Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет822/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   818   819   820   821   822   823   824   825   ...   832
БЕЗДЕРДІҢ КИСТАЛАРЫ 
Киста
көбіне кіші сілекей бездерінде дамиды. Оған түрлі жарақат немесе без 
өзекшесінің қабынғаннан кейін шорланып, бітелуі себеп болады. Сондықтан 
сілекей безіндегі кисталарды даму тегі тұрғысынан, 
ретенциялық
топқа 
жатқызған жөн. Кисталардың көлемі әртүрлі. Ішіне мукоидты зат жиналған 
киста 
мукоцеле
деп аталады. 
ІСІКТЕР 
Сілекей безінің ісіктері
адамда дамитын ісіктердің 6%-на жуығын, ал 
стоматологиялық онкология саласында кездесетін ісіктердің басым бөлігін 
қамтиды. Олар шықшыттағы, жақ пен тілдің астындағы ірі бездерден және ауыз 
қуысы мен таңдайдағы, жұтқыншақтың ауыз тұсы мен ауыздың түбіндегі, тіл 
мен еріндегі кіші бездерден де өнеді. Көбіне эпителийден туындайды. 
Халықаралық классификацияда сілекей безінің эпителийлік ісіктері мына 
нысандарға бөлінген: І. Аденомалар: плеоморфты; мономорфты (оксифилді; 


Нуржігіт Алтынбеков 
644
аденолимфома, т.б. типтер). ІІ. Мукоэпидермоидтық ісік. ІІІ. Ациножасушалы 
ісік. ІV. Карциномалар: аденокисталы, аденокарцинома, эпидермоидтық, 
толыспаған, полиморфты аденомадағы карцинома (қатерлі аралас ісік). 
Плеоморфты аденома
– сілекей бездерінде дамитын ісіктердің ең жиісі; 
олардың 50%-дан астамын қамтиды. Бұл ісіктің 90%-ға жуығы шықшыт безінде 
дамиды. Көбіне 40-тан асқандарда кездескенмен, адамның кез келген шағында 
ұшырасады. Әйелдер ер адамдардан 2 есе жиі ауырады. Плеоморфты аденома 
өте баяу өседі (10-15 жыл). Ісік жұмыр немесе сопақша бітімді түйін құрайды; 
диаметрі 5-6 см жетіп, тіні бұдырлау, тығыз немесе серпімді келіп, қабықпен 
шектеледі. Кесіндісі ақшылдау, жалқаяқты, ұсақ кисталы болады. 
Гистологиялық 
құрамы әр алуан, сондықтан да ол плеоморфты деп аталған. 
Құрамындағы эпителийлік құрылымдар өзекшелер мен солидты (тығыз) 
алаңдар, бірен-саран ұяшықтар мен бір-бірімен жалғасқан тізбектер түзеді. 
Оның құрамында сопақша және полигоналды жасушалар мен текше тәрізді 
және кейбіреуі цилиндр пішінді жасушалар болады. Олардың арасына 
цитоплазмасы ашық түсті, пішіні ұршық тәрізді, ұзынша келген миоэпителийлік 
жасушалар шоғырланады. Миоэпителийлік жасушалар ісік жасушаларына 
айналып, мукоидты, миксоидты және хондроидты заттар түзеді (362-сурет). 
Олар да эпителийлік құрылымдардың арасына жиналады. Кейде ісіктің 
стромасын гиалиноз шарпып, эпителийлік аймақтары қасаңданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   818   819   820   821   822   823   824   825   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет