Некеден кейін әйел бақыты


Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет159/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   173
Некеден кейін әйел бақыты

 
258 
Енеңіз шекараңызды аттаса, қандай 
реакция беру керек?
 
 
Егер енеңіз «албасты, жексұрын, қақпас, 
есуас, түк көрмеген» деген сияқты сөздерді 
ұялмай айтатын болса, бұл сіздің шекараңызды 
«нагло» өтуіне саналады. Менің сөзіммен 
келіспеуіңіз мүмкін, бірақ мен қанша жерден икемді 
болыңыз десем де, шекараны осылай қатты аттаған 
адаммен қатты болуды дұрыс деп есептеймін. Яғни 
жұмсаратын, даналықты көрсететін, еркелеп, алдайтын 
кездер де болады, және өзіңіздің бағаңызды біліп, өз 
құрмет-сыйыңызды көрсететін кез де болады. Өзіме үлкен 
жауапкершілік алуға тартынамын, сондықтан, осындай 
сөздерді өзім енеден, күйеуден, басқа үйдің жақындарынан 
естісем, не істейтінімді айта кеткім келеді. 
«Сіздің бағаңызды жер қылып, аузына келген сөздерді 
айтса, бұл сіздің кінәңіз емес, сіз жаман адам емессіз, ол 
өзінің травмасынан» деп тағы да айта берсем болатын еді. 
Бірақ елдің бәрі «менде травма, менің тәрбием сондай» деп, 
аузына келгенін айта берсе не болады? Біз аузымызға 
келген сөздерді елдің бәріне айта бермейміз ғой, 
біріншіден, кім бізден әлсіз, соған күшіміз жетсе, айта 
аламыз. Мысалы, баланы алатын болсақ, кішкентай бала 
бұзық болса, тыңдамаса, біз қалағандай әрекет жасамаса
біз баланы ұра да аламыз, боқтай да аламыз. Себебі бала 
бізден әлсіз, бала өзін қорғай алмайды. Бұл жерде өзіміздің 
басқаруымыздың әлсіздігін, өзіміздің санамыз төмендігін 
айтпаса да болады, бұл негізгі себеп. Бірақ қанша жерден 
біздің санамыз төмен, басқаруымыз әлсіз болса да, біз өзін 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
259 
қорғай алатын, бізге жауап қата алатын, бізді жазалай 
алатын адамға дәл сондай қатынас көрсетпейміз. 
Бастығымызды 
жек 
көрсек 
те 
оны 
ұрмаймыз, 
боқтамаймыз. Себебі боқтасақ, бастығымыз бізді 
жазалайды, жауап қатады, және өз өзін қорғайтын болады. 
Дәл солай енемен де қарым-қатынасты айтуға болады.
Менің шыдамым үлкен, мен енемен де, күйеумен де, 
басқа да жақын адамдармен де қарым-қатынаста икемділік 
көрсетіп, алдап-сулап, пысық болып, неше түрлі 
техникамен конфликттерді алдын ала аламын, немесе 
кейбір сөздерді өз бойыма алмай, құлақ аспай жүре 
аламын. Бірақ менің ең басты өмірлік ережем-біреудің мені 
тікелей балағаттауын, сөзбен қорлауын ешқашан да 
көтермеу! Туған анам болсын, күйеуім болсын, енем 
болсын, мені «оңбаған, топас, кет бар үйден» деген сияқты 
сөздермен қорласа, менің қатынасым жәй ғана 2-3 сөйлем 
мен 1 әрекеттен тұратын болады. «Мама, мен ондай 
сөздерге лайықты емеспін. Өз қызыңызға осындай сөздерді 
айтқанын қаламасаңыз, біреудің қызына да солай 
айтпауыңыз керек» деймін де киімді жинап, 1-2 аптаға 
демалуға кетіп қаламын. Күйеуге де солай айтамын. «Мен 
ондай сөздерге лайықты емеспін, егер өз қызыңа ондай 
сөздерді біреу айтқанын қаламасаң, сен де біреудің қызына 
олай айтуға қақың жоқ» деп киімімді жинап, 1-2 аптаға 
демалуға барып келемін. Менің жақыным өз-өзімді қорғай 
алатынымды білуі керек. Бірақ мен өзімді шабуыл жасап, 
ұрып, аузымды толтырып қорғамаймын. Олай тек қана 
еркектер өздерін қорғайтын шығар. Ал мен 
әйелмін ғой, мен әлсіз жанмын. Маған тек қана 
сол адамнан тез арада дистанция ұстап өзімді 
қорғауға болады. Және Аллаһтан ғана пана сұрай 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет