Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет77/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   832
 
Амилоид 
бүйректің
қан тамырларының қабырғасына, шумақтардың 
капиллярлық иірімдері мен мезангийіне, өзекшелердің базал мембранасына 
және стромаға жиналады. Бүйрек ұлғайып, қатайып, «майлы» болады. Үдеріс 
үдей келе, бүйректің шумақтары мен пирамидаларын толық жайлап, дәнекер тін 
өсіп, бүйрек бүріседі (амилоидтық бүрісу). 
Амилоид 
бауырдың
синусоидтарындағы 
жұлдызша 
ретикулалық 
эндотелиоциттердің арасына, бөлікшелердің ретикулалық стромасының өне 
бойына, қан тамырларның қабырғасына, қақпалық жолдың өзекшелері мен 
дәнекер тініне шөгеді. Амилоид көбейе келе, бауыр жасушалары семіп, 
жойылады; бауырдың өзі ұлғайып, қатайып, «майланады». 
Амилоид 
ішектің
кілегейлі қабықшасының ретикулалық стромасының өне 
бойын, кілегейлі қабықша мен оның астындағы қабақшадағы қан 
тамырларының қабырғасын қамтиды. Амилоидоз тым айқын дамыған ішектің 
бездік құрылымдары семеді. 
Бүйрекүсті безінің
амилоидозы, әдетте қос безді де қамтып, амилоид 
шөгінділері қыртыстық заттың қан тамырлары мен капиллярларына жиналады. 
Жүректегі
амилоид эндокардтың астынан, миокардтың стромасы мен қан 
тамырларынан, эндокардтағы веналардың өне бойынан табылады (35-суретті 
қара). Амилоид шөккен жүрек күрт ұлғайып (амилоидтық кардиомегалия), өте 
қатаяды, миокардтың реңі майлы болады. 
Қаңқалық
бұлшықеттерде
де амилоид, миокардтағыдай, бұлшықеттің 
арасындағы дәнекер тіннің өне бойына, қан тамырларының қабырғасына және 
жүйкелік сабақтарына шөгеді. Кейде қан тамырлары мен жүйкелік сабақтардың 
төңірегінде айтарлықтай ірі-ірі амилоид шөгінділері қалыптасады. Бұлшықеттер 
қатты, көмескі болады. 
Өкпеде
амилоид шөгінділері ең алдымен өкпелік артериялар мен веналар 
тарамдарының қабырғаларына жиналып, бронхылар айналасындағы дәнекер 
тінді де жайлап, кейін альвеолалық перделерде пайда болады (35-суретті қара). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет