Нормaтивті сілтемелер



бет77/78
Дата06.01.2022
өлшемі13,49 Mb.
#13763
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78
Байланысты:
Жұмашев К.

ҚОРЫТЫНДЫ

Бүгінгі заман талабына сай білім мен тәрбие беруде инновациялық іс- әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін игеру маңызды мәселе. Оқу үрдісін мемлекеттік білім беру стандарты деңгейінде ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді қажет етеді.

Қазіргі заман мектебі жоғары деңгейде маманданған кәсіпқой мұғалімді күтуде. Бүкіл әлем бұл күнде тәлім-тәрбие қызметіне ең білгір, ең талантты, өте жауапты, бәсекеге қабілетті педагог-мамандарды қатыстыру қажеттігін мойындап отыр.

Зерттеу жұмысымызда білім беру саласындағы инновациялық әдістер арқылы оқытудың мәселелерін зерттеген көптеген ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынды. Жұмыс барысында алдымызға нақтылы мақсаттар қойып, маңызды міндеттер шешілді.

ЖОО - да білім беруде қолданылатын бірнеше инновациялық әдістер мен тәсілдер арқылы пәндерді оқытуда және ғылыми зерттеулер жүргізуде тиімділігі көрсетілді. Берілген талдаулардың жаратылыстану ғылымдарының оқыту үдерісінде келер ұрпаққа қоғам талабына сай білім беруде инновациялық іс- әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін қалыптастырудағы маңызды зор.

Әдістемелік бағыт теория мен практиканың байланысын көрсетеді. Биологиялық білімді дамытуға бағытталған зерттеулер барысында соя өсімдігінің биологиялық ерекшеліктеріне морфологиялық-анатомиялық зерттеулер жүргізілді.

Оқу үдерісін ұйымдастыру мақсатында жүргізілген оқу-әдістемелік тәжірибелер нәтижесінде биологиялық білімді тереңдетіп оқуға негізделген ғылыми-теориялық ақпараттар алынды және тұжырымдар жасалды.

Осыған орай, өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы пәнін оқытуда болашақ биология мұғалімдерінің инновациялық ойлауын қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері айқындалып, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді:



  1. Қазіргі заманауи кезең педагогтың кәсіби қызметі жаңашылдық пен шығармашылықты, әр педагогикалық қадамды қабылдау ерекшелігін, түрлі жағдаяттың оңтайлы шешімін табуды талап етеді. Жаңашылдық жалпы білім беру жүйесімен оған қатысушы жекеленген субъектілердің дамуы мен жетілуіне айрықша ықпал етеді. Соған байланысты «Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы» пәнін оқытуда болашақ биология мұғалімдерінің инновациялық ойлауын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық негіздері айқындалды.

  2. Ұсынып отырған болашақ биолог мамандарының инновациялық ойлауын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі құрастырылып, мақсаттылық, мазмұндық, бақылау-бағалаушылық, нәтижелік блоктары жасалды. Сонымен бірге мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік компоненттеріне теориялық сипаттама бере отырып, өлшемдері мен көрсеткіштері және оларға сай деңгейлері анықталды. Инновациялық әдістерді оқу үдерісіне пайдалану білім алушылардың биологиялық білімін жетілдіруге, тұлғалық, іскерлік

қабілеттерінің дамуына тікелей әсер етеді. Осы моделді жасау арқылы зерттеудің мақсаты айқындалды.

  1. «Өсімдіктер анатомиясы мен морфология» пәнін оқытуда соя өсімдігін зерттеудегі ғалымдардың еңбектеріне және заманауи оқыту үдерісінде қолданылатын инновациялық әдістерге талдау жасау арқылы болашақ биолог мұғалімдерінің инновациялық ойлауын қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалды.

  2. Соя өсімдігінің биологиялық ерекшеліктерін пайдалана отырып, биологиялық тәжерибилер арқылы студенттердің инновациялық ойлауын қалыптастырудың мазмұны анықталып, әдістемесі жасалды.

  3. Болашақ биолог мамандардың инновациялық ойлауын қалыптастыру әдістемесінің тиімділігі педагогикалық эксперимент арқылы тексеріліп, оқу үдерісіне ендірілді.

«Өсімдіктер анатомиясы мен морфология» пәнін оқытуда болашақ биология мұғалімдерінің инновациялық ойлауын қалыптастырудың әдістемесін жасауда эксперименттік-тәжірибе жұмыстaры Қaзaқ мемлекеттік қыздaр педaгогикaлық университетінде тәжірибеден өткізілді. Экспериментке «5В011300-Биология» мaмaндығының студенттері қaтысты. «Өсімдіктер анатомиясы мен морфология» пәнінде студенттер тәжірибе түрінде соя өсімдігінің морфологиялық және анатомиялық құрылысына өсу жағдайының әсерін жан-жақты эксперимент жүргізу арқылы зерттеп, нәтижесінде эксперименттік топ студенттері жоғары деңгейде 12-ден 36-ға артқан, орта деңгейдегі бастапқы кезеңде 20 студент болса, соңына қарай 28-ге дейін жоғарылады. Ал, төменгі деңгей бастапқы кезеңде 38-ден 6-ға дейін төмендеді.

Бақылау тобында жоғары деңгейде бастапқы және соңғы кезеңінде өзгеріс болмады. Орта деңгейде 21 студентті көрсетсе, тәжірибелік эксперименттен кейін 20-ға кеміді. Ал, төменгі деңгей бастапқы кезеңде 38-ден 39-ға дейін өзгерді.



Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы пәнін оқытуда инновациялық технологияларды пайдалана отырып оқыту студенттердің білім деңгейін арттыратындығы 4 жылдық эксперимент нәтижесінде айқындалды және педагогикалық эксперимент арқылы тиімділігі дәлелденді. Алынған оң нәтижелер оқу процесіне ендірілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет