На праве хозяйственного ведения шымкентский высший


Медициналық қызметкерлердің өзара қарым-қатынасы



бет16/39
Дата10.01.2023
өлшемі1,05 Mb.
#60862
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39
Медициналық қызметкерлердің өзара қарым-қатынасы
1. Медициналық қызметкерлер арасындағы өзара қарым-қатынас өзара сыйластыққа, сенімге құрылып, емделуші мүддесінің сақталуымен ерекшеленуі тиіс;
2. Медициналық қызметкер қызметкерлермен шынайы, адал, әділ, тілектес, парасатты болуы керек, олардың білімі мен тәжірибесіне құрмет білдіріп, сондай-ақ, олармен өз білімі және тәжірибесімен бөлісуге адал ниетпен дайын болуы қажет;
3. Медициналық қызметкерлерге басшылық жасау жоғары деңгейлі кәсіби біліктілік пен үлкен адамгершілікті талап етеді;
4. Қызметтесіне айтылатын сын дәлелді болуы керек және оны ренжітпеуі тиіс. Қызметтестердің тек кәсіби іс-әрекет ғана сынға алынуы тиіс, алайда жеке тұлғасын сынға алуға болмайды. Әріптестердің беделін түсіру арқылы өз беделін көтеруге тырысуға жол берілмеуі тиіс. Медициналық қызметкер әріптестері туралы және олардың жұмыстары туралы емделуші мен оның туысқандары алдында жағымсыз сын-пікір айтуына құқығы жоқ;
5. Медициналық қызметкер өмір бойы өзін осы емдеу өнеріне баулыған адамдарға қызмет көрсетіп, алғыс білдіруі тиіс;
6. Медициналық қызметкер өзіне қандай қарым-қатынасты талап етсе, әріптестеріне сондай қарым-қатынас жасауы тиіс;
Медицина қызметкерлерінің жол беруге болмайтын әрекеттері
1. Денсаулық сақтау саласы қызметкері өзінің кәсіби іс-әрекеттерінде білімін және қызметін өз мүддесінде қолдануына болмайды.
Денсаулық сақтау қызметкері:
• өз білімін және мүмкіндіктерін адамгершілікке жатпайтын мақсаттарда қолдануға;
• негізсіз медициналық шараларды жүзеге асыруға немесе оларды іске асырудан бас тартуға;
• емделушіні жазалау, сонымен қатар үшінші тұлғалардың мүддесі үшін оған медициналық іс-әрекеттерді қолдануға;
• емделушіге философиялық, діни және саяси көзқарастары бойынша өз пікірін таңуға;
• емделушіге немқұрайлылықпен немесе салақтықпен физикалық, адамгершіліктік, материалдық залал келтіруге және осындай залал келтіретін үшінші тұлғалардың әрекеттеріне селқос қарауға құқылы емес.
2. Денсаулық сақтау қызметкерінің жеке сенім-нанымдары және басқа да кәсіби емес себептер емделушінің диагнозын қоюға және оны емдеуге әсер етпеуі керек.
3. Емделушінің ұсынылған ақылы медициналық қызметтерден бас тартуы олардың сапасы мен қолжетімділігінің азаюының, ҚР заңымен белгіленген тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде оған тегін ұсынылған медициналық көмек түрлері мен ауқымдарының азаюы себеп бола алмайды.
4.Емделушілерден сыйлықтар алуға және беруге болмайды. Өйткені сыйлық бере алмайтын және алмайтын емделушілерде оларға қамқорлық тиісті деңгейде көрсетілмейді деген сезім тууы мүмкін. Сыйлықтардың көрсетілген қызметтер үшін алынуына немесе берілуіне болмайды. Қолдағы ақша немесе бағалы сыйлықтарды алуға тыйым салынады.
5.Денсаулық сақтау саласының қызметкері қызметін өз мүддесінде қолдануға, емделушінің эмоциялық күй-жайын пайдаланып, онымен мүліктік шарттар жасасуға, оның еңбегін жеке мақсатта қолдануға, парақорлықпен және бопсалаушылықпен айналысуға құқығы жоқ.
6.Денсаулық сақтау саласының қызметкері ем тағайындау кезінде емделушіге қолданыстағы дәрі-дәрмектер, медициналық мақсаттағы бұйымдар туралы дәйексіз, толыққанды емес немесе бұрмаланған ақпаратты беруіне, сонымен қатар емделушіден төменірек бағаланатын дәрі-дәрмектердің, медициналық бұйымдардың болуы жөніндегі ақпаратты жасыруына құқығы жоқ.
7.Денсаулық сақтау қызметкері дәрі-дәрмектерді дайындайтын және тарататын фирмалардан өздерінің ұсынған дәрі-дәрмектерін тағайындағаны үшін сый-тарту қабылдауына, медициналық ұйым аумағында компанияның логотипі немесе дәрі-дәрмектің медициналық ұйымның саудалық атауы бар заттарын қолдануына болмайды.
8.Медициналық қызметкер өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде әртүрлі құмарлық тудыратын заттардың әсерінде болмауы тиіс және әрқашан айқын күйде болуға міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет