Нақты сандар облысында нольдің мынадай қасиеті бар екенін білеміз, ноль мен кез


АУЫР МЕТАЛЛ (PB, RE, CD, CR) ИОНДАРЫН АДСОРБЕНТТЕР КӨМЕГІМЕН



Pdf көрінісі
бет57/131
Дата24.03.2022
өлшемі1,67 Mb.
#28682
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   131
АУЫР МЕТАЛЛ (PB, RE, CD, CR) ИОНДАРЫН АДСОРБЕНТТЕР КӨМЕГІМЕН 
БЕЙТАРАПТАУДЫҢ  АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ 
 
Жолдасбекова А.М. 
Шымкент университетінің «6М011300 – Биология» мамандығының  
2 курс  магистранты, Шымкент қаласы, Қазақстан 
 
Қазіргі таңда ғаламдық жаhандану үдерісі қарқынды дамудың шегінде жалғасып келеді. 
Әлемде  техниканың,  компьютердің  мүмкіндіктері  де  шырқау  шегіне  таяп,  ғылым  алаңы 
ғалымдардың  кеңесіне  жүгінетін  жағдайға  да  жетіп  отыр.  Кейінгі  уақытта  ауыл 
шаруашылығы  ғылымында «ауыр металл иондары» деген атау жиі қолданылуда. оған себеп, 
осы  металдардың  қоршаған  ортаға,  оның,  негізінен  топыраққа  және  адам  организміне  теріс 
әсерінің  күннен  күнге  күшеюі.  Тірі  организм    үшін  ауыр  металл  иондарының  зияндылығы 
бірдей  дәрежеде  емес.  қосылыстарының  ерекшелігі,  уыттылығы,  табиғатта  таралуы  және 
адамның, жануарлардың, өсімдіктердің организмі  мен топырақта жиналу  қасиеті   бойынша 
ауыр  металдардың  12-сі  қоршаған  ортаны  ластағыш,  организмдерді  улағыш,  зиянды  болып 
саналады.  олар:  сынап,  қорғасын,  кадмий,  мышьяк,  ванадий,  қалайы,  мырыш,  сурьма, 
молибден, мыс, кобальт, никель.    
 
Ауыр  металдар  адам  және  жануарлар  ағзасының  қызметтеріне  кері  әсерін  тигізуімен 
қоймай,  әртүрлі  аллергиялық,  токсикологиялық  ауруларға  шалдықтырады.  Адам  және 
жануарлар  ағзасына  ауыр  металдар  тыныс  алу  және    ішек-  қарын  жолдары,  сыртқы  тері 
қабаты  арқылы    келіп  түседі.  Көбіне  ауыр  металдар  ағзаға  оксидтер  және  тұздар  түрінде, 
әсіресе суда жақсы еритін қауіпті қосылыстар ретінде түседі. Сондай-ақ, ауыр металдар ішак- 
қарын  жолдарында  сіңіріліп,  ұзақ  уақыттар  бойы  жинақталып,  сол  мүшеге  немесе  басқа  да 
мүшелерге қауіп төндіріп, олардың құрылысы мен функциясын бұзуы мүмкін. 
Әртүрлі ауыр металдар әртүрлі деңгейде бауыр мен бүйрекке зақым келтіреді. Көптеген 
зерттеулерден  ауыр  металдардың  қосындыларының  гепотоксикологиялық  және  неф  роток-
сикологиялық әсеріне кадмий қосындылары ең көп әсер ететіні анықталған [1, 344б].  
Кадмий  адам  және  жануарлар  ағзасының  функциясына  бірден  әсер  етпейді,  біртіндеп 
әсер  етеді.  ұзақ  уақыттар  бойы  бақылау  нәтижесінде  бұл  элементтің  аздаған  концентрація-
сының өзі көптеген аурулар тудыратыны анықталған. Кадмидің тағамда 20 – 50 мг/кг мөлшері 
адам  өліміне  соқтырады,  ал  концентрациясы  30  –  60  мг/кг  мөлшерде  жануарларды  өлімге 
әкеледі,  иттерде  қалыпты  жағдайда  кадмий  концентрациясы  25  мг/кг  болса,  алты  айдан  соң 
сүйек ұлпаларында зат алмасу қызметі бұзыла бастайды, ал мысықтарға 5 мг/кг  мөлшерінде 
кадмиді енгізгенде асқазанының кілегей қабығының зақымдалып, құса бастағны байқалған  [2, 
10б]. 
Кадмий иондарының ағзаға түсу жолдары оның әрбір мүшеге таралуында және ағзадан 
сыртқа  шығаруында  үлкен  рөл  атқарады.  Егер  күре  тамыр  арқылы  кадмий  енгізілсе  олар 
көбіне  бауырда  жинақталады,  ал  егер  асқазан  арқылы  енгізілсе,  ішек-қарын  жолдарында 
(әсіресе он екі елі ішекте) жинақталады. 


~ 176 ~ 
 
Кадмий    иондары    қанға  түскен  жағдайда  ,  қанға  таралуы  өте  тез  және  толық  жүреді. 
Кадмий  иондары    эритроциттер  ішіне  еніп  плазмаға  тарайды  да  ондағы  белоктармен,  соның 
ішінде гамма – глобулиндермен байланысып басқа ұлпаларға өте жеңіл өтеді. Кадмиді ағзадан 
сыртқа  шығару  жолдарының  бірі  –    ішек-  қарын  жолдары.  Кадмий  ағзадан  ұзақ  уақыт,  жай 
жылдамдықпен  шығарылады.  Кадмимен  бірден,  тез  арада  улану  өте  сирек,  бірақ  созылмалы 
улану  нәтижесінде    кадмидің  әсері  өндірісте,  кейбір  уақыттарда  тамақтың  немесе  судың 
ластануынан  Жапонияда  itai–itai  (ouch  –  ouch)  ауыруына  шалдығады.  Кадмидің  ұзақ  уақыт 
әсер етуі бүйрекке зақым келтіріп, өкпе функциясының бұзылуына әкеліп соқтырады [3]. 
1  мг/кг  тірі  салмағына  қарай  қойларға  кадмий  енгізгенде  20  –  шы  күні  ақ  малдарда 
кадмидің  уытты әсері байқалған. Қандағы эритроцит  нВ, гематокрит мөлшерлері  бақылауға 
қарағанда  төмендеп,  жалпы  белок,  альбумин,  триодтиронин  концентрацияларында  да 
бақылауға  қарағанда  біршама  айырмашылықтар  бар  екені  анықталады.  Қандағы  Cd 
концентрациясы  жүнде  және  ұлпаларда  жоғарылап,  керісінше  Fe  концентрациясы  
төмендеген. Патологиялық өзгерістер бауырда және бүйректе айқын байқалады. 
Егеуқұйрықтардың  онтогенезінде  цитохимиялық  әдістермен  қалыпты  жағдайда  және 
ауыр металдар тұздарының (CdSO
4  
және SrCl
2
) полиплоидия және гипертрофия процестеріне 
әсері зерттелген. Бұл процесстерге ауыр металдардың тигізетін әсері анықталған. Клетканың 
өсуі  және  популяция  кинетикасының  өзгеруі,  металдар  әсер  ету  уақытына  байланысты 
екендігі    кадмий  сульфатының  әсері  жоғары  болатындығы  байқалады  [4,  74-78бб].  20  тәулік 
бойы  егеуқұйрықтарға  кадмий  хлоридін  (Cd  Cl
2
)  пероральді  енгізгеннен  кейін,  қан 
қысымдары төмендеп, қан плазмасындағы және лимфадағы жалпы белок мөлшері төмендеп, 
осматикалық қысым жоғарылағаны айқындалды. 
Әр жастағы егеуқұйрықтардың кадмий сульфаты және стронций хлоридінің ұзақ  уақыт  
әсерінен кейінгі митохондрий мембраналарының ұзындығы өлшенді. Уланған жануарлардың 
ісінгендігінен  гепатоциттері  және  митохондрийлер  ауданының  ұлғайғаны  байқалды. 
Онтогенез  кезеңінде  уланған  егеуқұйрықтардың    митохондрийлерінің  тыныс  алу  қызметі 
төмендейтіні анықталды. 
Жануарларды ұзақ уақыт 5 мкг/мл кадмийдің судағы ерітіндісімен қоректендіру қанның 
SH  тобын,  бауырдың,  бүйректің  және  бұлшық  еттер  ұлпасының  цитохромоксидаза  және 
сукцинатдегидрогеназа,  ас  қорыту  ферментері  трипсин  мен  пепсиннің  белсенділіктерін 
төмендетеді. Сондай-ақ кадмий қан мен лимфа айналысын өзгертеді және организмнің басқа 
да  жүйелеріне  әсері  туралы  мәліметтер  жеткілікті.  In  vitro    жағдайында  кадмий  лимфа 
жүйесінің  әр  түрлі  бөліктеріндегі-  лимфадағы,  онымен  тасымалданатын  лейкоциттердегі, 
лимфа  тамырларындағы  тасымалданатын  ақуыздардың,  лимфа  түйіндерінің,  бауырдың,  ішек 
қабырғасының протеолиздік белсенділігін төмендетеді 
Кадмий  тұздарын  бентонитпен  қоса  енгізгенде,  өттегі  өт  пигменттерінің  концентра-
циясы, мочевина мөлшері төмендеп,аммиак мөлшері жоғарылады. Қан құрамындағы аммиак 
және мочевина да төмендегені айқын байқалды. 
Алынған  мәліметтер  нәтижесінде  организмнің  ауыр  металл  тұздарымен  улануынан 
гомеостаз  механизмінің  жүру  мүмкіндігін  болжауға  болады.  Уланудың  бастапқы  кезеңінде 
организмде  клеткалардың  интоксиканттарға  жоғары  сезімталдығына  кедергі  жасайтын 
металлотиониндер  пайда  болады,  содан  соң  ауыр  металл  тұздарын  бейтараптауға  қабілетті 
және организмнің оларға сезімталдығын төмендететін арнайы ақуыздар синтезделеді. 
Ауыр  металл  иондары  ағзадан  әртүрлі  жолдармен  шығарылады.  Олар    ішек-қарын 
жолдары, бүйрек, тері, шаш және зәрмен, үлкен дәрет арқылы сыртқа шығарылады. 
Қорғасынның  ағзадан  шығарылуы  негізінен    ішек-қарын  жолдары,  әсіресе  тоқ  ішек 
арқылы  іске  асырылады.  Сүтпен  қорғасынның  аздаған  мөлшері  ғана  шығарылады.  Сонымен 
қатар ұйқы безінің сөлі және тағы да басқа асқазан сөлдері арқылы да шығарылады [5]. 
Атшабаровтың  еңбектерінде  баяндалғандай  қанға  сіңген  және  ұлпалардағы  қорғасын  
нәжіс  арқылы  сыртқа  шығарылады.  Сонымен  қатар  қандағы  қорғасын  иондары  бүйрек 
арқылы,  шумақталған  сүзгі  жолымен  сыртқа  бөлінетіні  анықталған.  Ал    жоғары  деңгейде 
каналдардағы  қорғасын  иондарының  тұрақты  мөлшерінің  қайта  сіңірілуі  байқалады.  
Қорғасынның сіңірілген мөлшері зәрдің  рН шамасына тәуелді. 


~ 177 ~ 
 
Қорғасынмен  уланған  жануарларға  цеолитті  енгізген  жағдайда  өтпен,  зәрмен  шығатын 
қорғасын  мөлшері  төмендеп,  қандағы  оның  концентрациясы  азаяды  да  қидағы  қорғасын 
мөлшері едәуір ұлғаяды. 
Кадмий  иондары  ағзадан  өте  қиын,  әрі  жәй  шығарылады.  Мұнда  да  негізінен    ішек- 
қарын жолдарымен сыртқа бөлінеді. Бұлшық ет арқылы енгізілген 900 мг кадмиден 38 күнде 
16,5  мг,  оның  ішінде  зәрмен  5  мг,  нәжіспен  11,5  мг  кадмий  бөлінгені  байқалады.  Қанға 
енгізілген кадмий төрт аптадан кейін ағзадан шығарылады [6, 74б].  
Кадмиймен  улану  кезінде  егеуқұйрықтардың  жиырылу  белсенділігі  күрт  төмендеп, 
эндотелий  тәуелді  реакциясының  жоғалуы  байқалған,  сонымен  қатар  СУМС  –  1  жасанды 
сорбентінің  кадмий  иондарының  тамырлы  эндотелийге  әсерін  төмендетіп,  залалсызданды-
ратындығын  және  тамыр  тонусын  реттеудегі  маңызды  элемент  –  тамыр  релаксациясының  
эндотелиалдық факторын сақтап қалатындығын дәлелдейді. 
Хром көбіне – көп  ағзадан бүйрек, ішек-қарын жолдары арқылы шығарылады. Рений – 
ағзадан нашар ерітінді күйінде ішек және зәр арқылы шығарылады. Тәжірибеде көрсеткендей 
Рениді  асқазанға  енгізгенде,  барлығы  ішек  арқылы  ағзадан  шығарылады.  Қояндарға  қан 
тамырларына  рениді  енгізгеннен  кейін,  оның  бауырда,  бүйректе,  көк  бауырда  көбірек 
жинақталғаны  байқалды.  Ал,  егеуқұйрықтарға  радиоактивті  изотопты  рениді  қан  тамырлары 
арқылы  енгізгенде,  төрт  сағаттан  соң  енгізілген  мөлшердің  теріде  0,58%  ,  асқазанда  0,03% 
қалқанша  безде  6,4%  көрсетті.  Бір  тәуліктен  соң  енгізілген  мөлшердің  92%  -  ы  және  16 
тәуліктен соң 99% зәр арқылы сыртқа шығарылады [7, 10-13бб].  
Ауыл  шаруашылығы  үшін  экономикалық    тұрғыда  тиімді  әрі  қойлайлы  табиғи 
адсорбенттер – цеолит және бентонит екені белгілі Соңғы уақыттарда  цеолит пен бентонитті 
азыққа  қосып  пайдалану  кеңінен  етек  алып  келеді.  Табиғи  цеолит  пен  бентонит  өте  жақсы 
адсорбенттер  әрі  залалсыздандырғыштар.  Олар  ағзадан  радионуклидтер,  зиянды  заттарды, 
ауыр металл тұздарын сыртқа шығаруға жақсы ықпал етеді, сонымен бірге, кобальт, марганец, 
кремни элементтерінің жақсы көздері болып табылады. 
Цеолит  ұрықтың  дамуына  тікелей  жануар  ағзасындағы  әртүрлі  зат  алмасу  және 
функциональді  қасиеттерін  жақсарту  арқылы  әсер  етеді,  сонымен  бірге  экзогенді,  эндогенді 
факторлардың  кері  әсерін  төмендетеді.  Бұзаулардың  өсіп,  дамуына  жақсы  әсер  етіп,  оларда 
ішек-қарын  аурулары  23%  төмендеп,  тыныс  алу  мүшелерінің  ауруы  17%  төмендегеніне 
Шадрин еңбектері дәлел бола алады [8,38-39бб ].  
Сонымен  жоғарыдағы  көрсеткіштерге  сүйене  отырып,  цеолит  пен  бентониттің 
организмді  улы  заттардан  залалсыздандыруда  бірден-бір  маңызды  минералдар    екені 
анықталды.  Қорғасынның  организмге  әсер  ету  механизмі  басқа  да  ауыр  металлдар  сияқты 
толық  зерттелмеген.  Қорғасынмен  улану  кезінде  патологиялық  процесске  бірінші  болып 
бауыр  ұшырайды  деген  жорамал  бар.  Таз  қарын  мен  өт  жолдарына  түтікше  қойылған 
қойларға  жүргізілген  созылмалы  тәжірибелер  және  иттерге  перфузия  жолымен  жасалған 
зерттеулер  нәтижесі,  оларға  20  мг/кг  мөлшерінде  сірке  қышқылды  қорғасын  тұзын  енгізу 
өттің  бөлінуін  төмендететінін,  ондағы  өт  пигменттерінің  деңгейін  арттырады.  Керісінше  өт 
қышқылдарының  концентрациясын  төмендететінін  көрсетті.  Тәжірибенің  бақылау  кезеңімен 
салыстырғанда  қорғасын  тұзын  енгізу  кезеңінде  өт  құрамындағы  аммиак  пен  мочевинаның 
артуы байқалды.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет