Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет35/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   677
"АЙСАНЫҢ ҰЛЫ АХМЕТ" - батырлық жыр. "Қырымның қырық батыры" топтамасына енеді. 
1942 ж. Алматыда Мұрын жыраудың айтуынан, немересі Дәуітбай Мұрынов жазып алып, Орт. ғыл. 
кітапхана  қорына  тапсырған.  Жырда  Айса  батырдың  ұлы  Ахметтің  сыртқы  жауға  қарсы  ерлік 
істері  баяндалады.  Ахметпен  бірге  қалмақтарды  жеңуге  Асан  Қайғының  ұлы  Абат  батыр,  Ер 
Тарғын,  Қарға  бойлы  Қазтуған,  т.б.  батырлар  қатысады.  Жырдың  негізгі  идеясы  Ноғайлы 
хандығынан бөлініп кетпеуге шақыру,  татулыққа,  билікке үндеу.  Мұрын  жырау  айтып  берген 
бұл  нұсқа  мәтіні  толық,  7-8  буынды  жыр  үлгісіне  қүрылған.  Жыр  "Қазақ  халық  әдебиеті" 
көптомдығының "Батырлар жырына" арналған 12-томында (1990) алғаш рет жарық көрді. 
 
АЙСАРИН Әбдірахман Көшерұлы (1898. бұрынғы Ақмола обл. Петропавл уезі Аққұсақ болысы. 
Шоға а. - 1938) - жазушы, публицист. 1916 - 18 ж. Троицк қ-ндағы "Уазифа" медресесінде оқып, ол 
жабылып қалған соң, ауыл мұғалімдерінің курсын бітірген (1919). 1919 - 21 ж. Орынборда шыққан 
"Ұшқын", "Еңбек туы" газеттерінде әдеби қызметкер. 1921- 22 ж. Ә.Жанкелдиннің басқаруымен 
Орынбордан Семейге дейін Қазақстанның солт. облыстарын түгел аралаған "Қызыл    керуеннің" 
хатшысы, 1922 - 23 ж. Семей губ. комсомол к-тінде. 1923 - 26 ж. Петропавл уездік халық сотында 
қызметкер. 1926 - 32 ж. "Бостандық туы", "Кеңес ауылы", "Еңбекші қазақ" газеттерінде журналист 
болып  жұмыс  істеген.  1932  -  37  ж.  Қазақстан  Жазушылар  одағының  Петропавл  бөлімшесін 
басқарды.  1938  ж.  қуғын-сүргіннің  құрбаны  болды.  А.  1919  жылдан  шығарм-пен  айналыса 
бастайды. Қазақ ауылының тыныс-тіршілігін бейнелейтін "Болсаң, Болаттай бол", "Мәжен", "Той 
тарқар",  "Бәсекелестер  жиыны",  "Жол  айрығы",  "Айжанның  азабы"  (1924),  "Мырзалар"  (1927), 
"Жүрек  жұмбағы"  (1928),  т.б.  әңгімелері.  "Көн  құрысса,қалпына  барады",  "Алма  өз  түбінен 
аулаққа түспейді" (1927 - 28) атты повестері жарық көрген.   
 
АЙСАРОВ Юсуп (27.5.1927. Алматы обл. Ұйғыр ауд.  - 25.5.1999, сонда) -  жазушы.  Үрімжідегі 
мұғалімдер  ин-тын  бітірген  (1952).  Ұзақ  жылдар  Құлжа  қ-нда  мұғалім.  Үрімжі  ағарту 
департаментінде редактор, обл. оқу бөлімінде. ауд., обл. газеттерде жауапты қызметтер атқарған. 
"Аяқталмаған ән", "Жауынгер", "Олар қайтадан кездесті", "12 жылға созылған үрей", т.б. прозалық 
кітаптардың авторы. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет