Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының


III. Жаңа білімді меңгеру. Мақсаты



Pdf көрінісі
бет62/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

III. Жаңа білімді меңгеру. Мақсаты: дербес тұрғыда әрекеттер іске асады. 
Өлеңді түсініп, тиісті дауыс ырғағымен мәнерлеп оқыңыздар. 
Үйретеді кім оған Ана тілін 
Қызғалдақтай атылған қара түрін, Сол емес пе күні-түн қарайтының, 
Ата-ананың дегендей қанатымын. Бақытына өміріңнің балайтының. 
Сен екеуің сөйлейсің басқа тілде, Інім, өзің сөйлейсің басқа тілде, 
Үйретеді кім оған ана тілін. Кім оған үйретеді Абай тілін. 
Ол да өзіңдей дегбірсіз күтті әр күнін, Үйретеді кім оған қазақ тілін, 
Ержеткен соң өмірдің құптар кұнын. Еркін құстай елім де азат бүгін. 
Басқа тілде сөйлейсің інім өзің, Жаманбыз ба сонша біз, ойлашы өзің, 
Үйретеді кім оған Мұхтар тілін. 
Шылауында кетердей боз аттының. 
Саған айтам қазақтың қара көзі, 
Басталды ғой заманның жаңа кезі. 
Үйрет оған өз тілін, ана тілін, 
Басқа тілді үйреніп алады өзі. 
Т. Молдағалиев 
1.Өлең шумақтарын жеке-жеке оқып шығады. 
2.Дауыстап кезектесіп оқиды. 
3. Түсінгендерін топта талқылайды. 
Сұрақтар: 
Өлеңде не туралы айтылған? 
Өлеңнің өзегі, идеясы қандай? 
Ақын не үшін «Үйрет оған өз тілін, ана тілін, 
Басқа тілді үйреніп алады өзі», - дейді. 
Ақынның көкейіндегі жауап іздеген сұрағы қандай деп ойлайсыздар?
Өлеңді сатылай кешенді талдау жолдарын үйренулеріне жағдай 
жасау. 
Өлеңді поэзиялық талдау үлгісі: 
1. Авторы 
2.Тақырып 
3.Жанр түрі- 
4.Идеясы
5. Шумақ  
6. Тармақ
7. Бунақ
8. Буын саны 
9. Ұйқас
10. Әдеби-теориялық ұғымдар: 
11. Түсіндірме сөздік:
12. Тәрбиелік мәні
Ұжымдық жұмыс. (үйретуші жазады, үйренуші жазады, тыңдайды, 
айтады.) (Үлгі ретінде интерактивті тақтаға жазып көрсетуге болады). 


Ескерту: Алғашқы сабақ болғандықтан өлеңді сатылай кешенді талдаудың 
төрт сатысымен таныстырылады. Жалғасы келесі сабақтарда көрініс 
табады. Дәптермен жұмыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет