Нақты сандар облысында нольдің мынадай қасиеті бар екенін білеміз, ноль мен кез


Ата-аналар жиналысын дайындауға ұсыныстар



Pdf көрінісі
бет96/131
Дата24.03.2022
өлшемі1,67 Mb.
#28682
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   131
Ата-аналар жиналысын дайындауға ұсыныстар: 
1.  Жиналысқа  дейін  ата-аналармен  жиналыс  тақырыбына  сай  сауалнама  өткізу  керек. 
Ата-аналар сауалнама сұрақтарына өздеріне ыңғайлы  уақытта жуап береді.Педагог сауалнама 
нәтижелерін жиналыс барысында қолданады. Мәліметтерді өңдеу процесін тездету үшін, ата-
аналарға  графикалық  органайзерлер  түрінде  ақпаратты  беруге  мүмкіндік  беретін  Google 
дискіні қолдануға болады.  
2.  Ата-аналарды  қызықтыру  мақсатында  және  жиналысқа  қатыстыру  үшін    жиналыс 
тақырыбына сай  жапсырма түрінде шақыру қағаздарын дайындап жіберуге болады. Шақыру 
қағаздарын  балалармен  бірлесе  жасап,    жиналысқа  дейін  бір  жұма  бұрын  тарату  керек. 


~ 212 ~ 
 
Сонымен қатар, ата-аналар чатына балаларды қатыстырып шақыру видеосынтүсіріп жіберуге 
де өте тиімді.   
3.  Жиналыстың  тақырыбына  сай  ата-аналарға  нақты  кеңестер  жазылғанжадынамалар 
жасауға болады. Жадынама мазмұны  қысқа да нұсқа, үлкен шрифтпен жазу керек.  
4.    Ата-аналарды  жиналысқа    тарту  үшін  алдын  ала      тақырыпқа  сайәртүрлі  форматта: 
ойын,  жарыс  немесе  топ  балаларықолдан  жасаған  заттардан  (бұйым,  көрпешілер) 
көрмеұйымдастырған  тиімді.  Педагог  жасалған  әр  жұмысқа  тоқталып  ата-аналарға  
таныстырылым жүргізеді.  
5. Ата-аналардың назарын аудару үшін, алдын ала жиналыс тақырыбына сай балалардан 
сұхбат алып, олардың жауаптарын бейне таспаға түсіріпжазып алудың ықпалы мол болады.  
6.    Ата-аналарды  жиналысқа    тарту  үшін  алдын  ала  жиналыс  тақырыбына  сай 
балалармен бірлесе қолдан  жасалған плакаттардықолдану тиімді.  
7. Ата-аналар комитетінің отырысын жиналысқа дейін бір ай бұрын өткізу керек.Себебі 
осындай отырысбарысында  жиналыста  талқылауға  салынатын    өзекті  сұрақтарды  алдын  ала 
анықтауға  мүмкіндік береді.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет