На праве хозяйственного ведения шымкентский высший



бет37/39
Дата10.01.2023
өлшемі1,05 Mb.
#60862
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
4. Көрнекі материалдар: 15-20 слайд
5. Әдебиеттер:

  • Мейірбике ісінің негіздері, Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

  • Науқас адамдарды жалпы күту, Санов С. – Қарағанды, 2013.

  • Клиникаға кіріспе. С. З.Толекова- Қарағанды, 2013.

  • Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, Құспанова А.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.

6. Бақылау сұрақтар (кері байланыс):

  • Басқару дегеніміз не?

  • Басқарудағы шиеленістерді шешу?

  • Басқару ісіндегі шешімді шығару?

  • Мейіргер ісіндегі басқару ісі?

1.Тақырыбы: Дәлелді медицина және мейіргерлік іс. Дәлелді медицинаның құралдары және әдістері.
2. Мақсаты: Студенттерге мейіргер практикасында дәлелді медицинаның құралдары мен әдістерін таныстыру. Сондай-ақ, дәлелді медицина және мейіргерлік іс ұғымын үйрету.
3. Дәріс тезистері:

  • Дәлелді медицина түсінігі.

  • Дәлелді медицинаның даму тарихы.

  • Дәлелді медицина тәжірибесі.

  • Ғылыми дәлелді медицина түсінігі.

Дәлелді медицина дегеніміз - бұл нақты науқасты емдеу үшін жақсы клиникалық зерттеулерді дәл және шын жүректен қолдану.
Ғылыми ақпараттарды жинаудың жаңа технологиясы, критикалық талдауы, интерпретациясы.
Алғаш рет 1990 жылы канадалық Мак-мастер университетінің ғалымдарының бір тобы клиникалық тәжрибесі бар ғылыми мәліметтерді және пациенттердің жеке қалауын жеке медицина бөліміне топтастыруды ұсынды.
Бұл ғылыми-тәжрибелік бөлім қол жетерлік, тығыз және объективті ақпараттардың бүкіл әлемде жүргізілетін клиникалық зерттеулердің заманауи және дәлелденген, яғни қандай да бір емдеу әдісі немесе дәрілік заттарды қолданудың артықшылығын дәлелдейтін, оны "Evidence-Based Medicine" (ЕВМ) немесе «ғылыми дәлелденген медицина " (НДМ) деп атайды.

  • Ол - нақты науқасқа емдеу әдісін таңдау кезінде дәлелденген ең жақсы клиникалық зерттеулердің қорытындыларын пайдалану;

  • бұрынғы емдеу, диагностикалау әдістерінен нақты айырмашылығымен ерекшеленетін,дәрігерлерден критикалық бағалауды талап ететін клиникалық медицинаның жаңа бағыты;

  • жаңа ғылым емес, бірақ медициналық ақпаратқа талдау жасау, оларды іздестіру, жалпылау, қолданудың жаңа технологиясы;

  • ғылыми зерттеулер мен клиникалық тәжірибе арасына жол салу;

  • ДМ клиникалық тәжірибеде дәлелденген және науқастың қажеттілігі мен талабына сай жасалған ең жақсы ғылыми дәлелдемелердің интеграциясы;

  • Дәлелді медицина (ДМ) – медициналық көмектің және барлық денсаулық сақтау жүйесінің сапасын жақсарту үшін өмірлік маңызы бар медицинаның дамып келе жатқан бағыты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет