Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет52/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   832
Нуржігіт Алтынбеков 
54
IV. Дистрофияның ауқымына қарай: 1) жалпы және 2) жергілікті дистрофия деп 
жіктеледі.
ПАРЕНХИМАЛЫҚ ДИСТРОФИЯЛАР 
Паренхималық дистрофиялар
– заттардың алмасуы орындайтын қызметі 
жағынан жоғары специализациялы жасушаларда бұзылатын үдеріс. Сондықтан 
паренхималық дистрофия кезінде трофиканың жасушалық механизмдері басым 
болады. Паренхималық дистрофияның әр бір түрінде белгілі бір жасуша 
(гепатоцит, нефроцит, кардиомиоцит, т.б.) атқаратын арнаулы қызметті 
қамтамасыз 
ететін 
физиологиялық 
(ферменттік) 
механизмнің 
ғана 
жеткіліксіздігі байқалады. Сол себепті, әртүрлі мүшедегі (бауыр, бүйрек, жүрек, 
т.б.) дистрофияның бір түрінің даму барысына әртүрлі пато- және 
морфогенездік механизмдер қатынасады. Олай болса, паренхималық 
дистрофияның бір түрі екінші түріне ұласа алмай, бұл дистрофияның әртүрі бір-
бірімен тек қана құрмаласа дамуы мүмкін. Алмасуы өзгерген заттың түріне 
қарай, паренхималық дистрофиялар белокты (диспротеиноздар), майлы 
(липидоздар) және көмірсулы түрлерге бөлінеді. 
П
АРЕНХИМАЛЫҚ БЕЛОКТЫ ДИСТРОФИЯЛАР 
(
ДИСПРОТЕИНОЗДАР

Цитоплазмадағы белоктардың көпшілігі (қарапайымы да, күрделілері де) 
липидтермен қосылып, липопротеидтік кешендер түзеді. Бұл кешендер 
митохондриялардың, эндоплазмалық тордың, Гольджи кешенінің және басқа да 
құрылымдардың 
мембраналарының 
негізін 
құрайды. 
Цитоплазмада 
қосылыстағы белоктардан басқа бос белоктар да болады. Соңғы топтағы 
белоктардың бірсыпырасы ферменттік қызмет атқарады.
Паренхималық дистрофиялардың мәні – жасушаның денатурациялы, 
коагуляциялы немесе, керісінше, цитоплазманы гидратациялы колликвацияға 
ұшыраған 
белоктарының 
физикалық-химиялық 
және 
морфологиялық 
қасиеттерінің өзгеруінде. Осындай белоктардың липидтермен байланысы 
бұзылғанда, жасушаның мембраналық құрылымдары қирайды. Осы 
өзгерістердің ақырында коагуляциялы (құрғақ) немесе колликациялы (ылғал) 
некроз дамуы мүмкін (І тәсім).
Паренхималық диспротеиноздар тобына 
гиалин-тамшылы, гидропиялы
және 
қасаңды дистрофиялар
жатады. 
Кезінде Р.Вирхов және басқа да көптеген патологтар паренхималық белокты 
дистрофияларға түйіршікті дистрофия деп аталатын дистрофияны да жатқызған. Бұл 
дистрофия кезінде цитоплазмада белоктық түйіршіктер пайда болады деп есептеген. 
Түйіршікті дистрофия дамыған мүше ұлғайып, жұмсарып, тіні ісініп, кесіндісі көмескі 
реңді болатындықтан, оны көмескі ісінуі деп атаған. Кейін «түйіршікті дистрофияны» 
электрондық микроскоппен және гистоферментхимиялық әдістерді қолданып 
зерттегенде паренхималық мүшелердің түрлі әсерге қарқынды жауабы кезінде 
жасушаларының ультрақұрылымдары көбейіп, жарық микроскопында белок 
гранулалары тәрізді болатыны анықталған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет