Нәруыздардың жалпы қасиеттері


Амин қышқылдары – нәруыздардың құрылымдық бірлігі



бет4/6
Дата19.04.2023
өлшемі20,87 Kb.
#84441
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6

Амин қышқылдары – нәруыздардың құрылымдық бірлігі

Нәруыз молекуласының мономері

Полипептидтік тізбекті түзетін α-амин қышқылдары (АҚ) нәруыз молекуласының мономері болып табылады

Амин қышқылдарының химиялық табиғаты

Барлық АҚ α-көміртектегі бір сутек атомы амин тобына алмасқан карбон қышқылдырының туындылары болып табылады. Кез келген АҚ карбоксил тобы, амин тобы және бүйір тізбегі (радикал) бар

Тек глицинде радикал орнында сутек атомы бар және пролиннің амин тобының орнында имин тобы бар. Табиғаттағы 150 амин қышқылынан табиғи ақуыздарда олардың 20-сы кездеседі.



Амин қышқылдарының жіктелуі
АҚ жіктеледі


радикалдың құрылысы бойынша: ациклді және циклді;

функционалды топтар бойынша: моноаминмонокарбон (МАМҚ) – гли, ала, сер, цис, тре; моноаминдикарбон (МАДҚ) – глу, асп; диаминмонокарбон (ДАМҚ) – лиз, арг;

радикалдардың полярлығы бойынша: полярлы және полярсыз. Полярлы бөлінеді: ионогенді және ионогенді емес (1 кесте);

физиологиялық маңызы бойынша АҚ алмастырылатын, шартты түрде алмастырылатын және алмастырылмайтын.

Алмастырылмайтын АҚ (три, фен, лиз, вал, тре, мет, лей, иле) жануар ағзасында синтезделмейді, сондықтан үнемі тағаммен түсіп тұруы керек.

Шартты түрде алмастырылатын (арг, гис) ағзада жеткіліксіз түрде синтезделеді, сондықтан олардың мөлшері тағаммен толықтырылуы тиіс.

Алмастырылатын амин қышқылдары ағзада синтезделеді.

Нәруыздарға жасалатын түсті реакциялар

Жалпы түсті реакциялар

Нәруыздар түсті өнімдердің түзілуіне әкелетін ерекше түсті реакциялар береді. Нәруыздарға жалпы түсті реакциялар тән. Оларға пептидтік байланысқа жасалатын биурет реакциясы және α-амин қышқылдарына жасалатын нингидрин реакциясы жатады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет