Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова


 Қазіргі кездегі басқару теориясының күйі



Pdf көрінісі
бет9/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   184
1.3  Қазіргі кездегі басқару теориясының күйі 

 

Сонымен  қазіргі  әлемдік  менеджмент  теориясы  мен  прак-

тикасында  өмір  сүріп,  өзара  іс-әрекеттесіп  жатқан  негізгі  3  ба-

ғыт  бар:  жүйелілік,  процестік  және  жағдайлық.  Тұжырымда-

малардың, мектептердің орасан көп саны бар, олар нәтижелерді 

қорыту,  синтездеу,  біріктіру  қиындығын  туғызады.  Басқару  тео-

риясын әрі қарай дамыту үшін сенімді негіз беруге мүмкіндік ту-

ғызатын тұжырымдама жағдайлық тұрғысы болып табылады. 

Жоғарыда айтылғандай, бұл бағытқа сәйкес кез келген ұйым 

–  ортамен  өзара  әсерде  болатын  ашық  жүйе,  ал  оның  ішінде 

болып  жатқанның  барлығын  және  тиімді  басқару  мазмұнын 

құраушыларды  қазіргі  менеджменттің  негізгі  ұғымы  –  бейім-

делусіз  сипаттауға  болмайды.  Басқару  теориясында  жаңа  ба-

ғыттар  мен  ағымдар,  перспективалы  ұстанымдар  пайда  болды. 

Бұлар  –  «стратегиялық  менеджмент»,  «қызметкерлерді  бас-

қару», «ұйымдастыру мәдениеті» тұжырымдамалары. Соңғы тұ-

жырымдаманы  80-жылдардағы  басқарудағы  ойдың  «теориялық 

бұзып  өтуі»  деп  есептейді.  Жұмыс  істеушілердің  барлығының 

жалпы мақсаты – бір және осы мақсатқа жету жолдарын жасауға 

тікелей  әрі  қызығушылықпен  қатысады.  Басқарудың  қуатты 

қаруы  ретінде  ұйымдастыру  мәдениеті  Жапонияда  аса  кеңінен 

қолданылуда.  Соңғы  кездері  жапондық  тәжірибемен  менедж-

мент тарихының айқын беттері тығыз байланыста. Америкалық 

менеджментті түбегейлі зерттеген жапондық мамандар, одан ең 

тиімділерін  алып,  басқарудың  өзіндік  моделін  тұрғызды.  Ме-

неджменттің батыс және жапондық тұжырымдамалары арасын-

дағы  принципті  айырмашылық  мынадай:  біріншісінде  –  түпкі-

лікті  нәтижеге,  ал  екіншісінде  –  адами  факторларға  бағдар  ба-

сым. Жапондық тұрғының негізі – өзін-өзі басқару және өзін-өзі 



21 

 

бақылау  идеялары.  Қызметкерлердің  қабілеттілігі  марапат-



талады, олардың дамуы ынталандырылады, әріптестік пен өзара 

көмекке,  ынтымақтастыққа,  корпоративтік  рухтың  қалыпта-

суына  қолдау  жасалынады.  Қызметкерлердің  моральдық  көңіл-

күйіне  үлкен  зейін  аударылады.  Адамды  жұмысқа  қабылдай 

отырып, әкімшілік оның кәсіби сапаларына ғана емес, сондай-ақ 

моральдық-этикалық сапаларына, оның ерінбей еңбектену тала-

бына  және  топтық  іс-әрекетке  үйлесу  шеберлігіне  де  қызығу-

шылық танытады [30].  

Басқару  теориясы  дамуының  қазіргі  кезеңінде  негізгі  ағым-

дарды атап көрсетуге болады, олар: 

1)  ұйымның  материалдық-техникалық  базасына  бұрынғыға 

қарағанда әлдеқайда жоғары мән беру

2) басқаруды әрі қарай демократияландыру, ұйымды басқару 

объектісінен өзін-өзі басқару субъектісіне айналдыру

3)  менеджмент  пен  бизнесті  және  ол  туғызған  басқарудың 

жаңа мәселелерін интернационалдау. 

Барлық  осы  және  басқа  да  ағымдар  басқаруға  деген  көзқа-

растардың  «тыныш  басқару  революциясы»  деп  аталатын  жаңа 

жүйесінің  қалыптасуына  алып  келді.  Оның  негізгі  сипаттары 

мыналар: 

1)  ұйымның  ішкі  факторларына  дұрыс  әсер  ету  басқару 

табысының негізі болып табылады деп есептейтін менеджмент-

тің  классикалық  мектептерінің  басқарудағы  ұтымдылығынан 

бас тарту. Басқарудың стратегиясы мен тактикасын сыртқы орта 

өзгерістеріне  бейімдеу  мәселесі  әлдеқайда  маңызды  болып 

есептелінеді; 

2)  басқаруды  жақсартатын  кез  келген  жүйенің  бірқатар 

әмбебап элементтерін анықтауға мүмкіндік беретін басқарудағы 

жүйелер теориясын қолдану

3)  басқаруға  жағдайлық  бағыт,  оның  басты  тезисі  –  кәсіп-

орынның  ішіндегі  бүкіл  ұйымдастыру  –  бұл  сыртқы  әсерлерге 

жауап; 


4) менеджменттің бүкіл қоғам және адам алдындағы (ұйым-

да  істейтін  әрбір  адамның)  әлеуметтік  жауапкершілігін  

тану. 

XX ғасырдың 90-жылдардағы басқару қағидалары: 




22 

 

–  қызметкерлерге деген босаңдық



–  жауапкершілік; 

–  ұйымды тігінен де, көлденеңінен де көктеп өтетін комму-

никациялар; 

–  қызметкерлердің  қабілеттілігін  ашуға  бағытталған  ұйым-

дастыру мәдениеті; 

–  барлық жұмыс істеушілердің үлестік қатысуы; 

–  сыртқы ортадағы өзгерістерге пара-пар реакция

–  топ жұмысына тікелей араласу

–  менеджердің  жұмысы  бойынша  барлығын  тыңдау  шебер-

лігі; 


–  бизнес этикасы; 

–  адалдық және адамдарға сену; 

–  менеджменттің іргелі негіздері: сапа, сервис, ресурстарды 

бақылау, қызметкерлерге арқа сүйеу; 

–  алдағы болашақты ұйымдастыруды көре білу

–  жеке жұмыс сапасы және оны жетілдіру. 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет