Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет423/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   419   420   421   422   423   424   425   426   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
347
АСҚАЗАН КАРЦИНОМАСЫ 
Асқазан карциномасымен
сырқаттану мен өлім-жітімнің жиілігі 1981 
жылдан бастап, жалпы карциномалар арасында II орын алатын болды. Өйткені 
соңғы 50 жыл бойы дүние жүзі елдерінің көбінде асқазан карциномасымен 
сырқаттану азаюда. Бұл үрдіс КСРО-да байқалып, онда 1970—1980 жылдары ер 
адамдардың асқазан карциномасымен сырқаттануы 3,9%-ға, ал әйелдердің — 
6,9%-ға кеміген-ді. Асқазан карциномасы жасы 40—70-тер арасындағы ер 
адамдарда жиірек кездеседі. Ол жалпы карциномадан болатын өлім-жітімнің 
25%-ын қамтиды. 
Этиологиясы
. Әртүрлі канцерогенді заттардың (бензпирен, метилхолантрен, 
холестерин, т.б.) әсерінен асқазанда карцинома дамитыны экспериментте 
дәлелденген. Эксперимент 
экзогендік
канцерогендер
асқазанда, әдетте 
карциноманың 
«ішектік» 
типін 
қалыптастыратынын 
көрсетті. 
Ал 
карциноманың «диффузды» типінің дамуы әр организмнің жеке генетикалық 
ерекшеліктерімен сабақтас. Асқазанда карциноманың дамуына 
ракалдылық
үдерістердің
(карциномаға жиі ұласатын аурулар) және 
ракалдылық
өзгерістердің
(кілегейлі қабықшаның гистологиялық құрылымының «қалпынан 
таюы») ықпалы зор. Асқазанның ракалдылық үдерістеріне 
созылмалы 
атрофиялы гастрит, пернициоздық анемия
(оған атрофиялы гастрит тән), 
асқазанның
созылмалы
ойық
жарасы

асқазан
аденомасы
(аденомалы полип) 
мен 
Менетрие
ауруы
жатады. Ракалдылық үдерістің әрқайсының «қатерлілік 
қарымы» әртүрлі, бірақ олардың жиынтық әсерінің асқазанда карцинома 
дамыту мүмкіндігі жалпы популяциядағыдан 90—100% артық. Асқазанның 
ракалдылық өзгерістері тобына эштелийдің 
ішектік
метаплазиясы
және 
ауыр
дәрежелі
дисплазиясы
жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   419   420   421   422   423   424   425   426   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет