На праве хозяйственного ведения шымкентский высший


Кіші мейірбикенің қызметтік міндеттері



бет34/39
Дата10.01.2023
өлшемі1,05 Mb.
#60862
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Кіші мейірбикенің қызметтік міндеттері (мейірбике көмекшісі).

  • Мейірбикенің жетекшілігімен өзінің міндеттерін атқарады.

  • Пациенттің психофизиологиялық жағдайы, емге және емшараларға реакциясы тіркеліп бағаланады.

  • Үйде және емдеу алдын-алу мекемесінде науқастарды күту және жағдайын бақылау мен бағалауды жүзеге асырады.

  • Алғашқы, дәрігерге дейінгі және паллиативті көмек көрсетеді, зертханалық тексеруге материал жинауды жүзеге асырады.

  • Аспаптарды, таңу және науқасты күту құралдарын зарарсыздандыруды орындайды.

  • Науқасты күті бойынша барлық іс-шаралар комплексін, организмге дәрі енгізуді жүзеге асырады.

  • Тіркеу-есепке алу бойынша медициналық құжаттарды жүргізеді.

  • Бөлмелердің таза болуын қамтамасыз етеді.

  • Науқастарды күту құралдарын дұрыс қолдану және сақтауды бақылайды.

  • Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі ережесін, өртке қарсы қауіпсіздік және техникалық қауіпсіздікті, санитарлы эпидеияға қарсы режимді сақтайды.

Мейіргерлер Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы""Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, әлеуметтік гигиенаның теориялық және ұйымдастыру негізін, денсаулық сақтаудағы басқару жүйелерін, науқастарды әлеуметтік және медициналық оңалтуды ұйымдастыруды, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
4. Көрнекі материалдар: 15-20 слайд.
5. Әдебиеттер:

  • Мейірбике ісінің негіздері, Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

  • Науқас адамдарды жалпы күту, Санов С. – Қарағанды, 2013.

  • Клиникаға кіріспе. С. З.Толекова- Қарағанды, 2013.

  • Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, Құспанова А.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет