Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет63/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Үйретеді кім оған Ана тілін 
1.Авторы - Тұманбай Молдағалиев 20.03.1935 жылы 
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында, Жарсу
ауылында дүниеге келген. Ақын 1956 жылы 
Қазақ Ұлттық университетін бітірген. 1956-1971 
жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас 
алаш») газетінде, «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») 
журналында 
әдеби 
қызметкер, 
«Жазушы» 
баспасында редактор, 1971-1973жылдары «Балдырған» 
журналында жауапты хатшы қызметтерін атқарған.Тұңғыш 
өлеңі «Украина қызына» 1954 жыл, «Коммунизм таңы» (қазіргі 
«Жетісу») газетінде жарияланған. Тұңғыш өлеңдер жинағы
«Студент дәптері» 1957 жылы жарық көрген. 
2.Тақырып – бұл өнер туындысының іргетасы. Бұл шығарма. 
Әдеби шығарма дегеніміз – белгілі дәуірдегі қоғамдық 
шындықтың сәулесі. Өлеңнің тақырыбы – Ана тілімізді мақтан 
ету туралы. 
3.Жанр түрі – поэзия (өлең). Өлең дегеніміз – белгілі 
өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып 
келетін өрнекті сөз жүйесі. 
4.Идеясы – автор тақырып арқылы шындық өмір көріністерін
суреттегенде оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан
бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат-мүддесін, арманын 
білдіреді. Өлеңнің идеясы - өз ана тілінде сөйлеуге, оны
бағалауға үйренуге және болашаққа, жастарға деген сенім 
көзқарасы әсерлі етіп суреттелген. 
Тапсырма. Топ мүшелері кезектесіп жазғандарын ауызша талдап шығады. 
(Айтылым, тыңдалым әрекеттері жүзеге асырылады). 
IV. Жаңа материал бойынша алған білімдерін, түсінгендерін зерделеу 
Шығармашылық тапсырма. Топтық жұмыс.Мақалды жалғастырып 
жазып, мағынасын ашады. 
Мақал-мәтелдің жалғасын айту. 
1-топ:1.Тіл тәтті, ... (бауыр қатты) 
2.Тіл тас жарады, ... (тас жармаса бас жарады) 
3.Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің тілі ортақ) 
2-топ: 1. Бал тамған тілден ... (у да тамар) 
2.Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек жоқ) 
3.Тұз ... (астың дәмін келтірер) 
3-топ: 1.Ана сүті бой өсіреді, ... (ана тілі ой өсіреді) 
2.Қол шешпегенді, ... (тіл шешеді) 
3.Жақсы байқап сөйлейді, ... (жаман шайқап сөйлейді) 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет