Нурафина иждагат шолтыровна



Pdf көрінісі
бет4/23
Дата31.03.2023
өлшемі283,48 Kb.
#78108
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Осылай, XVIII - XIX ғасырларда топонимика саласының негізі қаланып,
айтарлықтай материал жинақталып, топонимияның жиі кездесетін
заңдылықтары анықталды.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында академик Л. С. Берг өзінің
еңбектерінде танымал географиялық терминдер мен топонимдерді жинау,
жіктеу, зерттеу және қолданудың география ғылымы үшін маңыздылығы
туралы жазған. Ол былай деп жазды: «Тұрақты жергілікті халықтың
ғасырлар бойы бақылауы мен данышпан халықтың шығармашылығының
нәтижесі бола отырып, халықтық терминдер филологтар мен әсіресе
географтардың назарына лайық». Автор алғаш рет терминдерді
семантикалық өзгеріс феноменін байқап, кейін әртүрлі топонимикалық
жүйелердің мысалдарын зерттеген. Топонимдерді географиялық зерттеуді
қалыптастыру және дамыту үдерісіндегі маңызды кезең - ұлы ғалым-
географ В.П. Семенов-Тянь-Шанскийдің жұмыстары.
Топонимика ғылым ретінде ХХ ғасырдың екінші жартысындағы
ғалымдардың еңбектерінің арқасында дамыды. А.В. Никонов бірқатар
топонимикалық заңдарды тұжырымдады, топонимияның тарихилығын
көрсетті, типологиясы мен жіктелуін жетілдірді. А. В. Суперанская жалқы
есімдердің теориясын дамытуға айтарлықтай үлес қосты. Топонимикалық
зерттеулердің теориялық негіздері О.Н.Тручевтің, В. Н. Топоровтың,
Н.И.Толстойдың, А.Поповтың, Ю.А.Карпенкодың және т. б. ғалымдардың
шығармаларында қарастырылған.
Заманауи геотопонимикалық зерттеу бағытының негізін қалаушы ретінде
Е.М.Мұрзаевті қарастыруға болады. Ол танымал географиялық
терминдерден географиялық ақпарат алу әдісін ұсынды. Автор топонимдер
географиялық орта туралы ақпарат көзі ретінде қарастырды.
Э.М.Мұрзаевтың көпжылдық зерттеулерінің нәтижесінде көптеген
жұмыстар жазылды, соның ішінде «Халықтық географиялық терминдер
сөздігі». Е.М.Поспеловтың еңбектері топонимикадағы математикалық және
картографиялық әдістерге, халық терминологиясы және географияны
оқыту үдерісінде топонимияны қолданысына бағытталған.
Әлемнің түкпір-түкпірінде географиялық атауларын зерттеуге
айтарлықтай үлес қосқан ғалымдар: А. Доза, А. Шерпилё (Франция); Г.
Краэ, М. Фасмер(Германия), Э. Экуолл, А. Смит, А.. Рум, С. Мэттьюз
(Великобритания); А. Профоуз, В. Шмилауэр (Чехия); В. Тащицкий, Й.
Сташевский, С. Роспонд, К. Рымут (Польша); В. Георгиев (Болгария); Л.
Киш (Венгрия), И. Иордан, Г. Драгу (Румыния); М. Ольсон (Швеция); Дж.
Р. Стюарт, Н. Холмер (США), Дж. Армстронг (Канада), А. Кардозу
(Бразилия) және т. б. көптеген ғалымдар. 
10


«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Ороним - жер үсті қабатындағы нысандарының: тау, қырат, шың
атаулары. Мысалы: Алатау, Хан Тәңірі, Алтай, Орал, Қаратау.
Спелеоним - жер асты қабатының нысандарының: үңгір, құдық, жар,
лабиринт, сифон, жер асты өзен атаулары.
Хороним - кез келген территория, аймақ, облыс, аудан атауы. Мысалы:
әкімшілдік, қалалық, табиғи хоронимдер, Шығыс Қазақстан, Орта Азия,
Еуразия, Алматы облысы, Қызылжар ауданы.
Агроним - жер бөлімшелерінің атауы.
Гидроним - су нысандарының атауы.
Потамоним - өзен атауы.
Лимноним - көл, көлшік, тоған атаулары. Мысалы: Балқаш, Сасықкөл,
Алакөл, Жалтыркөл.
Гелоним - саз, батпақ атауы.
Океаноним - мұхит не оның бөліктерінің атауы. Мысалы: Атлант
мұхиты, Солтүстік Мұзды мұхит, Үнді мұхиты.
Пелагоним - теңіз не оның бөліктерінің атауы. Мысалы: Каспий теңізі,
Арал теңізі.
Пегоним - бұлақ атауы.
Топонимика нысан ерекшеліктеріне байланысты келесідей бөлінеді:
Ойконим - елді мекен атауы.
Астионим - қала атауы. Мысалы: Москва, Варшава, Прага, Вышний
Волочек.
Урбаноним - қалаішілік нысан атаулары. Мысалы: агороним - алаң
атаулары, годоним - көше атаулары, хороним, эмпороним-дүкен атаулары.
Комоним - ауылдық елді мекен атауы. Мысалы: Кеген, Нарыңқол,
Қарасу, Жекекөл.
Дромоним - кез келген байланыс жолдары, жер үсті, су, жер асты, әуе
қатынас атаулары. Мысалы: Жібек жолы, Қасқа жол.
Некроним - жерлеу орындары: зират, бейіттер мен молалардың атауы.
Мысалы: Кеңсай, Ваганьковское кладбище.
Дримоним - орман, алқап, тоғай атауы. Мысалы: Роща, Баума,
Беловежская пуща.
Инсулоним - арал атаулары.
11


«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Экклезеоним - ғұрыпты өткізу орындары мен кез келген дінге бағну
орындары монастырь, шіркеу атаулары. Мысалы: Орталық мешіт,
Никольская церковь.
Топонимдер зерттелетін географиялық нысандардың көлеміне не
мөлшеріне
қарай
макротопонимдерге,
мезотопонимдерге,
микротопонимдерге бөлінеді.
Макротопоним - ірі физикалық-географиялық объектілерінің: тау
жоталары, үлкен ойпаттар, мұхиттар, т.б. атаулары. Мысалы: Сарыарқа,
Ақжайық, Нарын, Бетпақ дала, Қызылқұм.
Мезотопоним - жеке таулар, теңіздер, т.б. атаулары.
Микротопоним (шағынтопоним) - кең қауымға беймәлім географиялық
объектілердің:көл, бұлақ, құдық, қоныс, т.б. атаулары.
Эндоним - жергілікті халықтың өзі тұратын жердегі географиялық
нысандарға берген атаулары.
Экзоним - сол жерге отарлаушылардың не сырттан келгендердің берген
атаулары.
Этнотопоним - этнонимдердің қатысымен қалыптасқан жер-су атаулары.
Мысалы: Қалмаққырған, Қоңырбұлақ, Базар, Шүршүтсу.[4]
12


«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет