Химия пәні бойынша 10-сыныптарға тест жұмысы 1-нұсқа



бет1/5
Дата24.04.2023
өлшемі44,06 Kb.
#86093
  1   2   3   4   5

Химия пәні бойынша 10-сыныптарға тест жұмысы


1-нұсқа



  1. Ковалентті байланыс дегеніміз?

А) бұл бір молекуладағы оң полюстенген сутек атомы мен екінші молекуладағы теріс полюстенген фтор, оттек және азот атомы арасында түзілетін байланыс
Б) металл иондары мен бос электрондар арасында түзілетін байланыс
В) ортақ электрон жұбы арқылы түзілетін байланыс
Г) катиондар мен аниондардың электростатикалықтартылуы есебінен түзілген байланыс
2. Натрий гидроксиді әрекеттесуі мүмкін зат? А) О2
Б) НСІ
В) NaOН
Г) Н2О
3. Ковалентті байланыстар неше түрге бөлінеді?
А) 2
Б) 4
В) 1
Г) бөлінбейді
4. LiCl молекуласында қандай байланыс түрі болады?
А) ковалентті
Б) ионды
В) металдық
Г) сутектік
5. Мырыштың сыртқы энергетикалық деңгейінде неше электрон орналасқан?
А) 12
Б) 8
В) 4
Г) 18
6. Мыс атомында протон мен нейтрон саны қанша?
А) 29 p, 35 n
Б) 29 p, 29 n
В) 35 p, 29 n
Г) 64 p, 35 n
7. 4 г натрий гидроксиді тұз қышқылы мен әрекеттескенде түзілген тұздың зат мөлшері (моль) қанша? NaOН + НСI → NaСІ + Н2О
А) 0,05 моль
Б) 0,1 моль
В) 5,85 моль
Г) 4 моль
8. 1,2 г магний тұз қышқылымен артық мөлшерімен әрекеттескенде түзілген сутегінің (қ.ж.) көлемі (л) қанша? Мg + 2НСI → МgСІ2 + Н2
А) 1,24 л
Б) 1,12 л
В) 1,65 л
Г) 1,82 л
9.Электролиз дегеніміз-...
А) тұрақты токтың әсерінен электролиттердің сулы ерітінділерінде немесе балқымаларында жүретін тотығу-тотықсыздану процесі
Б) ерітілген тұз бен су молекулаларының арасында аз диссоциацияланатын өнімдер түзіп, ортаның рН мәнін өзгерте жүретін алмасу реакциялары
В) теріс таңбамен алынған сутек иондарының молярлық концентрациясының ондық логарифмі
Г) сутек және гидроксид иондарының концентрациялары бірдей ерітінділері
10. Тепе-теңдіктің бұзылуынан болған концентрацияның өзгеру процесі қалай аталады?
А) Ле-Шателье принципі
Б) тепе-теңдіктің ығысуы
В) эндотермиялық реакция
Г) экзотермиялық реакция
11.Тек металдар орналасқан қатарды көрсетіңіз:
А) Са, Zn, Cr
Б) B, As, Te
В) O, S, Se
Г) Pb, Sn, Si
12. Неліктен d-элементтерді ауыспалы элементтер деп атайды?
А) себебі s-элементтерден кейін орналасқан
Б) s-элементтер мен р-элементтер арасында орналасқан
В) типтік металдар мен типтік бейметалдар арасында орналасқан
Г) сілтілік металдар мен сілтілік-жер металдары арасында орналасқан
13. Қай қатарда тек d-элементтер орналасқан?
А) Na, Zn, K, Ca
Б) Cu, Mg, Al, K
В) K, Na, Cr, Rb, Fe
Г) Cu, Zn, Cr, Fe
14. Темірдің қандай құймалары бар?
А) жез, феррохром
Б) жез
В) нейзильбер, цинкаль
Г) шойын, болат
15. Жемірілу дегеніміз не?
А) қоршаған орта факторлары әсерінен металдардың бүліну құбылысы
Б) химиялық факторлар әсерінен металдардың бүліну құбылысы
В) химиялық факторлар әсерінен бейметалдардың бүліну құбылысы
Г) қоршаған орта факторлары әсерінен бейметалдардың бүліну құбылысы
16. 40 г 10%-ті мыс сульфаты натрий гидроксидімен әрекеттескенде түзілген мыс (ІІ) гидроксидінің массасы қанша? CuSO4 + 2NaOH→ Nа2SO4 + Сu(ОН)2
А) 3,45 г
Б) 2,75 г
В) 2,45 г
Г) 3,15 г
17. Массасы 316 г 25%-ті КМnО4 ерітіндісі тұз қышқылымен әрекеттескенде түзілген хлордың (қ.ж.) көлемі қанша? 2КмnO4 + 16НСІ → 2MnСІ2 + 2КСІ+ 5СІ2 + 8Н2О
А) 25 л
Б) 28 л
В) 26 л
Г) 20 л
18. Ас содасының формуласы қандай?
А) NaHCO3
Б) Na2CO3
В) NaCl
Г) NaOH
19. Егер реакцияның температуралық коэффициенті 3-ке тең болса, температураны 300 С-қа көтергенде, реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді?
А) 3 есе артады
Б) 9 есе артады
В) 27 есе артады
Г) 81 есе артады
20. С2Н4 + 3О2 = 2СО2 + 2Н2О реакциядағы оттегінің концентрациясын 2 есе көбейткенде реакция жылдамдығы қалай өзгереді?
А) 4 есе артады
Б) 8 есе артады
В) 9 есе артады
Г) өзгермейді




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет