысты қандай тыйым сөздерді білесіздер? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет