Нурафина иждагат шолтыровна



Pdf көрінісі
бет8/23
Дата31.03.2023
өлшемі283,48 Kb.
#78108
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Байланысты:
Нурафина-География

«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Осындай орографиялық объектілердің атауларына қарап
этнооронимдер ертеде белгілі бір аймақтардың (не объектілер) белгілі
бір руларға заңды түрде бекіту болғандығын көреміз. 
Қазақстанда жерді су суаруға бас арықты пайдалану үшін қазақтар
ру жақындығы бойынша 15-20 шаңырақтан төбе болып бекітілген.
Негізгі арықтар әрқашан белгілі бір рулардың меншігінде болған.
Шымкент облысының Созақ ауданындағы Шу өзенінің төменгі
арнасын бұрып жасаған арықтан «Тарақты арығы», «Уақ арығы»,
«Қоңырат арығы» деп аталады. Оңтүстік Қазақстан территориясынан
үш жүзге қатысты рулардың орналасуының картасын көруге болады.
М.С.Мұқанов ХІХ- ғасырдың екінші жартысындағы қазақтарда
Сырдария облысы Қазалы Перовскі уездеріне орналасуы туралы
мақаласында былай дейді: «Қазалы уезін кіші жүздің рулары
мекендейді. Оның көбі сол жүздің үлкен рулардың бірі - Әлім ұлының
үлесінде. Ал, Перовскі уезінде кіші жүзден – Жеті ру және Байұлы,
Орта жүзден – Қыпшақ пен Найман рулары мекендейді. 
Босаға-Шымкент облысының Шәуілдер, Семей облысының Абай
және Торғай облысының Жангелдин ауданындарындағы жер атауы.
«Босаға» сөзінің төркіні туралы жазылған пікірлер өте тапшы,
кейбіреулері оны өзімізге белгілі есік босағасымен (табалдырық пен
маңдайшаның аралығындағы тіреу ағаш) салыстыру ғана шектеледі.
Кейбір тіл деректеріне көз салсақ, «Босаға» сөзінің өзіміз білетін
бағынасынан «есікпен байланысты» басқа да мағынасы бар: 1)тау
кемері; 2)есік босағасы. Бұдан әрігірек барсақ, алтай тіл жүйесіне
жататын тунгус – Мань Чужур тобындағы кейбір тілдердегі «босаға»
тұлғасы біздің түсінігіміздегі «тау баурайы» дегенді білдіреді. Осыған
қарап «босаға» сөзінің алғашқы мағынасы тек жер бедерімен
байланысты туғандығымен түсіну қиын емес. 
Боралдай-Алматы төңірегіндегі жер және елді мекен атауы. Оңтүстік
Қазақстан және Қырғыз жерінде де бұл іспеттес жер, тау атаулары
ішінара кездесіп отырады. 
Бір зерттеуші бұл атауды біріккен сөз ретінде қарастырып «борал»
тұлғасын «бұрма, бұрыс, теріс» , ал «дайды», «тау» дегенімен
жағыстырады. Егер бұл тұрғыда түсінсек, «Боралдай» дегеніміз «бұрыс
тау, теріс тау» болып шығады. Алдымен «Боралдай» деген жер атауы
немен байланысты пайда болғанына тоқталайық. Қалмақ тіліндегі
«буурада» қалпында дыбысталатын сөз «жусан» (өсімдік) ұғымын
береді. Демек, «Боралдай» дегеніміз «жусанды, жусан көп өсетін» жер
деген ұғыммен сәйкес келеді. 
19


«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Осыған қарап, әңгіме болып отырған жер аты қалмақ тілінен
ауысқан десек те теріс бола алмас еді. Өйткені бұл да түркі
тілдерімен тектес. Алайда, тіл деректерін тексере түссек, мынандай
мәліметтерге тап боламыз. Тува тілінде (бұл түркі тобына жатады):
«Боралдыр» сөзі қазіргі біздің тіліміздегі «күлгін» деген түстін
сипатын білдіреді. Егер жусан өсімдігін көргендерін болса, оның
кейбірінің «күлгін» түсті болатындығын білесіндер. Осы түстес өсімдік
қана емес, құс болса да осындай меншіктенетін мына бір дерек
анықтай түседі. Түркі тілінде «борулдай» сөзі «күлгін түсті құс» деген
мағына береді. Сөйтіп бұл сөздің түп - төркіні түркі тілдері екен. 
Дегерес-Қазақстанның оңтүстігіндегі таулы өлкелерде ұшырасатын жер
атауы, осы атаудың шыққан тегі , төркіні туралы пікір айтушылар не
«дегерес» сөзінің мағынасын манғолдың «тау теке» ұғымын беретін
«дзер герес» тіркесінен пайда болған деп жорамал жасайды. Маңғол
тілі сөздігін түзе қарап шыққанда мынаны байқадық. Осы тіркестегі
«Гороос» (авторша айтсақ - герес) сөзі «ешкі» немесе «теке» ұғымын
ғана береді деу қиын емес. Сондай-ақ тіркестері көрсеткен екі сөздің
алғашқысы – «дзор» автор көрсеткен сөздікте кездеспейді де. Осы
себептерден де бұл жорамалды жөн көрмедім. Екінші бір автор
«дегерес» сөзінің төркіні түркі тілдеріндегі «тегер» («дөңгелек,
шеңбер» мағынасын беретін) сөзімен байланыстырады да, оған – ес
жұрнағы қосылған деп келте қайырады. Бұл да шындыққа онша
жанаса бермейді. 
Біздің байқауымызша «дегерес» - жоғары жер атауына негіз болған
моңғол сөзі: дігуур – жоғары, түсті; дээгуур жоғарғы , үстінгі болса
керек. Сонымен қатар қалмақ тілінде де «деерэс» немесе «деегур»
тұлғалары біздің тіліміздегі «үсті, жоғары жақ» мағыналарына ие.
Моңғол тілінде көптікті білдіретін мұндай мғынаны «дэгэре» сөзі де
бере алатынын ескерпекпіз. Міне осы тұлғаға моңғол тілінде көптікті
білдіретін - с жұрнағын қоссақ, қалмақ тіліндегі «деерэс» сөзіндегі «Г»
дыбысы түсірілген десек, біздегі «дегерес» сөзімен тұлғаластық заңды
түрде туып тұр. 
Егер жер бедерін ой, қыр немесе жазық тау деп бөлсек, ой мен
жазық әдетте төменгі жақ, ал қыр мен тау – үстінгі , жоғарғы жақ
болып та аталатынын ескерсек, біздегі «дегерес» пен моңғол тіліндегі
«дэгэрэ» , не қалмақтардағы айқын көрініп тұр. 
20


«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет