Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет44/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   677
"АҚБАЛА МЕН БОЗДАҚ" - көне салт айтысы. Он бір буынды қара өлең үлгісімен айтылатын 
айтыс, бірін-бірі сүйген екі жас Ақбала мен Боздақтың жауаптасуынан тұрады. Айтыс мазмұны екі 
ғашықтың  бас  қосқанын  біліп  қойған  қыз  әкесінің  "қызымды  бермеймін"  деп  үдере  көшуінен 
басталады. Олар алыс көшіп кеткен соң. Боздақты әкесінің сілтеуімен қызды іздеп шығады. Жігіт 
Ақбаланың еліне келсе,  ол қайтыс болыпты.  Ақбаланың  аруағымен  сөйлесіп,  бірге  өлмек  болған 
уәделері  бойынша  жігіт  өзіне  пышақ  салып,  ғашығының  қасында  көз  жұмады.  Айтыс  "Түркі 
халықтары әдебиетінің нұсқаларында" (11 том. С.-Петербург, 1870 ж„ бастырған В.Радлов), 1923 ж. 
"Темірқазық"  журналының  2-3  санында  (109  -  115  беттер),  М,  1965  ж„  "Айтыс"  жинағының 
1-томында,  "Қазақ  халық  әдебиеті"  көптомдығының  13-томында  (33  -  37  беттер)  жарияланған. 
Соңғы  жинаққа  да  В.Радловтың  нұсқасынан  алынып  берілген.  "А.  мен  Б."  айтысы    Орт.  ғыл. 
кітапхана қорында араб қарпімен жазылған ғашықтық жыр күйінде де сақталған (695 жол). Оны 
1946 ж. Бәдел Тұрсынбаев тапсырған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет