НұСҚаулар «Энергетикалық жүйелер»



бет9/13
Дата02.03.2023
өлшемі1,97 Mb.
#71136
түріНұсқаулар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Жұмыстың мазмұны

1. Программаның жұмыс терезесінде схемаларды жинау.


2. Тоқ пен кернеу шамаларын өлшеу.
3. Есептеу жолымен тоқ пен кернеу мәндерін анықтау.
4. Есептелген және өлшенген шамаларды салыстыру. Салыстыру негізінде қорытынды жасау.


Жұмысты орындауға нұсқау

Берілген зертханалық жұмыс кезекпе-кезек есептеу әдісін практикалық түрде үйренуді талап етеді. Жұмыс барысында 4.2 суретінде келтірілген схеманы жинау керек. Қоректену кернеуінің мәндері 100-500 В, резистордың мәндері 100-ден 1 кОм дейін. 4.2 суреті бойынша өлшеу құралдарын пайдаланып тоқ пен кернеу шамаларын өлшеу. Ол үшін тоқтарды өлшеу керек:


- К1 и К2 кілттері тұйықталған уақытта;
- К1 кілті тұйықталған, ал К2 кілті алшақ тұрғанда;
- К2 кілті тұйықталған, ал К1 кілті алшақ тұрғанда.



Сурет 4.2 Электр тізбегінің орын басу схемасы

Қоректену кернеуі мен резисторды бекітілген мәндері арқылы өлшегеннен кейін:


- әр ЭҚК пайда болатын тоқтарды есептеу қажет;
- орын басу схемасында өтетін толық тоқтарды табу қажет (сур. 4.2).
EWB программасында жұмыс барысы:
1) Basic пиктограмма қатарынан кілтті таңдаймыз . Тышқанның сол жақ кнопкасын басып EWB жұмыс терезесіне алып шығамыз.
2) Жұмыс терезесіне тағы бір кілтті шығарамыз.
3) Тышқанның сол жақ кнопкасын екі рет басу арқылы кілттің жөнге келтіру бөліміне кіріп, келісім клавишасын “A” деп ауыстырамыз (сур. 4.3).

Сурет 4.3 Еlectronics Workbench программасында сөндіргішті таңдау


4) Екінші кілт үшін тура осы процессті қайталап, келісім клавишасын “B” деп ауыстырамыз (сур. 4.4).



Сурет 4.4 Еlectronics Workbench программасында сөндіргішті таңдау


Енді “A” клавишасын басқанда – сол жақ кілт жұмыс істейді. “B” басқанда – оң жақ кілт.


5) Пиктограмма қатарынан керекті элементтерді таңдап, номиналдарын өзгертіп бір-бірімен жалғаймыз (зерт.жұм. № 1,2 қара). Электр схемасының виртуальды түру келесідей болады (сур 4.5)

Сурет 4.5 Еlectronics Workbench программасында электр схемасының виртуальды моделі






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет