Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет51/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   832
Нуржігіт Алтынбеков 
53
Трансформация
белоктарды, майларды және көмірсуларды түзуге 
жұмсалатын ортақ өнімдерден зат алмасудың белгілі бір түріне тән өнімнің 
түзілуі. Майлар мен көмірсулардың белоктарға трансформациясы, глюкозаның 
гликогенге полимерленуі, ж.б. осы механизмге мысал бола алады. 
Дистрофиялардың негізгі морфогенездік механизмдері – инфильтрация мен 
декомпозиция, бір-біріне жиі ұласатын стадиялар да болып табылады. 
Дегенмен, кейбір мүшелер мен тіндерде олардың құрылыстық-қызметтік 
ерекшеліктеріне байланысты, морфогенездік механизмдердің белгілі-бір түрі 
басым болады (мысалы, бүйрек өзекшелерінің эпителийінде – инфильтрация, 
миокард жасушаларында – декомпозиция), сондықтан дистрофияларға 
ортологиялық
(грекше: 
orthos
– тікелей, типтік) қасиеті тән деп айтуға болады. 
Морфологиялық 
ерекшеліктері. 
Дистрофияның 
морфологиялық 
ерекшелігін әртүрлі – ультрақұрылымдық, жасушалық, тіндік, мүшелік – 
деңгейлерде зерттегенде, олар мәні бір текті көрініс бермейді. 
Дистрофияның 
ультрақұрылымдық морфологиясында
өзіндік ерекшелік болмайды. Дегенмен, 
дистрофияның бірде бір түрін, енді бірде – басқа түрін сипаттайтын 
заталмасулық өнім байқалатындықтан (липидтер, гликоген, ферритин), 
ультрақұрылымдық өзгерістер бар деуге де болады. Бұл әртүрлі мүшелер мен 
тіндер жасушалары органеллаларында түрлі әсерлерден дамыған өзгерістерінің 
біртекті болатынымен байланысты. Сонда да, бұл өзгерістердің даму дәрежесі 
бір жасушада, әсіресе көршілес жайғасқан жасушаларда бірдей болмайды. 
Сөйтіп, осы айтылғаннан, әртүрлі дистрофияларда дамитын ультрақұрылымдық 
өзгерістердің ортақтығы мен әртүрлігі өзінен өзі түсінікті деген тұжырым 
туындайды. 
Дистрофияға тән морфологияны, көбінесе, 
жасушалық
және 
тіндік
деңгейлердің
өзінен-ақ көруге болады, әйтсе де, дистрофияның зат алмасуының 
белгілі бір түрінің бұзылуымен байламдылығын дәлелдеу үшін гистохимиялық 
тәсілдерді қолдану қажет. Зат алмасуы бұзылуынан пайда болған өнімнің 
сапасын анықтап алмай тіндік дистрофияны верификациялауға, яғни оны 
белокты, майлы, көмірсулы деп дистрофияның нақты бір түріне жатқызуға 
болмайды. Дистрофиядан мүшелерде дамыған өзгерістер бірде айқын көрініп
енді бірде мүлде білінбейді; олардың өзіндік ерекшелігін микроскоппен 
зерттеп қана анықтауға болады. Бір қатар жағдайда дистрофиялық өзгерістерді 
жүйелік сипаттағы өзгерістер деп атауға болады (мысалы: жүйелік гемосидероз, 
жүйелік мезенхималық амилоидоз, жүйелік липоидоз). 
Дистрофияның классификациясы бірнеше қағидатқа негізделіп: 
І. Морфологиялық өзгерістердің паренхиманы, строманы немесе қан 
тамырларының арнайы элементтерін басым қамтуына қарай: 1) паренхималық; 
2) мезенхималық; 3) аралас; 
ІІ. Алмасуы басым өзгерген затына қарай: 1) белокты; 2) майлы; 3) көмірсулы; 4) 
минералды; 
ІІІ. Генетикалық факторлардың әсеріне сәйкес: 1) жүре болатын; 2) 
тұқымқуалайтын; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет