билеген әкімдерді әжуәлайды. А. с-нің муз. туындылары қазақ өнерінің өркендеуіне зор
ықпалын тигізді. Оның шығармаларын белгілі әншілер
Ә.Қашаубаев, Ж.Елебеков, М.Ержанов,
Ж.Кәрменов, т.б. ел игілігіне айналдырды. А. с-нің өмірі мен тағдыры туралы
І.Жансүгіров
"Құлагер" поэмасын. Ғ.Мүсірепов "Ақан сері - Ақтоқты" драмасын,
С.Мұхамеджанов осы
аттас опера, С.Жүнісов "Ақан сері" романын жазды.
"АҚ БОСАҒА" - отбасыларға арналған тәуелсіз басылым. Құрылтайшысы - "Шолпан және
құрбьшар" серіктестігі. Алғашқы нөмірі 1991 ж. 7 ақпанда. Алматыда қазақ тілінде жарық
көрген. Көлемі 4 бет, қалыбы АЗ. Айына бір рет шығады. "Шер тарқатсам деп едім", "Сыр
сұхбат", "Шат шаңырақ", т.б. айдарлары бар.
АҚАТАЙ Сәбетқазы Нұржақияұлы (11.10.1938, Шығ. Қазақстан обл. Күршім ауд. -
19.10.2003)- мәдениеттанушы, сыншы, ғалым, филос. ғыл. докторы (1995), Қазақстанның еңб.
сің. қайраткері (2001). Мәскеу мемл. ун-тін бітірген (1969). 1956 - 58 ж. Қарақас балық
зауытында әр түрлі қызметтерде жұмыс істеген. 1969-74 жылға дейін Алматы шет тілдер
ин-тында дәріс оқыды. 1974-88 ж. Ықылас атынд. Ұлт-аспаптар мұражайының директоры,
1988-96ж. Респ. мәдениет қызметкерлерінің санатын көтеру ин-тында кафедра жетекшісі,
проректор, ректор, аға ғыл. қызметкер, ғылым бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Мәскеудегі "Жас тұлпар" атты қазақ жастар ұйымының құрамында студенттер кеңесін
басқарды. "Азат" қозғалысының алғашқы тең төрағаларының бірі болған. Көптеген ғыл.
еңбектер. 400-ден аса публицистик. мақалалар жазған. О.Сүлейменовтің "Аз и Я" еңбегін қазақ
тіліне аударған (1991).
Достарыңызбен бөлісу: