Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет420/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   416   417   418   419   420   421   422   423   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
345
198-сурет. Асқазанның созылмалы ойық жарасы:
а — ұйқы безіне жайылған (пенетрация) созылмалы 
ойық жараның жалпы бейнесі; б —асқазанның каллезді ойық жарасы (гистотопографиялық кесінді); ойық 
жараның түбі мен жиегін фиброзды тін жайлап, кардиалық жиегі ойыс, пилорустық жиегі жатаған.
 
Асқазанның созылмалы ойық жарасының 
микробейнесі
ойық жаралы 
аурудың даму кезеңіне қарай әртүрлі. 
Бәсең (ремиссия) кезеңінде
ойық 
жараның жиегін тыртық басады. Жараның жиегіндегі кілегейлі қабықша, 
қалыңдайды. Жараның түбіндегі бұлшықет зақымдалып оның орнын дәнекер 
тін жайлап, үстін кейде эпителийдің жұқа қабаты жабады. Дәнекер тіннің 
арасында қалың іргелі қан тамырлары (артериялар, веналар) көп. Жасушалар 
көбейіп немесе дәнекер тін өсіп, тамырлардың саңылауы тарылады кейде 
мүлдем бітеледі (эндоваскулит). Жүйкелік талшықтар мен ганглийлық 
жасушалар дистрофияға ұшырап, ыдырайды. Кейде тыртықтық тіннің арасында 
жүйкелік талшықтар көбейіп, ампутациялық невромаға ұқсайтын құрылымдар 
түзеді. 
Ойық жаралы ауру 
белсенді кезеңде
жараның түбі мен жиегінде аумақты 
фибриноидты
некроз
өрістейді. Өлексенің үстіне 
фибринді
-
іріңді
немесе 
іріңді
экссудат
жиналады. Некрозды аймақтың жиегін құрамында жұқа іргелі қан 
тамырлары, эозинофилдер мен басқа да жасушалар көп 
грануляциялық
тін
шектейді. Оның астында 
жуанталшықты
тыртықтық
тін 
қалыптасады. 
Жараның асқынғандығын экссудациялы-некроздық өзгерістермен қатар, 
саңылауына тромбылар түзіліп, іргесінде 
фибриноидтық
үдерістер
өрістеген 
қан
тамырлары
да көрсетеді. Жараның 
түбіндегі тыртықтық тін
де 
мукоидты
және 
фибриноидты
ісінеді
. Бұл үдерістер ойық жараның көлемін 
ұлғайтып, асқазанның барлық қабатын зақымдап, өте қауіпті асқыну 
зардаптарын өрістетуі мүмкін. Асқыну кезеңі ремиссияға ұласып, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   416   417   418   419   420   421   422   423   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет