Нақты сандар облысында нольдің мынадай қасиеті бар екенін білеміз, ноль мен кез


Ата-аналар жиналысын өткізу бойынша ұсыныстар



Pdf көрінісі
бет98/131
Дата24.03.2022
өлшемі1,67 Mb.
#28682
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   131
Ата-аналар жиналысын өткізу бойынша ұсыныстар: 
Дәстүрлі  форматтағы  ата-аналар  жиналысы  үш  бөліктен  тұрады:  кіріспе,  негізгі  және 
қорытынды.Өткізу уақыты – 1 сағат. (40 минут ата-аналармен , 20 минут балалармен бірге.). 
1. Кіріспе  бөлімінде  ата-аналардың  назарын,  жағымды  атмосфера  құруға  және  бірігіп 
шешетін  мәселелерді    ынталандыру  үшін    шақыру  өткізіледі.  Бұл  бөлімнің  мақсаты:  ата-
аналарды  жиналыс  тақырыбына  қызықтыру.  Жиналыс  тақырыбын  хабарлауда  қысқа 
тренингтік  ойындар  түрінде өткізуге болады.  
2. Негізгі  бөлімді  екі-үш  кезеңге  бөлуге  болады.  Ең  алдымен жиналыста  талқыланатын 
мәселелерді  анық  көрсетуге  мүмкіндік  беретін  ата-аналар  сауалнамасын  талдау  (тәрбиеші, 
психолог немесе т.б) (5-7 мин).  
 Жиналыс  тақырыбы  бойынша  (маман,  психолог,  тәрбиеші)  баяндамалары  мазмұнды 
және қабылдауға жеңіл болу керек(шамамен10 – 15 мин). 
Ата-аналармен  мәселені  талқылауға  (20  мин).  Талқылауда  ата-аналар  пассивті 
тыңдаушылар    болмауы  тиіс.Оларды  қатыстыру  мақсатында  жоғары  деңгейдегі  сұрақтар 
қойып, бала тәрбиелеу тәжірибелерінен практикаларынан мысалдар келтіргізу, педагогикалық 
жағдаяттарды  талдау,  өткізілген  ұйымдастырылған  оқу  қызметінен,  ойын  ойнаудан  және  
серуендеу кезіндегі   видеоүзінділерді көрсетіп талдау және т.б.  
Мысал  ретінде  баланың  топтық  өмірінен  қызықты  сәттерді  келтірген  дұрыс.Ақпарат 
беру  барысында  тәрбиеші  ата-аналар  мен    балаларға  наразылық  білдірмеуі    тиіс,  нақты  бір 
бала жайлы баяндамау, балалардың сәтсіз тұстарын айтпауға тырысу керек, ең бастысы – ата-
аналармен бірігіп талқыланатын мәселелердің шешу жолдарын анықтау.    
Бір  іс-әректтен  келесі  әрекетке  көшу  кезінде  музыка  қосып  қоюға  болады.  Жиналыста  
қарастырылатын жағдаяттарды мүмкіндік бойынша сахналаса жақсы болар еді. Өз идеяларын 
жеткізу    үшін  үнтаспа,  бейнетаспа,  фото  суреттер,    тірек  сызбалар,  көрнекіліктер  және 


~ 213 ~ 
 
балалардан алған сұхбаттарын қолдануға болады. Мұның бәрі жиналыстың тақырыбын ашып 
қабылдауға    көмектеседі.  Жиналыстың  бұл  бөлігін  өткізу  барысында  интерактивті  әдіс-
тәсілдерді, жұптық, топтық жұмыс түрлерін қолдануға болады.  
3. Ата-аналар жиналысының соңғы бөлімінде баланың балабақшадағы іс-әрекеті жайлы, 
бос  уақытын  ұйымдастыру,  балабақша  мен  отбасының  бірігіп  өткізетін  шаралары  жайлы 
әңгіме  жүргізіледі.Ата-аналарға  талқылауға  берілген    мәселелердің  алдын  алабірнеше  шешу 
нұсқаларын ойластырып қою керек, көмектесе алатын ата-аналарды анықтап сұрауға болады. 
Кейбір сұрақтарды ата-аналар комитетімен алдын ала шешіп алуға болады.Жиналыс аяқталар 
кезде хаттамада белгіленген  сұрақтар бойынша шешімдермен  таныстырып кездесу бойынша 
қорытынды  жасалады.Жиналысты  белгіленген  уақытта  аяқтау,  маңызды  мәселелердің  бірі 
болып  табылады.  Ата-аналармен  және  ата-аналар  өзара  қарым-қатынас  жасау    уақыттарын 
белгілеп беріңіз.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет