АЙТБОЛАТҰЛЫ Батырболат (19.8.1972 ж.т., Бат. Қазақстан обл. Қазталов ауд. Бостандық а.) -
ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (1995). 1995-2002 ж. Әдебиет және өнер ин-нда ғыл. қызметкер, "Қазақ
энциклопедиясы" баспасында жетекші маман, "Арыс" баспасында ғыл. редактор, "Қазақстан-1"
жеке компаниясында редактор, "Атлас-2001" баспасында бас редактор қызметтерін атқарды. Қазір
Глобус" баспа үйі директорының орынбасары. Өлеңдері "Толқыннан толқын туады" (1995) жыр
жинағына "Сорос-Қазақстан-Дебют" байқауының жүлдегерлері топтамасьна (1997), Өлеңдері
"Қазакстан жас ақындарының антологиясына" (А„ "Өлке".2000) енген.
АЙТОВ Несіпбек Тұрысбекұлы (22.9.1950 ж.т., ҚХР, Шыңжаң өлкесі Шәуешек ауд.
Теректі-Қақпатас елді мекені) -ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (1974). 1967 - 69 ж. Семей обл. Шұбартау
ауд. "Жаңа өмір" газетінде әдеби қызметкер. 1974 - 84 ж. " Балдырған" журналында бөлім
меңгерушісі, 1984 - 85 ж. "Жалын" баспасында редактор, 1985 - 94 ж. Қазақстан Жазушылар
одағында әдеби кеңесші, 1995 - 96 ж. "Ақын" қауымдастығының директоры, 1997 - 2001 ж. "Қазақ
әдебиеті" газетінде сын бөлімінің, "Жұлдыз" журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі
қызметтерін атқарған. 2001 ж-дан бері Еуразия ұлттық ун-тінде аға ғыл. қызметкер. Алғашқы
"Балалық" деген өлеңі 1965 ж. Шұбартау ауд. "Жаңа өмір" газетінде, алғашқы топтамасы 1972 ж.
"Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінде, тұңғыш жинағы "Қозы көш" 1974 ж. жарық
көрді."Жүректегі жаңғырықтар", "Әке туралы сыр" (1977), "Жаңбыр әні" (1982), "Түнде ұшқан
тырналар" (1986), "Рухымның падишасы"," Мұқағали-Желтоқсан"," Бәйтерек", балаларға арналған
"Бала-бақшаға барар жолда", "Желкілдеп өскен құрақтай" (1980), "Күміс күйме" (1984),
"Қартаймайды күн неге?"(1990)т.б, өлеңдері мен поэмалар жинақтары басылып шықты. Түрік
ақыны Жүніс Эміренің, қытай ақыны Бо Цызюдың, француз ақыны Дж.Родаридің, сондай-ақ
орыс ақындары М.Исаковскийдің, А.Бартоның, С.В. Михалковтың, С.А. Баруздиннің,
В.Берестовтың балаларға арналған жекелеген таңдаулы өлеңдерін, Ә.Науаидің "Ескендір қорғаны"
(1989) дастанын, "Игорь жасағы туралы жырды" (1990) қазақ тіліне аударған. Ақынның
"Серебрянный сундучок" өлеңдер жинағы орыс тілінде жарық көрді (1988). "Бас сүйектері" (1976),
"Жасынның сынығы"(1977), "Найзағай"(1978), "Жүректегі жаңғырықтар" (1979) поэмалары кезінде
респ. байқаулардың жүлделерін, " Мұхтар мен Абыз" толғауы М.Әуезов 100 жылдығына арналған
мүшәйраның бас жүлдесін алған. "Мұқағали-Желтоқсан", "Бәйтерек" поэмалары оқырмандар
тарапынан жоғары бағаланды. Қазақстан Жазушылар одағының М.Мақатаев және Жамбыл
атынд. сыйлықтарының лауреаты.
АЙТУАР Үсенұлы (1780, Атырау обл. Махамбет ауд. Зауральный мекені - 1854. сонда) - би.
шешен. Баймағамбет сұлтанның бас кеңесшілерінің бірі болған. Ел аузында " Айтуар айтқан екен"
дейтін шешендік сөздер аз емес. Әсіресе, Дәулетқали төре мен шеркеш Тұрлан батыр арасындағы
қақтығысты шешудегі төрелік, билік сөзі халық жадында сақталған.
АЙТУҒАН Тайұлы (19 ғ-дың басы. Маңғыстаудағы Жыңғылды мекені - 19 ғ-дың аяқ шенінде
қайтыс болған) - жыршы, жырау. Толғауларының халық жадында сақталғандары: "Терме", "Өсиет
өлең", "Шөнекеге", "Өнерлі жігіттерге", "Ақжан байға", т.б. 97 жасында қайтыс болған.
АЙТХОЖА Марфуға (25.8.1936жт., ҚХР, Шыңжаң өлкесі. Құлжа қ.) - ақын. Құлжадағы қыздар
гимназиясын (1956). ҚазҰУ-ды (1965), Мәскеудегі Жоғары әдеби курсты (1971) бітірген. 1961 -
69 ж. "Қазақ әдебиеті", "Қазақстан мұғалімі" газеттерінде әдеби қызметкер болып қызмет істеген.
1969 жылдан шығармашылық қызметте. Алғашқы өлеңдер жинағы "Балқұрақ" деген атпен 1962 ж.
жарияланды. араб, парсы, қытай, неміс, француз, ағылшын, болгар, поляк, венгр, чех, т.б, тілдерге
аударылған. Әлем әдебиетінен ұйғыр классигі Біләл Назымның, вьетнам ақыны Те Лан Виннің,
Зульфияның, В.Хинковтың, болгар ақыны Н.Вавцаровтың, Н.Хикметтің туындыларын, бірқатар
моңғол, орыс, араб, қырғыз, татар, башқұрт, венгр, украин, т.б. ақындарының өлеңдерін қазақ
тіліне аударған. "Құрмет белгісі" (1986), "Парасат" (1998), "Достық" ордендерімен марапатталған.
ҚР Мемл. сыйл. лауреаты (2002).
АЙТЫС - ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып
салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. А. түркі елдерінде көне дәуірден белгілі.
М.Қашқаридің "Диуани-лұғат ат-түрк" атты еңбегінде "Жаз бен Қыстың айтысы", Иасауидің
"Диуани хикметіндегі" "Жұмақ пен Дозақтың айтысы" бұл жанрдың ғасырлар қойнауына жол
тартатынын аңғартады. Түркі халықтары арасындағы А. өнері қазақтар мен қырғыздар арасында
жақсы дамыған, түріктер арасында да А-тың кейбір сақталған нышандары бар. Қазақ айтыстары
жанрлық сипаты жағынан түре айтыс және сүре айтыс болып екіге бөлінеді. Алғашқысына
бір-бір ауыз өлеңмен қайырылатын айтыстар жатса ("Жар-жар", "Бәдік"), екіншісіне келелі, кесек
ақындар айтысы енеді (Ақсұлу мен Кеншімбай, Әсет пен Ырысжан, Сүйінбай мен Қатаған,
Достарыңызбен бөлісу: |