Нақты сандар облысында нольдің мынадай қасиеті бар екенін білеміз, ноль мен кез



Pdf көрінісі
бет54/131
Дата24.03.2022
өлшемі1,67 Mb.
#28682
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   131
ӘОЖ (УДК) 373 (075.8):53 
 
ОҚУШЫ  ЖЕТІСТІГІН  КРИТЕРИАЛДЫ  БАҒАЛАУ 
 
Шалхарова Балжан Өмірбекқызы 
Шымкент университетінің 2 курс магистранты 
 
Бағалау  –  алуан  түрлі  көзқарастағы  құбылыс  болып,  оқу  үдерісінің    түрлі  қырларын 
бейнелейді.  Бағалау  құбылысы  ақиқатты  анықтайтын,  оқушының  психологиялық  ерекшелік-
теріне  сәйкестендірілген:  адамгершіл,  ашық  және  көрнекі;  уәждеуші;  оқытушы;  дамытушы; 
өзін-өзі  бағалай  білу  қызметтерін  орындайтын  болуы  керек.  Қоғамда  білімгердің  білімін 
бағалау  үдерісі  білім  беруді  жүзеге  асырумен  қатар  пайда  болып,  тарих  тізбегінде  түрлі 
сатылардан өтті.  
Алғашқы  үшұпайлы  бағалау  жүйесін  орта  ғасырда  Германияда  пайдаланды,  мұнда  ең 
жоғарғы ұпай бірінші разряд болып есептелді. 
Ал,  Я.Коменский  (1592-1670)  оқушының  білімін,  білігін  және  дағдысын  бағалаудың 
бесұпайлық жүйесін енгізіп, оның критерийлерін жасап шығарды.  
1917  жылдан  Кеңестер  одағында  оқытудың  баға  қойылмайтын  жүйесі  құрылды.,  бірақ 
ол  оқушының  білімдік  сапасы  мен  тәрбиесіне  пайдасыз  болғандықтан,  алынып  тасталды. 
Сөйтіп  бақылаудың  негізгі  тәсілі  оқушының  өзін-өзі  бағалаудың  шешуші  түрі–тесттік 
тапсырмаларды  орындау  болды  да,  оқушыларды  сыныптан–сыныпқа  көшіру  мұғалімдердің 
пікірі арқылы жүргізілді. 
1935  жылы  бүкіл  елде  оқушының  білімін  бағалаудың  бесұпайлық  ауызша  жүйесі 
енгізілді («өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «нашар», «өте нашар»). Бұл бағалау сол 
кездегі  қоғам  сұранысына  сәйкес  келіп,  мектепте  социалистік  жарыс  идеясын  енгізуге  аса 
қолайлы  болды.  1950  жылдың  аяғында,  бұл  жүйенің  түрі  өзгертіліп,  білімді  бағалаудың 
цифрлік  жүйесіне    көшірілді.  («5»,  «4»,  «3»,  «2»,  «1»).  Бағалаудың  бұл  жүйесі  қазірге  дейін 
қолданылып келеді.     [1] 
Кейінгі  кездері  оқушы  білімін  бағалау  жүйесінің  қазіргі  қоғам  сұранысына  сай 
келмейтін  кемшіліктері  айқын  біліне  бастады.  Сондықтан  білім  сапасын  бағалаудың 
жаңартылған түрі қажет болды. Оның себептерін мыналармен түсіндіруге болады: 


~ 172 ~ 
 
- бес  балдық  жүйе  білімді  бағалаудың  тұрпайылау  түрі,  ол  оқушы  білімін  нақты 
айқындап көрсетіп бере алмайды; 
- бірдей  баға,  оқушы  білімінің  түрліше  сапалық  қасиеттеріне  қойылып  отырады. 
Мысалы, «төрт» деген баға оқулықтағы тапсырманы ауызша айтып бергенге де, күрделі есепті 
шығарған оқушыға да қойылады; 
- қорытынды  баға,  тепе-тең  емес  түрлі  іс-әрекеттің  арифметикалық  ортасы  ретінде 
қорытылып  шығарылады  (ауызша  жауап,  зертханалық  жұмыс,  есеп  шығару,  жоба  қорғау 
т.с.с.). Бұл әрине объективті емес, субъективті ғана;  
- субъективті  қойылған  бағаның    дұрыс  немесе  бұрыс  екендігін  салыстыратын  үлгінің 
болмауы; 
- оқушы  танымындағы  өзгерістер  мен  білім  саласында  қалыптасқан  қарым-қатынастар 
сипаты арасындағы қайшылықтардың болуы; 
- білім  беру  жүйесіндегі  болып  жатқан  өзгерістер  мен  осы  жүйені  басқарудың  сипаты 
арасындағы сәйкессіздіктердің тереңірек байқалуы; 
- білімгерлерге деген әлеуметтік сұраныстың өзгеруі. 
Қазіргі  білім  беру  жүйесінің  ерекшеліктерінің  бірі,  ол  оның  негізгі  тауары  – 
құзыреттіліктің болуы, яғни білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзыреттілігін дамыту, 
арттыру,  қалыптастыру.  Біз  оқушының  білімін,  біліктілігін,  дағдысын  бағалаудан  оның 
құзыреттілік қасиеттерінің қалыптасуын бағалауымыз керек. Қазіргі басты мәселе: оқушының 
жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасауы, өзін-өзі 
дамытуы, өзбетінше білімін көтеруі, ізденуі т.б. 
Міне, сондықтан қазіргі кезде оқушы білімінің нақты сапалық деңгейін  
бағалаудың жаңа, әрі тиімді тәсілдерін іздестіру проблемалық мәселеге айналды. 
Бағалаудың жаңа жүйелерін енгізу туралы мәселелер Ш.А. Амонашвили, В.Ф.Шаталов, 
Л.В.Занков, В.Л.Беспалько, Б.Г.Ананьев, А.Б.Воронцов т.б. еңбектерінде қарастырылған. 
Нәтижеде В.Ф.Шаталовтың оқытуды қарқындату жүйесі, білімді бағалаудың рейтингтік 
жүйесі, Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі, ал 70-жылдары білім беруді гуманитарландыру 
мақсаттылығын дамыту бағыты ұсынылды. 
Ал,  кейінгі  кездері  М.В.Золотованың,  А.Н.Майоровтың,  А.А.  Найдин-нің  т.б.  еңбекте-
рінде білімді бағалаудың жаңа сипаттағы әдістері ұсынылды. Әрбір ұсынылған жүйеде білімді 
бағалаудың  өзіндік  құнды  да  ерекше  жақтары  айтылып,  оны  іске  асырудың  әдіс-тәсілдері 
қарастырылған.  Сондай-ақ  бұлардың  барлығына  ортақ  бір  пікір  –  ол  оқушылардың  білімін 
критериалды  бағалау  тәсілін  қолдану  туралы  ойлардың  айтылуы  және  оны  оқыту 
практикасына енгізу жолдарының ұсынылуы. 
Әлемдегі  бағалау  жүйелерінің  көпшілігі  –  нормативті,  яғни  қандай  да  бір  белгіленген 
нормамен  салыстыру  арқылы  бағаланады.  Демек,  критериалды  бағалау  жүйесі  нормативті 
бағалау жүйесіне жатады.  
Критериалды 
бағалауға 
түрлі 
әдебиеттерде 
берілетін 
анықтамалар 
арасында 
өзгешеліктер бар. Мысалы: 
Критериалды  бағалау  –  білім  алушының  негізгі  құзыреттілігін  қалыптастырушы  білім 
алудағы  нәтижелерін    алдын-ала  анықталған,  бірлесіп  жасалған,  барлығына  белгілі 
критерийлермен салыстыру үдерісі.  
Критериалды  бағалау  –  бұл  білімнің  мақсаты  мен  мазмұнына  сәйкес  келетін, 
оқушылардың  оқу-танымдық  біліктілігін  қалыптастыруға  себепші  болатын,  айқын 
анықталған, ұжыммен бірлесе жасалған, білім үдерісінің барлық қатысушыларына алдын-ала 
белгілі  критерийлермен  білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  салыстыруға  негізделген  іс-
әрекет.  
Критериалды  бағалау  -  білім  мақсаты  мен  мазмұнына  сәйкес  келіп,  оқушының  оқу-
танымдық  құзыреттілігін  қалыптастыруға  мүмкіндік  туғызатын,  ұжымдық  түрде  жасалған 
және  барлық  критерийлер  үдерісі  қатысушылардың  әрқайсысына  алдын-ала  белгілі  болып, 
оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс.  
Оқушылардың  оқу  жетістіктерін  критериалды  бағалау  жүйесі    туралы    Ы.Алтынсарин 
атындағы Ұлттық білім академиясы да әдістемелік құрал дайындап, таратты.   [2] 


~ 173 ~ 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет