Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы



бет3/9
Дата26.06.2022
өлшемі42,44 Kb.
#37322
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Коммуникация- ақпарат алмасуды көздейтін кез-келген сипаттағы объектілер арасындағы белсенді әрекеттесу түрі. Коммуникация арқылы адамдар арасында қарым-қатынас, байланыс пайда болады. Ал коммуникация пайда болған жерде аудару, аударма саласы маңыздылыққа ие болады.
Аударма- өте көпмағыналы сөз.
Аударма- бір тілдегі мәтіннің мағынасын түсіндіру және өзге тілге анық, нақты әрі түсінікті жеткізу. Аударма қысқаша айтқанда өзге елдер арасындағы байланыстырушы көпір. Біз аударманың дамуы арқылы өзге елдермен байланыс орната отырып, оларды түсіну қабілетіне ие болдық. Аударма қаншама ғасырлар бойы қалыптасқан үлкен салалардың бірі. Аударма саласы өте терең әрі қиын салалардың бірі болып табылады.
Аударма тарихы. Аударма- өте ертеден келе жатқан сала. Зерттеушілердің айтуынша аударма лингвоэтникалық барьерді жою мақсатында туылған. Әрі аударма өзге елдегі жаңалықтардан хабар алып, сол елдердің өмір сүру ағымына ілесіп даму мақсатында қолға алына бастаған.
Ғалымдар аударма саласын зерттей отырып, өзге тілді аудару барысында тек ол елдің тілін ғана емес, сонымен қатар, дәстүрін де, даму сатысын да, сол ұлттың әдебиеті мен мәдениетінің тарихын да зерттеу керектігін ұғынды.
Мәдениет- адам өмірінің әртүрлі салаларында үлкен мәнге ие ұғым.
Мәдениет- философия, мәдениеттану, тарих, өнертану, саясаттану, этнология, психология, экономика, педагогика және т.б салаларын да өзіне қамтиды. Мәдениет елдердің болмысын, тұрмыс-тіршілігін ашып көрсетіп, сипаттайтын ұғымдардың бірі. Біз өзге елдің мәдениетін білу арқылы, олардың салт-дәстүрімен, тілімен, адамдарының мінез-құлқымен таныса аламыз.
Мәдениет-сананың «жұмысына», рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру және рухани құндылықтарды іске асыру үшін оның белсенділігіне байланысты процесс. Оның негізінде адамдардың қоршаған болмысы мен өзі туралы белгілі бір көзқарастары, идеялары, ілімдері қалыптасады және қоғамның рухани байлығы мен рухани мәдениетін құрайтын рухани құндылықтар құрылады.
Аударма саласында айтып өткендей тек мәдениет қана маңызды емес, әдебиет те өте үлкен маңызға ие. Себебі, байқасақ біз өзге елдер туралы көптеген мәлімет білмесекте, олардың танымал авторлары мен суретшілерін танып жатамыз.
Автор- (лат. Жаратушы, негізін қалаушы)- өнертануда, философияда эстетикалық, сондай-ақ, мәдени-әлеуметтік категория ретінде қарастырылатын ұғым. Қазіргі өнертануда, әдебиеттануда қалыптасқан түсінік бойынша автор – өнер туындысын жасаушы, қаламгер, өз шығармасы арқылы өзінің дара көркемдік танымын әйгілейтін шығармашылық тұлға.
Автор- белгілі бір шығарманы, еңбекті, жобаны жазған адам. Романның авторы, жобаның авторы, мақала авторы. Әдебиеттегі ерекеше ұғымдардың бірі ол- иелес автор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет