Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет54/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   832
Нуржігіт Алтынбеков 
56
гепатоцеребральдық 
дистрофиямен 
(Вильсон-Коновалов 
ауруы) 
сырқаттанғандардың гепатоциттерінде алкогольдік гиалин (22-суретті қара) деп 
аталатын ерекше белоктан тұратын гиалин тәрізді зат – Маллори денешіктері 
пайда болады. 
Бауырдың
сыртқы пішіні
әртүрлі өзгереді. Бұл өзгерістер гиалин-тамшылы 
дистрофия дамитын ауруларға тән болады. 
Ақыры.
Гиалин–тамшылы дистрофия – организм үшін қолайсыз және 
қайтымсыз үдеріс; біраз жағдайда – жасушаны жойып жібереді. 
Дистрофияның бұл түрінің организм мен мүшелердің 
қызметіне әсері
өте 
зор. 
Бүйрек 
өзекшелерінің 
эпителийінде дамыған 
гиалин–тамшылы 
дистрофиядан зәрде белок (протеинурия) пен цилиндрлер (цилиндрурия) пайда 
болады, қан плазмасы белогын жоғалтып (гипопротеинемия), оның қалыпты 
электролит 
тепе-теңдігі 
бұзылады. 
Гепатоциттердің 
гиалин-тамшылы 
дистрофиясы – бауыр атқаратын қызметтің бірталай түрінің бұзылуына 
морфологиялық негіз. 
Гидропиялы дистрофия 
Гидропиялы,
яғни 
сулы

дистрофия
кезінде жасушаның цитоплазмасына 
сұйықтық жиналған вакуольдер пайда болады. Ол тері мен бүйрек 
өзекшелерінің эпителийінде, гепатоциттерде, бұлшықет пен жүйкелік 
жасушаларда және бүйрекүсті безі қыртысының жасушаларында жиі 
байқалады. 
Микробейнесі.
Паренхималық жасушалардың цитоплазмасында су толған 
мөлдір вакуольдер көбейіп, көлемі ұлғаяды. Жасушаның ядросы шетке ығысып, 
кейде көпіршіктенеді немесе бүріседі. Осы өзгерістер өрши келе, жасушаның 
ультрақұрылымдары ыдырап, зат алмасулық өнімдер жеткіліксіз тотығып, 
цитоплазманы су жайлайды. Су толған жасушаның цитоплазмасы ауалы баллон 
тәрізденіп, оның ядросы ішінде қалқып жүреді немесе өте ірі көпіршікке 
айналады; жасушада 
фокал колликвациялық некроз
дамиды. Бұл үдеріс 
баллонды дистрофия
деп аталады. 
Гидропиялы дистрофия мүшелер мен тіндердің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет