Неміс классикалыќ философиясыныѕ ерекшелігі. Немiс халқының рухы тудырған ХVIII-ХIХ ғғ. философияға уақытында Ф. Энгельс «немiс классикалық философиясы»


Марксизм философиясы. Диалектикадаєы материализм тїсінігі



бет7/65
Дата16.05.2022
өлшемі340,53 Kb.
#34524
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   65
Марксизм философиясы. Диалектикадаєы материализм тїсінігі.

Маркстiк философиямен, жалпы алғанда, жан-жақты философиялық, әлеуметтiк-экономикалық, саяси iлiм ретiндегi марксизммен ТМД елдерi халықтарының ХХ ғасырдағы өмiрi және тағдыры өте тығыз байланысты. Дүниежүзiлiк тарихта алғашқы рет Кеңес Одағында марксизмнiң негiзiнде коммунистiк қоғам орнатуға бағытталған орасан зор әлеуметтiк батыл да қайғылы эксперимент 70 жылдан артық уақытқа созылды. Сол «жаңа қоғамды» орнату жолында миллиондаған адамдар осы әлеуметтiк эксперименттiң құрбаны болды. Ендi мiне, бүгiнгi өтпелi дәуiрде өмiр сүрiп жатқан адамдар сол заманға әртүрлi баға беруде. Бiреулер Кеңес Одағын қаһарлы тоталитаризмнiң дүниеге келуiне теңеп, ол қоғамды «қайыршылықтың теңдiгi» орнаған қауым деп есептесе, екiншiлер өткен тарихқа өкiне қарап, ондағы адамдық қатынастардың тазалығына, бiлiм беру, денсаулық сақтаудың ақысыз болғанына, жасөспiрiм балалар мен қараусыз қалған кәрiлерге деген мемлекеттiң көмегiн жылы шыраймен еске алады. Жалпы алғанда, бұрынғы Кеңес Одағынан тарихи алшақтаған сайын, оған қайта баға берiлiп, сол қоғамның көптеген жақсы жақтарын қайта жаңартып, өмiрге енгiзуiмiз керек деген пiкiрлер бүгiнгi таңда аз емес. Ал ендi тiкелей өзiмiз оқып отырған философия пәнiне келер болсақ, жақын тарихымызда «маркстiк философия – дүниежүзiлiк 2,5 мың жылғы тарихы бар философияның ең биiк шыңы» деген пiкiрде болғанбыз. Содан кейiн, өтпелi қоғамның шеңберiнде, оған қарама-қарсы, маркстiк философияның жетiстiктерiн жоққа шығаруға бағытталған «уақыттың талабына сай» өзгерiп отыратын адамдардың пiкiрлерi де көптеп пайда болды. Әңгiменiң шынына келсек, маркстiк философия – адамзаттың рухани iзденiсiнiң көп шыңдарының бiреуi, оны асыра да, кемiте де бағалауға болмайды, әсiресе оның гуманистiк, рухани жақтары осы уақытқа дейiн миллиондаған адамдардың жүрегiнде ұялаған. Сондықтан, жас дос, сiз бұл iлiмнiң негiзгi қағидаларын зерттеп, оны басқа iлiмдермен салыстырып және бүгiнгi адамзаттың алдында тұрған көп мәселелермен байланыстыра отырып, өз бағаңызды берерсiз деген ойдамыз. Маркстiк философияның негiзiн қалаған екi немiс ойшылы Карл Маркс (1818-1883 жж.) пен Фридрих Энгельс (1820-1895 жж.) болды. Егер К.Маркстiң әкесi сол кездегi iрi заңгерлердiң бiрi болса, Ф.Энгельс өзiнiң жеке меншiктегi фабрикасы бар iскердiң отбасында дүниеге келедi. Сондықтан олардың екеуi де өз заманындағы үлкен жоғары оқу орындарда оқып, бiлiм алады. Студенттiк жас кездерiнде олар «жас гегельшiлердiң» қатарында болғанымен, сол кездегi әлеуметтiк-саяси ахуал оларды буржуазиялық либерализмнен гөрi, революциялық демо- 233 кратизм жолына қарай итермелейдi. Олардың шынайы революциялық көзқарастарының қалыптасуына, әсiресе 1848 ж. Батыс Европа елдерiнде өте шиеленген қайшылықтардың негiзiнде пайда болған революциялар өзiнiң зор әсерiн тигiздi. Дәл осы кезде олардың философиялық көзқарастары өзiнiң кемелiне келiп, айрықша жүйе ретiнде қалыптасты. Оның негiзгi өзегi – дүниенi түсiнiп қана қоймай, оны қайта құру, өзгерту қажеттiгi, ал философияға келер болсақ, ол осы мақсатты рухани тұрғыдан негiздеуi қажет. Әрине, мұндай мақсат билiк басындағылардың үрейiн туғызды. Осы айтылған себептердiң негiзiнде К.Маркс қуғындауға ұшырап, қалған өмірін Лондон қаласында өткiзуге мәжбүр болды. Ф.Энгельс жан жолдасын материалдық жағынан оның өмiрiнiң аяғына дейiн қолдағанмен, К.Маркс кедейлiктiң, аурудың, кейбiр балаларының өлiмiн т.с.с. ауыртпалықтарды басынан өткiзiп, соған қарамастан, өмiрiнiң аяғына дейiн өзiнiң ғылыми еңбектерiн жазып, жұмысшылар қозғалысына белсендi қатысып, өз iлiмiнiң жарқын болашағына сендi.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет