Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет824/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   820   821   822   823   824   825   826   827   ...   832
Нуржігіт Алтынбеков 
645
жалқаяқты қуыстардың ішкі бетін астарлайды. Эпителийі қасаңданбағанмен
стромасы көп болады. Кейде ісіктің құрамына ұсақ және қоңыр түсті өтпелі 
типті жасушалар араласып, олар түрлі бағытта толысады, ашық түсті 
жасушалар шоғыры да ұшырасады. Егер өтпелі типті жасушалар басым болып, 
жалқаяқ түзілмесе, ісіктің толысу деңгейі төмен болғаны. Ондай ісік инвазиялы 
өсіп, метастаз жаюы да мүмкін. Ядросы гиперхромды, пішіні полиморфты, 
атипиялы жасушалар бұл ісіктің құрамына сирек кіреді. Дегенмен, кейбір 
зерттеушілер ісікті 
мукоэпидермоидтық карцинома
деп те атайды. 
Ациножасушалы (ацинус-жасушалы) ісік
сирек кездеседі. Ол жас шамасы 
әртүрлі адамдарда және әр жерде дами береді. Ісіктің құрамындағы жасушалар 
сілекей безіндегі ацинцустық жасушаларға ұқсайды, сол себепті бұл ісік 
ациножасушалы деп аталған. Ациножасушалы ісіктер көбіне қабықпен 
шектеліп өскенмен, кейде инвазиялы. Әдетте, солидты құрылымдар түзеді. 
Қатерлі ісіктің морфологиялық нышандары болмағанмен, оның метастаз жаю 
қабілеті бар. 
Сілекей безінің карциномалары
біртекті емес. 
Аденокисталы карцинома 
жиірек байқалады. Ол сілекей бездерінде қалыптаса алады, бірақ көбіне 
таңдайдың жұмсақ және қатты бөліміндегі кіші сілекей бездерде туындайды. 
Әдетте, 40-60 жастағы ер адамдар мен әйелдерде кездеседі. Ісік бозғылт түсті, 
кішірек, қатты түйін түзіп, айқын шектелмейді. Оның өзіндік 
гистологиялық
бейнесі бар – құрамындағы текше тәрізді, ұсақ жасушалардың ядросы 
гиперхромды. Бұл жасушалар альвеолалар мен бір-бірімен жалғас тізбектер, 
шоғырлар және осы ісікке тән торлы (криброзды) құрылымдар 
қалыптастырады. Жасушалардың арасына базофилді немесе оксифилді зат 
жиналып, бағандар мен цилиндрлер түзеді, сол себепті бұл ісік бұрын 
цилиндрома
деп аталатын-ды. Ісік инвазиялы өсіп, өзіне тән жолмен, яғни 
жүйкелік сабақтарды қуалап жайылады; көбіне гематогендік жолмен өкпеге 
және сүйектерге метастаз шашады. 
Карциноманың басқа түрлері сілекей бездерінде сиректеу дамиды. Олардың 
гистологиялық варианттары әртүрлі және басқа мүшелерде дамитын 
аденокарциномаға ұқсас болады. Карциноманың толыспаған нысаны дамыса, 
тез өсіп, метастаздарын лимфогендік және гематогендік жолмен шашады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   820   821   822   823   824   825   826   827   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет