Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет825/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   821   822   823   824   825   826   827   828   ...   832
ІСІКТӘРІЗДІ АУРУЛАР 
Сілекей безінің ісіктәрізді ауруларына
сілекей бездерінің лимфоэпителийлік 
зақымдары, сиалоз бен онкоцитоз жатады; көбіне ересектерде дамып, сирек 
кездеседі. 


Нуржігіт Алтынбеков 
646
Еріннің, тілдің, ауыз қуысының жұмсақ тіндерінің 
аурулары 
Бұл аурулардың даму тегі әр қилы: кейбіреуі тума болса, енді біреуі жүре 
пайда болады. Соңғы топқа жататын аурулардың біразы тума кемістіктен 
өрістейді Бұл аурулар тобы дистрофия, қабыну, ісік үдерісіне негізделеді. 
Бұл топқа хейлит, глоссит, стоматит, ісікалдылық үдерістер мен ісіктер 
жатады. 
ХЕЙЛИТ 
Хейлит 
– еріннің қабынуы. Көбінесе астыңғы ерін қабынады. Хейлит кейде 
дербес дамып, енді бірде онымен қоса тіл мен ауыз қуысының шырышты 
қабықшасы да қабынады. 
Ағымына
қарай, ол жедел, созылмалы және асқынған 
созылмалы хейлитке жіктеледі. Оның мынадай 
клиника
-
морфологиялық
нысандары
бар: эксфолияциялы, гландулалы, контактілік, метеорологиялық, 
актиниттік және Манганотти хейлиті. 
Эксфолияциялы хейлит
қызыл ерінді ғана қамтып, эпителий сыдырылады. 
Әдетте, созылмалы ағымды. 
Жедел экссудатты үдеріс
қосарланса, еріннің 
тамырларын қан кернеп, тіні сулы ісініп, үсті қабыршықтанады. 
Гландулалы
хейлит
гетеротопиялы кіші бездерге немесе тума қалың ерінге инфекция әсер 
еткенде дамиды. 
Контактілік (аллергиялық) хейлит
түрлі заттар аллерген 
ретінде тікелей қызыл ерінге әсер еткенде өрістейді. Ол – гиперсезімталдықтың 
жедел типіне негізделген иммундық қабыну («
Иммун-патологиялық 
үдерістерді»
қара). Метеорологиялық және актиниттік хейлит – суықтың, 
жоғары ылғалдылықтың, желдің немесе ультракүлгін сәуленің әсерінен 
туындайтын қабыну үдерісі. 
Манганотти хейлитінің
ерекше көңіл қоярлықтай 
мәні бар. Ол көбіне жасы 50-ден асқан ер адамдарда дамып, астыңғы ерінді 
зақымдайды. Ерін тым қызарып, оның орта тұсында эрозиялар мен қанды 
қабыршық пайда болады. Сол себепті, Манганотти хейлитін 
абразиялы
хейлит 
деп те атайды. Ол – ракалдылық үдеріс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   821   822   823   824   825   826   827   828   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет