Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет114/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   184
10.  Қабылданған  келісімді  рәсімде  және  келешектегі  өзара 

қатынастар туралы келіс. Егер жанжалда тұйыққа тірелсеңдер, 

пікірлер  келісілмеген  нүктеге  қайта  оралыңдар.  Әрбір  қол  жет-

кізілген келісімді жазып отырыңдар. 

11.  Егер  жанжал  айғайға  ұласса,  бірінші  кезекте  тыныш-

тал.  Адамдар  егер  өздерінің  пікіріне  сенімсіз  әрі  дұрыс  емес-

тігін білсе, онда тыныштықта өздерін ыңғайсыз сезінеді. Үнсіз-

дік жиі шарасыз жағдай ретінде қабылданады және басқа тарап 

бұл  жағдайда  кейде  басқа  шараны  ұсынады.  Үнсіздік  ұрыстан 

шығуға мүмкіндік береді. Кез келген жанжалда – екі тарап, егер 

біреуі  жоқ  болса,  онда  кіммен  ұрсысады?  Бірақ  мұнда  үнсіздік 

жәбірлі  болуы  керек  (келемежсіз,  табалаушылықсыз,  шақыру-

сыз және т.б.). 




286 

 

12.  Қарсы  пікір  білдірушінің  эмоциялық  жағдайын  сипат-



таудан қаш. «Неге соншама бұрқырайсың?», «Неге қатты ашу-

ланасың»  секілді  «тыныштандырушы»  сөздер  жанжалдың  да-

муын одан сайын нығайтады және күшейтеді.  

Жетекші «аралық сот» рөлінде. Өзінің басқарушылық қыз-

меті  бойынша  жетекшіге  бағынышты  бөлімдер  мен  бөлім-

шелерде,  бағынышты  қызметкерлердің  арасында  туындаған 

жанжалдық  жағдайларда  арашашы  болуға  тура  келеді.  Мұн- 

дай  жағдайларда  ол  «аралық  сот»  функциясын  атқарады.  Бұл 

функцияны  іске  асыру  бірқатар  талаптарды  орындауды  қарас-

тырады: 

−  жанжалдың мәнін білу; 

−  үлкен сабырлылық таныту

−  екі тарапқа да оң қарау, сөйлеушілерді эмоциялық қолдау, 

бұл біреуімен келісімге келуді білдіреді

−  қарсы  пікір  білдірушілерге  өз  сезімдерін  кедергісіз  білді-

руге мүмкіндік беру; 

−  ұстанымдарды  емес  (қарсыластар  ұсынып  отырған),  мүд-

делерді (олар мұны не үшін ұсынып отырғаны) ашып алу

−  олардың мүдделерінде жалпы бір нәрсені таба алу

−  жанжалды  эмоциялық  жағдайдан  рационалды  өлшемге 

ауыстыру және ұсыныстарды талдау. 

Бағынышты қызметкерлердің жанжалын басқаруда жетекші-

нің  әрекеттер  алгоритміне  әрекеттердің  келесі  кезектілігін  қо-

суға болады: 

1) Жанжалды талдау; 

−  жанжал дамуының сатысын анықтау. С.И. Самыгин және 

Л.Д.  Столяренко  (1997),  егер  жетекші  бастапқы  фазада  «жан-

жалға  кіріп  және  оны  басқарса»,  онда  ол  92  пайызға  шешіледі, 

ал егер көтерілу фазасында болса – 46 пайыз, біріншілік шыңда 

–  5  пайыздан  төмен,  бәсеңсу  фазасында  –  20  пайыз,  екіншілік 

көтерілу фазасында – 7 пайыз, екіншілік көтерілуде – 2 пайызға 

шешіледі, деп айтады

−  жанжалдың  жасырын  және  айқын  себептерін  және  же-

леуін анықтау; 

−  жанжалдың  басты  мәселелерін  шешімдер  емес  мақсаттар 

санатында анықтау; 




287 

 

−  жанжалдасушыларың  мүдделерін  анықтау.  Бастысы  –  ұс-



таным  емес,  мүдде.  Біздің  ұстанымымыз  –  бұл,  біз  мәлімдеп 

жатқан,  пікір  білдіріп  жатқан,  біздің  мәселені  шешудің  үлгісі. 

Біздің  мүддеміз  –  бұл  бізді  осы  шешімді  қабылдауға  қозғаушы 

күш. Мүдделер – бұл біздің қалауымыз бен уайымымыз, оларда 

мәселені шешудің кілті

−  қатысушылар мен туындаған мәселелерді жіктеу

−  жанжалдасушылардың жеке сапаларын есепке алу

−  жанжалдасушылардың  өзара  қатынасында  (өзара,  ұйым-

ның басқа мүшелерімен, жетекшімен т.б.) жанжалдың алдында-

ғы жағдайды есепке алу. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет