1-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Үйретеді кім оған Ана тілін. Тұманбай
Молдағалиев
Сабақтың мақсаты:
а) Тәрбиелік: Топтасып өз бетінше білім алуға, бірін-бірі дамытуға,
көмектесуге және ана тілін сүюге баулу.
ә) Білімділік: Өлеңді поэзиялық талдау жолдарын үйренуге және өлеңнің
мәнін түсінуге, қорытынды жасай білуге бағыт-бағдар сілтеу.
б) Дамытушылық: Мақал-мәтел, түрлі тапсырмаларды орындау арқылы
сөйлеу тілдерінің, пікірлесу, талқылау және ойлана білу қабілеттерінің
жетілуіне жағдай жасау.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгеру.
Сабақтың технологиясы: «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы.
Оқыту формалары: Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық.
Көрнекілігі: Кесте, бағалау парағы, тірек сызба, ребус, мақал-мәтелдер.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, қазақ тілі.
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, бейне көрсетілім.
Сабақтың кезеңдері:
I.Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату.
Шаттық шеңбері.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жайнай түсті даламыз.
Қайырлы таң балалар!
Бір-біріне сәттілік тілейді.
Сабаққа бағыттау.
Ана тілім - ұраным,
Ана тілім - құралым.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр, әнім.
Суреттер бойынша үш топқа бөлінеді.
II. Жаңа білімді бұрынғы біліммен байланыстыра отырып, өтілетін
материалды жеңіл, ұғынықты меңгерулеріне жағдай жасау.
Ой қозғау.
Ребусты шешіңіздер.
,
,, ,,
БІЛІМ
(Ана тілім)
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болады деп ойлайсыздар?
- Ана тілі дегенді қалай түсінесіздер?
- Ана тілі сіздерге қаншалықты қымбат? (Білім алушылар өз ойларын
ортаға салады, талқылайды, ой толғайды).
Олай болса, бүгінгі танысатын өлеңіміз Т. Молдағалиевтың «Үйретеді кім
оған Ана тілін»,-деп аталады.
|