Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет



Pdf көрінісі
бет117/157
Дата02.11.2022
өлшемі3,3 Mb.
#47031
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   157
2 – СЕКЦИЯ
 
ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ АРАБ-МҰСЫЛМАН ӘЛЕМІ 
 
ҒЫЛЫМ ІЗДЕНУ АДАМНЫҢ АДАМДЫҚ БОРЫШЫ ДЕП БІЛГЕН 
АБУ-НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ 
 
Алпысбес М., т.ғ.д., профессор 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
 
Имани адам құдайға құл болса, имансыздар мен құдайсыздар пендеге құл, дүниеге құл. 
Дүниешілдік дерт пендеге құл болуға мәжбүрлейді. Дүниеге құл болушылар көбейген жерде 
ұдайы дінсіздік орнайды. Құдай болам деген пендінің пірі сайтан екені де шүбәсіз. 
Секталардың кейбірі пендені құдайға айнадырумен әуре. «Исламның алдындағы діндерге 
қысқаша шолу» атты еңбегінде фарабитанушы ғалым Ақжан Әл-Машани: бастапқы діни 
кітаптар – Мұсаға келген Тәурат, Дәуітке келген Забур, Ғайсаға келген Інжіл түпнұсқа 
қалпында толық сақталмай, талас-тартыстардың әсерінен сол кітаптарға бөгде сөз, орынсыз 
өзгерістер, көптеген шатасулар енгені туралы айтады.
Ислам діні: Алла тағаладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед (с.ғ.с) оның елшісі – дейді. 
Осыны мойындып мойынсұнған адам мұсылман болады. Қазақ халқы «Алла бір, пайғамбар 
хақ» деп иман келтірген. Әл-Фарабидің «Космология» атты еңбегінде Мұхаммед 
Пайғамбардың (с.ғ.с) сахабасы Жабр бин Абдоллаға «Тәңірінің ең алғаш жаратқаны сенің 
пайғамбарының нұры» деп айтқан хадисі келтірілген. Табиғат дүниесіне, пұтқа табыну сияқты 
көпқұдайлық ғұрыптардың кейбірі исламға дейінгі діндерге де енген. Ежелгі Грекияда Зевс 
«құдайдың» мүсінін жасап, соған шоқынатын болған. Отқа табынудың көріністері де осы 
күнге дейін сақталған. Жәһілия заманының ақындары дінсіздікті мадақтаған. Мысырдағы 
перғауындар заманында сиырды әулие тұтып, алтыннан бұзау жасаған, соған өздері 
шоқынған.
Христиан дініндегілер Ғайса пайғамбарды Құдай деп, Ғайсаның суретіне шоқынуды 
әдетке айналдырған. Пайғамбардың сөзін бұрмалап, өзін Құдай деп күпірлікке жол 
ашқандардың бұл ісі де атаққұмарлық, пайдакүнемдік, өтірік айтуды ұят санамау сияқты жат 
қылықтардан шыққан. Құдайсыздықты немесе көпқұдайлықты дәріптеудің де астары бар. 
Бүгінгі әлем де қай замандағыдай болмасын бәсеке, талас, тартыс заман. Көптеген 
үдерістердің себебі мүдделер қайшылығында жатыр. Дүниешілдікті мақсат тұтқан ынсапсыз 
күштердің көздегені шексіз баю, тым молшылық іздеу. Осыған қол жеткізу үшін олар әртүрлі 
аяр іске де барады. Әл-Фараби өзінің ислами көзқарастарында адам гармониясы, сол арқылы 
қоғам гармониясын орнату жайында ойларын білдірген.
«Қайырлы қала тұрғындары» еңбегінде осыны айтады. Соның әсерімен Т.Мор (1478-
1535), Т.Кампанелла (1568-1639) сынды Европа гуманистері «Утопия» (Кемел ел), «Күн 
қаласы» атты еңбектерін жазған. Береке, дәулетке қол жеткізу жолында ынсапсыз ашкөздік, 
қиянат жасау, аярлық болмауы тиіс. Адам гармониясы (үйлесімділік) оның рухани және фәни 
(тәни) болмысының тең дамуы деп білеміз. Діннің де айтатын жақсы өнегесі сол. Ал кез келген 
ауытқушылық (үйлесімсіздік) адам болмысының осы екеуінің бірі басым түссе байқалады. 
Адамның тәні де бар, жаны да бар. Тәні де, жаны өз қажетінше азық тілейді. Алланы танып 
иман келтірген, пайғамбарларға ерген, олардың амалдарын сүннет еткен адамдар үнемі 
жақсылық істеген, ізгілікті, шыншыл, ойшыл, хәкім болған.
Фома Аквинский (1225-1274) ғылымның міндеті – дүниенің жаратылыс 
заңдылықтарын түсіндіру, ал философиялық таным теологияның қарауында дегені белгілі. 
Альберт Эйнштейн (1879-1955) дін мен ғылым арақатынасы туралы оқыған дәрісінде өрнек 
үшін мысал келтіріп, дінсіз ғылымды балдақсыз ақсаққа, ал ғылымсыз дінді таяқсыз соқырға 
теңеп, діннің ғылымға, ғылымның дінге зияны жоқтығы және бірінсіз-бірі нәтижесіз екені 


258 
туралы айтқан. Дегенмен ортағасырларда орын алған надандық әсерінен инквизиция кезінде 
христиан діндарлары ғылымға қысым жасап, ғалымдарды қуғындаған.
Надандық билеген халықтардың ортасында жаман әдеттер көп болады. Ғайса 
пайғамбарды Құдайдың баласы деп қате уағыздаумен теріс жолға түсіп, ислам дінін, 
мәдениетін қолдаған, оны уағыздаған адамдарды сотқа апаратын болған. Ислам 
астрономиясын қолдаушы Н.Коперник, Г.Галилей сынды ғалымдар қудаланды. Христиан діні 
Европа қоғамына тән езуші таптың қанау құралына айналғаны да рас. Білім қасиеті үлкен күш. 
Сондықтан ерте уақыттардан-ақ білімге тосқауыл қою арқылы қалың бұқараны надан күйінде 
ұстау, білім таратпау, көптеген билеуші аз үстем топтардың мүддесінен шыққан. Халықты 
қараңғылықта ұстаудағы тиімді құрал – догма, яғни қатып қалған сартап ұғымдарға бой 
ұрындыру, сол жалған нәрсені ақиқат етіп көрсете отыра, соған имандай сендіру.
Ислам ғылымы еуропалықтар ортасына келген соң протестанттық, яғни жалған уағызға 
қарсы (протест) шығу, бой көтеру, өтірік сөзді әшкерлеу, қатып қалған сартап түсініктерді 
бұзуға әсер етті. Бүгінгі таңда адамзат зайырлы мемлекет құру қалпына келді. Зайырлы 
мемлекет – діни құқық канондарын сүйенбейтін, еркін азаматтық нормалар негізінде 
реттелетін мемлекет. Оның заңнамалары діни нормаларға ішінара сәйкес келуі мүмкін 
болғанымен, мемлекет тіршілігі негізіне діни қағидалар алынбайды. Зайырлылық идеясын 
құдайсыздық қоғамын құру құралы ретінде дәріптеген кейбіреулер болғанымен, негізінде 
зайырлылық дінсіздік дегенді білдірмейді. Зайырлылық ғылымды діни догмалардан сақтау 
кепілі деп те білуге болады. Бірақ қалай болғанда да, кез келген ғалым адам ретінде діни әдеп, 
имани сезім сақтауы тиіс деп білеміз. 
Әл-Фараби де, Абай да – мұсылман ғұламалары. Мұсылман ғалымдарының сүйенетін 
ғылым көзі – Құран Кәрім. «Әл-Фараби және Абай» еңбегін фарабитанушы ғалым Ақжан Әл-
Машани осы екі ірі ғалым қалдырған рухани мұрасы қай тұрғыдан үндес екенін көрсетуге 
және олар не себепті үндес келетінін анықтауға арналған.
Ең алдымен, қазақтың фарабитану ілімінің негізін салушы ғалым Әл-Машани қазақ 
ортасында Әл-Фараби мұралары қаншалықты танымал екен деген сұраққа жауап іздеу 
барысында Абай мен Әл-Фарабиді жалғастырған ғалым, Шаһабуддин Маржани (1818-1889) 
шайхы екенін байқаған. Шаһабуддин Маржани Бұқара (1838), Самарқандта (1843) білім алған. 
Оның пірі – Баһауеддин Нақшбанди шайхы, ұстаздарының бірі Әбу-Сайыд Самарқанди 
болған. Самарқандтан кейін 1845-48 жж. үш жыл бойы Бұқарадағы Мир-Араб медресесінде 
болған Ш.Маржани енді еліне оралады. Қазанға келіп мешіт, медреселер салдырады, оның 
осындағы оқыған тікелей шәкірттері Семей мен Қарқаралыда бала оқытқан. Сондықтан Абай 
Ш. Маржани және оның еңбектері туралы қанық болған. 1870 жылы Ш.Маржанидің «Назрат-
үл-Хақ» еңбегі жарыққа шыққан.
Бұдан басқа «Хаккуль-ма'рифа ва хуснуль-идрак» («Таным ақиқаты», 1880 г.)
«Мустафадуль-ахбар фи ахвали Казан ва Булгар» (“Қазан мен Бұлғар туралы ақпараттар», 
1885 г.), «Китабуль-хикма аль-балига аль-джанийя фи шархиль-акаид аль-ханафийя» 
(«Ханафи даналараның еңбектерін түсінуге құрал кітап», 1888 г.) сияқты еңбектерін 
жариялаған. Осы еңбектерінде Ш.Маржани Әл-Фараби туралы, оның ғылым, философия, 
музыка саласындағы қағидаларын айтып тоқталатын бірнеше жері бар. Әл-Фараби мен Абай 
арасындағы рухани байланыс турасында көп ойланған Ақжан хазрет Әл-Машани Абай 
заманында қазақ жерінде исламның ғақли-ислам және нақли ислам сияқты екі түрлі ағымы 
болғанын байқаған. Сол ғақли-ислам Әл-Фарабиден Ұлықбекке, Ұлықбектен – Маржаниге, 
Маржаниден Абайға жалғасқанын аңғарған. Осы «ғақли», «нақли» түсініктерін Абайдан 
алғаш рет кездестірген Ақжан хазрет, Абай Әл-Фараби ілімін білген деп тұжырым жасаған. 
Арал теңізінің тартылуында екі фактор әсері бар екенін зерттеушілер айтады. Оның бірі 
20 ғасырда орын алған шаруашылық мақсаттарына суды жұмсаумен байланысты болса, енді 
бірі Арал және Каспий теңіздерінің суы толуы мен тартылу ырғағы бары айтылады. Мәселен, 
Евразия халықтары тарихын терең зерттеген Л.Н. Гумилев парсы тілін игерген шығыстанушы, 
тарихшы болуымен қатар география ғылымынан маманданған ірі ғалым. Ол өзінің 


259 
еңбектерінде Арал теңізі мен Каспий арасын жалғаған Узбой (гидроним семантикасы белгісіз) 
арнасы осыдан 16 ғасыр басында-ақ суға толы өзен болғаны туралы сенімді деректерге сүйеніп 
айтады. Сол уақытта Узбой бойы қалың ел қонған қоныс орны, тары мен бидай егілген 
жайқалған егін орны болған.
Ортағасырларда жасаған орталық-азиялық жазушылар Хамдаллах Казвини, Хафиз 
Абру Амудария суын Каспий теңізіне құятынын, ал 1417 жылы Арал теңізі тартылғаны туралы 
деректер келтіреді. Арал теңізіне тек қазақ қана емес, жалпы Тұран халықтары қарыздар. Арал 
өңірі түркі халықтары шыққан көне жұрт. Бүгін қазақ жерінің экологиялық ахуалы қиын екені 
рас. Кеңес Одағы өз кезінде табиғатқа тигізген зардабы зор. Қазақ халқының басты 
қасиетерінің бір жерді қадірлеу, оны кие тұту болатын. Олар қоршаған ортаны аялаумен өткен. 
Жылқы шаруашылығымен үнемі көшпелі тұрмыс құруы да сол табиғат ыңғайымен жүруден 
шыққан.
Ғылыми-техникалық прогресс тұсында адам баласы табиғатпен күш сынасуға шықты. 
Онысы бекер. Адам берекесіздігі табиғатқа ауыр тиді. Қазір тек Арал теңізі ғана емес, қазақ 
даласы да тозу үстінде. Кез келген жерден кен орнын ашып, көлемі ұзын, аса енді әрі терең 
келетін ашық кеніш қазу арқылы жер қазыналарын алу оңай болғанымен, бұның барлығы адам 
экологиясы үшін аса зиянды. Мал мен егін өсіру мақсатына құнды әрі қажетті жерлер 
мөлшерсіз кен орындарына айналып жатыр. Айналасының барлығы у-қоқыс, шаң-тозаң. 
Экологиялық мәдениет туралы сөз қозғайтын адам аз. Арал теңізін қорғау оның айналасында 
орналасқан мемлекеттердің ортақ мүддесі болуы тиіс.
Ғылымды жіктеу таным мақсаты үшін, таным шеңберін кеңейту үшін қажет болған. 
Ғылыми пәндердің саны қанша рет арта түскенімен, ғылымның өзі тұтас болып қала бермек. 
Әл-Машани еңбектерінде Әл-Фараби сол заманда болған ірі-ірі 20 ғылым саласында өзін 
таныта білгені туралы айтылады. Оларды Әл-Фараби «Мақалатун фи-ихса әл-ғұлум» («Ғылым 
сыныптамасы») еңбегінде беске жіктеген – біріншісі, тіл ғылымы, екіншісі, логика; үшіншісі 
– математика (арифметика, геометрия, оптика, астрономия, ауырлық туралы және тамаша 
амалдар); төртіншісі, физика; бесіншісі, ғылым және догмалық діни ілім; және осы аталған 
барлық ғылымдардың ішкі салалары. Бұл жерде енді ғылым сөзінің төркінін және оған 
қатысты басты ұғымдар мағынасын ажыратып алу қажет.
Ғылым – арабтың сөзі, мағынасы білім, таным, түйсік деген түсінікті қамтиды. Ғылым 
– әлемнің, дүниенің жаратылыс сырлары, оның ішінде нақты болмыс заңдылықтары мен 
қоршаған орта туралы тұжырымды сөз бен ой және кітап жүзінде қордаланған білім 
жиынтығы және адамның ой күші мен табиғат құбылыстары, қоғамның даму жайы мен 
тіршілік иелерінің құрылысы, олардың болмыстық себеп-салдары туралы білімді жан-жақты 
дамытуға, ғылыми танымды тиянақты түрде жетілдіруге құрылған ұйым-мекемелер, институт, 
таным мақсатына бағытталған адамның айрықша амал-әрекетінің бір түрі. Осындай әрекеттер 
қатарына ажырату, құрау, талдау амалдары кіреді. Ғылым – таным үрдісін ұйымдастырушы 
мекеме әрі таным объектісі мен субъектісі. Өйткені ғылымның нақты қалыптасқан зерттеу 
объектілері бар. Объект – ең басты таным нысаны және философияның бастапқы категориясы. 
Объект – латын сөзі, мағынасы - зерттеу нысаны – есім, зат (материя), құбылыс, пән, үрдіс, 
яғни назарға алынған кез келген нәрсе, назардағы зат, баяндалатын жағдай, оқиға, танып-
білуді қажет ететін факт, ал соны назарда алушы, ұстаушыны субъектілер дейміз. Субъект – 
амал етуші тұлға, әрекеттенуші адам, белсенді рух. Ғылыми таным субъектілері – ғалымдар, 
ғылыми мекемелер, институттар. Институт – тұлғалардың тұрақты түрде күш жұмылдырып 
таным объектісін жан-жақты зерттеуі, бір мақсатқа жету жолында шараларды іске асырушы 
ұжым, мекеме. Ғылыми таным жолын іздеудегі бағыттаушы ұйымдардан әрі таным ісін жүзеге 
асырушы ғалымдар ұжымдарынан құралады. Ғылыми таным – субъектілер тарапынан 
ұйымдастырылған және бағытталып отыратын үдеріс. Оның қалыптасқан әрі 
қалыптастырылырп отыратын құралдары бар. Сондай құралдардың ең бастысы – тіл.
Қазақ халқы «Өнер алды қызыл тіл» деп бекер айтпаған. Ғылымның өнер болу сыры 
адамның ой қабілетінен басталады. Адам баласы әуелі ой ғылымын жетілдірген, өзіндік (нафс) 


260 
болмысын таныған, зат сырын ашқан, құрал жасаған, артынан қуат күшін игерген. Адамның 
ойлау қабілетінің бастауы бар-жоқты білуден, санау білуден, сан ғылымын игеруден, уақыт 
пен кеңістікті есепке алудан басталған. Бірді жалғыз деп білуі. Жалғызды маңызды деп білуі. 
Жалғыз Бір Жаратушы туралы сырға өзіндік ойтолғамымен жетуі. Екіні жұп деп білуі. 
Дүниенінің бәрін жұп қылып жаратқанын, оның қарама-қайшылығының түсінуі. Осының бәрі 
адам баласының бастапқы білімі мен ғылымы болған. Исламда Алла тағала он сегіз мың 
ғаламды жаратқан Иесі делінеді. Алла тағала – шебер. Алла тағаланың тоқсан тоғыз атының 
бірі – Ғалим – Білуші. Сондықтан мұсылман ғұламалары қаншалықты терең білім иесі болса 
да «Алла – ағламу», яғни «барлығынан артық білуші Алла» деп айтуды ұмытпаған.
Ғылымның көзі – адамның санасы. Адам баласына сана беруші Алла тағала. Алла 
тағаланың бір есімі Кәләм – Сөз. Әл-Фараби: «ғылым іздену адамның адамдық борышы» 
деген. Ғылым – игі. Өйткені ғылымның жемісі адам баласы үшін дәулет әкеледі. Ғылым – ізгі, 
өйткені ғылым адамды жақсылыққа тәрбиелейді, адамға білім қасиетін береді. Ғылым – 
тағлым. Тағлым – өнер. Өнерлі адам азат, тәуелсіз болған. Қазақтағы бүгінгі өмірде орын 
алатын жалған ғылым ғалымның жалғаншыл, яғни дүниешіл болуынан бастау алады. Оқу көп 
болғанымен, оқығанды орынды етіп санаға тоқу, шын көңілмен білім игеру байқалмайды. 
Білімге үйірету, ғылым үйрету ісі ең алдымен адами қасиет, имани мінез тәрбиелеуден бастау 
алу тиіс. Имансыз ғалым – залым болады. Оқыған надан оқымаған наданнан қоғам үшін әлде 
қайда қауіпті екені анық. Ғылым мен өнер адамдарының жиі бой алдыратын ауыр 
күнәларының бірі бақастық, көреалмаушылық болатын болды.
Астрологияның ілімдердің бастаулары ескі уақыттардан жалғасады. Ғылыми білімнің 
дамуы барысында ғалымдар астрологияны жалған, хурафатқа жататынын дәлелдеген. 
Астрология дегенде логос – ғылым сөзі болғанымен, астрология ғылыми методологияға 
сүйенбейді. Астрологияның негізгі тәсілдерінің бірі бал ашу, болжам жасау, магияға сүйену. 
Ғылыми таным қалыптасқан уақытқа дейін адам санасында орын алған ескі, ешбір дәлелді 
негізі жоқ көзқарастарды ислам ғылымы курафатқа жатқызады. Мысалы, геоцентризм идеясы, 
Жер шары өгіздің мүйізінде тұр деген түсінік, жер бетіндегі тіршілік бар болғаны бірнеше мың 
жыл бұрын пайда болды деген жалған ұғым, адамға табыну, табиғат пен жануарларға бас ию, 
иконаға шоқыну, сиқырға сену және т.б. осындай ырымдық көзқарастарды Әл-Фараби сияқты 
ғұламалар әшкерлеген, ислам қағидаларына жат, Құран баяндаған ақиқатқа қайшы келетінін 
айғақтаған. Астралдық жалған идеологияға қарсы шыққанымен, Әл-Фараби астрономияның, 
яғни аспан шырақтарының қозғалысын зерттеу арқылы уақыт өлшемі, геометрия жайында 
терең зерттеулер жазған. Жарық сәулесі мен дыбыстың таралу құбылысы ұқсас болуына қарай 
астрономия мен музыка арасын қатар қойған. Ал, астрологияның осы күні де әлі жойылмай, 
кейде тіпті кең қанат жайып сұранысқа ие болуы мушриктердің көбеюімен, аңқау елге арамза 
молланың көп болуымен түсіндіруге болады.
Мойындамауларға апаратын жол – жалған ғылыми қағидалар екені белгілі. Соның бірі 
адамзат тарихын екі бөліп қарау, яғни жер бетінде тарихи әм тарихтан тыс халықтар тұрмыс 
құрып жатыр деген түсінік 19 ғасыр басында пайда болған. Осы қағида бойынша жазу 
мәдениеті бар халықтар ғана озық, дамуға икемді, өз тарихын біледі, сондықтан олар тарихи, 
ал өткен тарихы жазуға түспеген халықтар тарихтан тыс делінген. Оларға енді даму жоқ 
делінген. Одан кейінгі уақытта бұл түсінік қате екені айтылғанымен, осы көзқарас кей уақытта 
әлі де көрініс беріп жататыны жасырын емес. Адасу басының бір көрінісі осы. Алайда қазіргі 
ғылым жер бетінде озық дамыған талай өркениеттер жойылып кетіп отырғанын айтады. Бұл 
туралы Құран Шәрифте де айтылады. Ал, Құран Кәрим – Алла тағаланың тарапынан келген 
тура жол көрсетуші нұсқау. Әл-Фараби ғұламаның философиялық ойларының негіздерін 
тануда алдымен оның еңбектеріне тәпсір жасаған кейінгі ғалымдардың еңбектерін білу 
арқылы келу қажет, өйткені ғылымда бір ізділік, ой даму тәртібін сақтау маңызды. 20-шы 
ғасырда фарабитану ілімі қазақ жерінде екі негізге сүйенген күйде қалыптасты. Оның бір негізі 
түркілік әм ислами идея ілімдері болса, ал екіншісі – марксизм ілімі сүйенген батыстық ілімдер 
болды.


261 
Ислам ғұламалары Әл-Фараби еңбектеріне екі түрлі баға бергенін фарабитанушы 
Ақжан Әл-Машани (1907-1997) еңбектерінде айтылады. Әр замандарда жасаған батыс 
ғалымдарының ішінде де ақиқатқа адал болған ғұламалар аз емес. Батыстың өркениеттік негізі 
христиандық құндылықтардан дамып қалыптасқанын білеміз. Христиан дініндегі біршама 
ғалымдар, әсіресе католиктер пен протестанттар ортасынан шыққан ғалымдар, христиан 
діндарларының киелі кітаптар шындығын бұрмалап сөйлейтінін білген. Мысалы, Исаак 
Ньютоннің (1642-1727) шірекеуді ширк келтіру деп түсінгені ғылым тарихынан белгілі. Әл-
Фараби мен Ибн Сина еңбектеріне сүйеніп Европа елдеріне ғылым жайған ағылшындық 
францискан монахы Роджер Бэкон өз кезінде шіркеудің надан істеріне наразы болған, ислам 
ғылымының шындығын айтқан. Ортағасырлық европалық ғалымдар өз еңбектерін көбіне-көп 
араб ғұламаларының ғылыми мұраларын тану, соған ізбасар болу арқылы жазып, ғылымды 
дамытқаны туралы шын сөз Британияда шыққан көптомдық ғылым тарихының әлемдік 
энциклопедиясында айтылған. Астрономиялық аспаптар, ойыс айна (линза), телескоп жасау, 
обсерватория салу ісі де ислам елдерінен алынған үлгілер. Ғылым тарихының осы сияқты 
мәліметтерін білетіндер бұны, әлбетте, мойындайды, адасушылық қайдан шығатынын біледі. 
Ғылымдағы адасу мен мойындамаудың себебі өзімшіл тәкәппарлықта жатыр. Осындай қате 
түсініктің бірі – әлемдегі барлық ғылым сәулесінің басы алдымен ежелгі Грекия, ақыры 
Европа деп білу. Фалес (б.д.д 640-550 ж.ш.), Пифагор (б.д.д 570-490 ж.ш.), Платон (б.д.д 428-
348 ж.ш.) сынды көнедегі ірі ғалымдардың шыққан тегі грек болғанымен, білім терген, ғылым 
үйренген жері ескі Шумер (б.д.д 4-3 мыңжылдық) жері болғанын, сондықтан олардың ғылымы 
шығыс ғылымының жалғасы болатынын атақты фарабитанушы ғұлама Ақжан Әл-Машанидің 
дәл айтқан. Ертедегі көп грек ғалымдарының есімін, білімін Европа елдері ислам арқылы 
таныған. «Қазіргі батыс мәдениеті ренессансқа, ренессанс исламға қарыздар» деп Р.Бодлей 
(1892-1970) айтқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет