Нәрестенің эмоциялық сезімі. Нәрестенің сезімінің дамуы күнделікті өмірде берілетін тәрбие жағдайының әсерінен басқа да психикалық үдерістермен қатар дамып отырады.Жаңа туған балаларда тек қана шартсыз рефлекторлық сезім реакциялары, мысалы, кенеттен жағдайдың өзгеруіне байланысты қатты дыбыстан тепе-теңдігін жоғалтады, қатты қорқып кетсе қорғаныс рефлексі жылау түрінде көрінеді.
Денесінің қысылғанын, не ауырғанын сезсе, тербету тоқталса, бала аяқ қолын қатты қозғалтып, долданып, қатты ашуланғанын білдіріп айғайлап жылайды. Осындай жағдайда тербетіп, жұбатып, сипалап үстінен қақсақ, балада жағымды эмоциялық көңіл-күй байқалады.
Ең алғаш сезімнің пайда болып көрінуі баланың барлық органикалық қажеттіліктері мен дені сау, тамағы тоқ, төсек орны жайлы, киімі құрғақ, болса бала сергек көңілді болады, жағымды эмоция туғызады. Ал, керісінше, ашықса, суыққа тоңса, жағымсыз эмоциялар байқалады. Неғұрлым мейірімді үнмен сөйлеп жақсы қарым-қатынас жасасақ көңілденеді.
Баланың әлеуметтік-эмоционалдық дамуы өзара тығыз байланыстағы екі негізгі процесті қамтиды:
баланың ересек адамның көмегін қажет ететін толық тәуелділігінің, жеке дербестікке біртіндеп ұласуы.
Бірінші айдың соңына қарай нәресте адам бетінде көзін бір сәтке тоқтатып, аяқ-қолдың ғана емес, ауыздың және көздің қозғалысын қысқа мерзімге тоқтата алады.Екінші айдың соңына қарай бала қозғалыстағы бет-әлпетті қадағалай алады, бұл ретте ересек адамның мейірімді дауысына күлімсіреу түрінде бірінші оң эмоция пайда болады.Өмірдің үшінші айына қарай жағымды әр түрлі сыртқы әсерлерге, балада "жандану кешеніне" бірігетін әр түрлі жағымды эмоциялық реакциялардың компоненттері жиі пайда болады.