На праве хозяйственного ведения шымкентский высший


Пациенттермен қарым-қатынаста медицина және фармацевтика қызметкерлері



бет17/39
Дата10.01.2023
өлшемі1,05 Mb.
#60862
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39
Пациенттермен қарым-қатынаста медицина және фармацевтика қызметкерлері:
1) жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның құқықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
2) мұқтаж болған әрбір адамға медициналық көмек көрсетуге;
3) адам өмірін сақтау өзінің борышы екенін әрдайым есте ұстауға;
4) азаматтардың мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін нығайтуға жәрдемдесуге;
5) пациенттерге қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол бермеуге, өз әріптестері тарапынан осындай іс-әрекеттердің жолын кесу жөнінде күш-жігер жұмсауға;
6) өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан негізделген сын айтылуына жол бермеуге, сынға сабырлылықпен қарауға, сындарлы сынды өзінің кәсіптік қызметіндегі кемшіліктерді жою және оны жақсарту үшін пайдалануға тиіс.
Өз әріптестерімен қарым-қатынаста медицина және фармацевтика қызметкерлері:
1) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, сыпайылық пен биязылық танытуға;
2) пациенттің мүддесі талап етсе, риясыз көмек көрсетуден бас тартпауға және әріптестерінен кеңес сұрауға;
3) басқа медицина және фармацевтика қызметкерінің кәсіптік біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмеуге;
4) қазақстандық медицинаның дәстүрлерін және жетістіктерін байытуға тиіс.
Медициналық қызметкер өзінің біліктілігіне сәйкес азаматтардың денсаулығын қорғау ісіне, ең жоғарғы деңгейде оларға көмек көрсету сапасын қамтамасыз етуге барлық күш-жігерін салуы тиіс.
Медициналық қызметкер оның жынысына, жасына, ұлтына, нәсіліне, тұратын мекен-жайына, әлеуметтік мәртебесіне, діни және саяси сенім-нанымдарына және басқа да медициналық емес факторларына қарамастан қандай адамға болса да медициналық көмек көрсетуге тиіс.
Медициналық қызметкер өзінің біліктілігіне, лауазымына және қызметтік міндеттеріне сәйкес барлық мүмкіндіктерінің шеңберінде сапалы және қауіпсіз медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін жалпы жауапкершілік, соның ішінде моральдық Денсаулық сақтау саласы қызметкерінің моральдық міндеттеріне медициналық қоғамдастық қатарларының тазалығын сақтау, өз әріптестерінің, сонымен қатар өзінің қателерін риясыз талдау жатады.
Медициналық қызметкер емделушілердің денсаулығына залал келтіретін, ар-намыссыз, біліктілігі төмен деңгейдегі әріптестерінің әртүрлі іс-тәжірибесіне кедергі жасауы тиіс.
Медициналық қызметкер қоғамда маңызды рөл атқара отырып, қоғамдық шараларға, әсіресе, салауатты өмір салтын насихаттайтын шараларға белсене қатысуға міндетті. Пациенттердің денсаулығына зиян келтіретін арсыз және құзыреті жоқ әріптестердің, сондай-ақ әртүрлі кәсіби еместердің тәжірибесіне кедергі келтірмеуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет