Нәрестелік шақтағы психикалық дамудың алғы шарттары мен ерекшеліктері
Ерте сәбилік шақтағы бала психикасы мен ақыл-ойының дамуы
Нәрестелік кезең туралы түсінік.
Нәрестелік кезеі бала туғаннан бастап 1 жасқа дейінгі кезеңді қамтиды.
Нәрестелік шақ (туғаннан бастап 2 айға дейін)
Нәрестелік шақ – бұл нәрестелік жастың басталуы.
Бала өмірге келгендігін өзінің алғашқы жылауымен білдіреді. Бала туылған кезде физикалық тұрғыдан анасынан бөлінеді. Ол мүлдем басқа жағдайға тап болады: температура, жарық, кеңістік, тамақтану жолы, дем алудың басқа жолын талап ететін орта. Жаңа ортаға бейімделуі барысында бала дағдарысқа ұшырайды.
Нәрестелік кезеңнен өту кезеңі бір жастағы дағдарыс деп аталады. Бұл дағдарыс белгілері басқа әлеуметтік ортада емес, ең бірінші отбасында байқалады. Л.С.Выготский 1 жас дағдарысты баланың алғашқы автономды сөйлеуімен және өз бетінше алғашқы қадам басуымен байланыстырады. Бұл дағдарыс та әрбір дағдарыс сияқты, дербестілік, ызалану реакцияларының пайда болуымен байланысты болады. Үлкендердің бала тілегін, сөзін, ым-ишарасын түсінбегендіктен немесе түсініп, оған қажет нәрсені орындамау салдарынан балада реніш сезімі пайда болады. Бала бұл кезде жүре бастағандықтан немесе белсенді жылдам еңбектей алатындықтан, ол үйдегі көптеген заттарға қол жеткізе алады. Үлкендер өткір заттарды, розеткаларды жауып, ыдыстарды, кітаптарды жоғарыға қояды. Баланың барлық тілегін орындау мүмкін емес, себебі, оның әрекеті оған және айналасындағыларға кері әсерін тигізуі мүмкін. Бала «болмайды» деген сөзбен таныс, бірақ дағдарыс кезінде бұл сөз аса өзекті болып табылады.
«Болмайды» немесе «жоқ» деген кезде күйіп-пісу жағдайы белгілі бір шекке жетеді: кейбір балалар айқайлайды, жерге құлайды, жерді қолымен ұра бастайды. Күшті реніш әрекеттерінің пайда болуы, көбінесе отбасындағы тәрбие стилімен байланысты.
Баламен жаңа қатынас құру жолдары, яғни балаға көбірек еркіндік беру, үлкендер тарапына шыдамдылық пен сабырлық көрсету дағдарысты жеңілдетіп, балаға аса қатты эмоциялық күштен арылуға көмектеседі.
Өтпелі кезең беретін басты «Олжа» - Л. С. Выготский «автономды» деп атаған өзіндік ерекшелік бар тілі.
Бір жастағы бала жаңа кезең – сәбилік шағына аяқ басарда көп нәрсені үйреніп үлгереді. Ол жүре бастайды, заттармен әрекеттеседі, үлкендер сөзін біршама түсінетін болады. Сөздері анық болмаса да сөйлеуге талпынады. Танымдық және эмоциялық жағына дами түседі.
Нәрестенің эмоциялық сезімі. Нәрестенің сезімінің дамуы күнделікті өмірде берілетін тәрбие жағдайының әсерінен басқа да психикалық үдерістермен қатар дамып отырады.
Жаңа туған балаларда тек қана шартсыз рефлекторлық сезім реакциялары, мысалы, кенеттен жағдайдың өзгеруіне байланысты қатты дыбыстан тепе-теңдігін жоғалтады, қатты қорқып кетсе қорғаныс рефлексі жылау түрінде көрінеді.
Денесінің қысылғанын, не ауырғанын сезсе, тербету тоқталса, бала аяқ қолын қатты қозғалтып, долданып, қатты ашуланғанын білдіріп айғайлап жылайды. Осындай жағдайда тербетіп, жұбатып, сипалап үстінен қақсақ, балада жағымды эмоциялық көңіл-күй байқалады.
Ең алғаш сезімнің пайда болып көрінуі баланың барлық органикалық қажеттіліктерімен қанағаттандырылуы дені сау, тамағы тоқ, төсек орны жайлы, киімі құрғақ, өзіне шақ болса бала сергек көңілді болады, жағымды эмоция туғызады. Ал, керісінше, ашықса, суыққа тоңса, қажеттіліктерімен қанағаттандырылмаса, жағымсыз эмоциялар байқалады. Неғұрлым мейірімді үнмен сөйлеп жақсы қарым-қатынас жасасақ көңілденеді, жағымсыз эмоция ащы дәрі ішкен кезде де байқалады.
Қоршаған ортамен қарым-қатынас кеңейіп, әрекетінің түрлері күрделенген сайын сезіміде қиындап күрделене түседі.
2-ші айдың аяғында 3-ші айдың басында жандану комплексі байқалады.